«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені


АӨК қолдау бойынша  мемлекеттік шаралар  жүйесі



бет27/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
3. АӨК қолдау бойынша  мемлекеттік шаралар  жүйесі

   Аграрлық  сектордың рыноктық таруашылығына  басқа секторларда қалыптасқан, негізінен кеңейтілген ұдайы өндірісті демеу қаржыландыруды қарастыратын, мемлекеттік қолдампаздық; салыктық және кредиттік реттеу мемлекеттік реттеудің қағидалары тән.

   Агроөнеркәсіптік  өндірісті мемлекеттік реттеу келесі бағытта жүргізілуі тиісті:


  • мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін ынталандыру;

  • қаржыландыру, кредиттеу, сақтандыру және салық салу;

  • ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы ғылыми не- 
    гізделген баламалы қатынастарды орнату;

  • ғылыми-техникалық бағдарламалардың жетістігін кеңінен 
    ендіру үшін жағдай жасау, ауылда ауыл шаруашылығы 
    ғылымы мен әлеуметтік аяны дамыту;

  • сыртқы  экономикалық қызметті  жүзеге   асыру  кезінде, 
    отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғау.

   Республикада  мемлекеттік қолдау шаралары жалпы  сипаттағы шараларға және арнаулы шараларға бөлінеді.

   Жалпы сипаттагы шараларбұлар диагностиканың, мониторингтің және өсімдіктер мен жануарлардың ерекше қауіпті ауруларына қарсы күрес; зертханалық және карантиндік өнімдерді фитосанитарлық талдау; ауыл шаруашылығы дақылдарын сұрыптық сынақтан өткізу; суландыратын жердің мелиоративтік жағдайын бағалауды; астықтың мемлекеттік резервін сақтау; элиталық тұқым шаруашылығы мен асыл тұқым ісін сақтау мен дамыту; минералдық тыңайтқыштарды алу; агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық жүйесін дамытуға; қолданбалы ғылыми зерттеулерді өткізуді мемлекеттің қаржыландыруы.

   Жалпы шараларға сол сияқты ауыл шаруашылығы  тауарларын өндірушілерге жеңілдетілген ( заңды тұлға үшін патент және шаруа қожалығы үшін бірыңғай жер салығы) салық салуды жатқызуға болады.

   Арнаулы шаралар нақты салалар мен өндірісті қолдауға бағытталған. Олар ережедегідей, құндық (жаза) сипатта болады және ры ноктың тұрақты шаруашылық жүргізуші субъектісіне арналған.

   Арнаулы шараларға жататындары: мемлекеттік  ресурстарға астық сатып алу; ауыл шаруашылығы техникасы лизингісін кредиттеу; көктемгі-далалық жұмыстар мен жинау жұмыстарын өткізу үшін жергілікті бюджетті кредиттеу; ауылдық кредиттік серіктестіктер жүйесін кредиттеу; экспорттық-импорттық тәртіпті реттеу кезіндегі тарифтік саясат.

   Сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңдікті, ауылдың  құрылымдық және әлеуметтік қайта құрылуын қолдауға бағытталған мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық  және әкімшілік болып бөлінеді.

   Экономикалық  әдістерге ұсыныстың тұрақтылығын және тұрғындардың азық-түлік және басқа да тауарларға төлем төлеуге қабілетті сұранысын қамтамасыз ететін, сәйкесті баға деңгейі мен баға теңдігін қолдау жатады.

   Бағаның мемлекеттік реттеу сызбасы, бағаның  жоғарғы және төменгі шегін және мемлекет қолдауға тиісті, шартты бағаларды  бекітуге саяды.

Қаржылық  қолдау шараларының арасында демеу қаржы мен өтемақы, жеңілдетілген кредиттеу және салық салу, шетелдік бәсекелестердің жаппай басып кіруінен қорғау, кредиттерді мемлекеттік кепілдендіру, азық-түліктерді сатып алу болуы мүмкін.

   Мемлекет  өндіріс келемін жоспарлауды  тікелей енгізу тәрізді бағалық тетіктер қызметін рыноктық емес тетіктермен түзетуді қолдануы мүмкін.

Тәжірибеде  оның екі түрі қолданылады:


  • осы дақылдарды себуді шектеу және сәйкесті өтемақы 
    төлеп, жерді себу айналымынан шығару;

  • өндіріс көлемінің тікелей үлестелуін енгізу және өнімдерді 
    өткізу.

   Жалпы сипаттағы шаралар ауыл шаруашылығының шектелген көлемін қамтиды. Тұтастай алғанда, саланы мемлекеттік қолдау деңгейі төмен. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын республикалық бюджеттен қолдау шығындары ЖІӨ-нің 0,7 пайызын құрайды, Ресейдің осындай көрсеткіші 1 пайызға, ал ЕО елдерінде ол 25 пайыздан 30 пайызға дейін тең. Республикалық бюджеттен бір ауыл шаруашылығы нысанына бөлінетін мемлекеттік қолдаудың сомасын есептегенде, 1200 долларды, ал АҚШ-та - 45000 долларды құрайды. Салыстырмалы талдау Қазақстандағы 1 га егістік жерге демеу қаржы көлемі 7,5 доллар болса, Канадамен салыстырғанда 10 есе (83 долл.), ЕО елдерінен-115 есе (855 долл.), Швейцариямен салыстырғанда - 570 есе төмен екенін көрсетеді.

   АҚШ-та ауыл шаруашылығының 30 пайызына, Германияда -50 пайызына, Жапонияда - 75 пайызына демеу  қаржы бөлінеді.

   Соңғы жылдары осы салада мемлекеттік  саясаттың оңды беталысы байқалды. Президенттің Қазақстан халқына «2030-жылға дейінгі ішкі және сыртқы саясатгың негізгі бағыттары туралы» жолдауында (Астана, сәуір, 2002 ж.) негізгі тақырып ауыл, ауыл шаруашылығын, оның ішінде азық-түлік рыногын дамыту болды. Жолдауға сәйкес, Қазақстан Республикасының 2003-2005 жж. Мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасы қабылданды.

   Бағдарламаның паспортында оның мақсаты, міндеттері және басымдылығы көрсетілген.

   Мақсаты - агроөнеркәсіптік кешенінің тиімді жүйесін қалыптастыру және бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығару негізінде Қазақстанның азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

   Бағдарламаның мақсатына жету үшін келесі басым  міндеттерді шешу қарастырылады:



  • елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • агробизнестің тиімді жүйесін қамтамасыз ету;

  • ауыл шаруашылығы өнімдері мен ішкі және сыртқы рыноктағы  оның қайта  өңделген  өнімдерін  сату  көлемін ұлғайту;

  • ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың ұтымды шаралары.

   Экономиканың  басқа салаларына қарағанда, агроазық-түліктік саясат осыны талап ететіндей, агроөнеркәсіптік кешеннің қызмет ету ерекшелігі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік қолдау маңызды рөл атқаруы тиіс.

   2005 жылдың аяғында елдің агроазық-түліктік  кешенінде бәсекелестікке қабілетті енімдерді өндірудің негізі қаланды, азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақты жүйесінің тетіктері әзірленді, өндіріс пен өткізудің теңдестірілген рыногы қалыптасты, экспорттық мүмкіндіктер кеңейтілді.

   Тұтастай  алғанда, ағымдағы жағдай мен күтілген нәтижелер критерийлердің келесі топтары бойынша бағаланады:


  1. Тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету; қамтамасыз ету жүйесіні тұрақты деңгейі.

  2. Ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өндеуді тиімді дамыту.

  3. Агроазық-түліктік кешенді мемлекеттік реттеу деңгейі. 
    Критерийлердің үшінші тобы заңдар базасына сәйкес, агроөнеркәсіптік  сектордағы рынокты өндірістің тұтынуын; тауарларға және ауыл шаруашылығы бағытындағы қызметтердің кедендік-тарифтік және салықтық тәртібін; ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді және тамақ өнімдерін мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүйесін; ауыл шаруашылығы өнімдері мен тамақ өнімдерін өндіруді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін біріктіреді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет