«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені


  Қазақстан Республикасының  агроазық түліктік  кешенінің дамуы



бет26/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
2.  Қазақстан Республикасының  агроазық түліктік  кешенінің дамуы.

   Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені өзінің даму үдерісінде басқа салалар тәрізді, экономикалық дағдарыстан шыға алмады. Қазақстанда ауыл шаруашылығының дағдарысы Кеңестер одағының АӨК-де сексенінші жылдары басталды. Осы уақыт ауыл шаруашылығы өндірісін толық тоқыраушылыққа әкелген және Кеңестер Одағының азық-түлік импортына, негізінен астыққа тәуелділігін көбейтіп, АӨК-нің құрылымдық дағдарыс кезеңі ретінде белгілі болды.

   Егістік жерлерді сауатсыз пайдалану оның өнімділігін  төмендетіп, 70-жылдары аумақтың бірқатар жерлерінің батпақтануы мен бұлінушілігіне әкелді. Арал теңізі су ресурстарын ұтымсыз пайдаланудың мысалы бола алады.

   Республикадағы  жер өңдеудің тәуекелді аймағы аграрлық секторға елеулі салымды қажет етеді.

   Әлеуметтік  инфрақұрылымның артта қалуы, жастардың, көбірек білімді және еңбекке қабілетті тұрғындардың ауылдан көшуі, еңбектің техникалық қарулануының төмендігі аграрлық секторды елеусіз экономика секторына айналдырды.

   Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап, басқа кеңестік мемлекеттер тәрізді, экономиканы модернизациялауға және халық шаруашылығының барлық секторын реформалауға көшті. Бұл уақыт меншіктің және АӨК-тегі бизнес калыптасуының жаңа нысанын сипаттайтын ауыл шаруашылығының даму сатысының қалыптасу кезеңі болды.

   Аграрлық  реформаны жүзеге асыру барысында  меншіктің көп жақтылығына негізделген жаңа құрылым жасалды. Ауылшаруашылығы және өңдеуші кәсіпорындардың көпшілік бөлігі жаңа ұйымдастыру нысанында ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі өндіруші болып табылатын акционерлік қоғамдар және серік-тестіктер, өндірістік кооперативтер, шаруа қожалықтары, мемлекеттік кәсіпорындар болып қайта құрылды.

   Алайда, кез келген түбегейлі қайта құру мемлекет экономикасы үшін ауыртпалықсыз өтпейді. Көп жылғы аймақаралық және салааралық шаруашылық байланыстарды бұзу ауыл шаруашылығын дағдарысқа тіреді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің құлдырауының себептері ауыл шаруашылығының аумақтық және салалық ерекшеліктерін ескермей, жеделдетіліп, ойластырылмай жасалған жекешелендіру болды.

   Ауыл  шаруашылығы салаларындағы реформаларды талдау көп укладты экономиканың дамуы мен қалыптасуы бірнеше сатыда жүргізілгенін және қазір бұл сала тұрақтану кезеңінен өсу кезеңінде екенін көрсетті.

   Ауыл  шаруашылығын реформалаудың келесі негізгі сатыларын бөліп көрсетуге  болады:

 

   Бірінші — қалыптасу кезеңі (1990-1994 жж.) ,     



   Екінші - «секірісті даму» кезеңі (1995-1999 жж.),

     Үшінші - тұрақтану кезеңі (2000-2001 жж.)

Төртінші - өсу кезеңі (2002 жылдан бастап). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет