Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз ету
119. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші Заңның 35-5-бабына сәйкес енгізеді.
120. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді банк кепілдігі түрінде енгізуді қамтамасыз еткен жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға аукционға қатысуға өтінім ұсынудың соңғы мерзіміне дейін аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
121. Егер әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдендірілген ақшалай жарна түрінде аукционға қатысу өтінімді қамтамасыз еткен жағдайда, ол кепілдендірілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде беріледі.
122. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуды қамтамасыз етуді енгізген жағдайда осы Қағидалардың 120-тармағына сәйкес ұйымдастырушы аукционға қатысуға осындай қамтамасыз етуді алған фактіні банктік кепілдіктерді тіркеу журналына тіркейді.
Ұйымдастырушы банктік кепілдіктерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы мен өткізілетін мерзімі;
2) ұйымдастырушының толық атауы;
3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты-жөні;
4) банктік кепілдікті тіркеу күні мен уақыты.
Банктік кепілдіктерді тіркеу журналы тігілуі, парақтарына нөмірлер қойылуы тиіс және конкурстық комиссияның хатшысы бұрыштама қоюы тиіс. Банктік кепілдіктерді тіркеу журналының соңғы парағы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілуі тиіс.
Бір қаржы жылы ішінде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді аукцион тәсілімен барлық мемлекеттік сатып алу бойынша банктік кепілдіктерді тіркеудің бірыңғай журналын өткізуге рұқсат беріледі.
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу
Аукционға қатысуға арналған өтінімдердің бірінші бөлігін ашу және қарау, аукционға қатысуға рұқсат беру
123. Аукциондық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен аукционға қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімінің күні мен уақыты келген сәттен бастап, құпиялықты сақтамастан, аукциондық комиссияның хатшысына аукционда қатысуға өтінімдерінің бірінші бөлігін ашуға:
өтінімді қамтамасыз етуді;
қағаз түріндегі сенімхаттың электрондық көшірмесін ашуға мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде рұқсат береді.
124. Аукциондық комиссияның өтінімді қамтамасыз ету мен қағаз түріндегі сенімхаттың электрондық көшірмесін олардың аукциондық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарауы және анықтауы.
125. Аукциондық комиссия мынадай:
1) аукционға қатысуға өтінімді банктік кепілдік түрінде ұсынылған қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
2) аукциондық комиссияға:
аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы;
аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шартын;
аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
пайдасына аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
3) аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді аукционға бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген;
4) аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді және (немесе) қағаз түріндегі сенімхаттың электрондық көшірмесін аукциондық құжаттама мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаған жағдайда өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған өтінімді қамтамасыз етуді және/немесе қағаз түріндегі сенімхаттың электрондық көшірмесін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
126. Аукциондық комиссия өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған өтінімді қамтамасыз ету мен қағаз түріндегі сенімхаттың электрондық көшірмесінің аукциондық құжаттамаға сәйкестігі туралы шешім қабылдау қорытындылары бойынша аукциондық комиссияның хатшысына құпиялылық сақтай отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшеліктерін ашуға рұқсатты автоматты түрде береді.
127. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей аукциондық комиссияның хатшысы оларды тартқан жағдайда сарапшыға (сараптау комиссиясына) осы Қағидалардың 126-тармағында көрсетілген әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.
128. Сарапшы не сараптау комиссиясы төраға белгілеген мерзімде, бірақ аукционға қатысу өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:
1) өз құзыретінің шегінде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігін растау үшін олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуі тұрғысынан қарайды және зерделейді;
2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді және оған қол қояды;
3) тиісінше ресімделген сараптама қорытындысын аукциондық комиссия хатшысына береді.
129. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пікірін білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.
130. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейін аукциондық комиссия хабарламаларды аукциондық комиссия төрағасына және мүшелеріне автоматты түрде тарата отырып, веб-порталда сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жариялайды.
Аукциондық комиссия сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып, өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшеліктерін қарастырады.
131. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтінімдерінің бірінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімдердің бірінші бөлігінің мәнін қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса да, оны аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
132. Аукциондық комиссия мынадай:
1) аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді аукционға бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген;
2) аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
3) аукциондық комиссияға:
аукционға қатысуға өтінімді берген тұлғаны;
оған қатысу үшін аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін аукционның атауы;
аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шартын;
аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
пайдасына аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрінетін аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
4) егер аукцион мәні тауар болып табылатын болса, техникалық ерекшеліктердің ұсынылмауы;
5) әлеуетті өнім берушінің неғұрлым үздік техникалық сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелікті беру, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) егер аукцион мәні тауар болып табылатын болса жұмыстардың үздік материалдардан орындалуы жағдайларын қоспағанда, аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті беруі жағдайларында өтінімнің бірінші бөлігін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес деп таниды.
133. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің бірінші бөлігін қарайды және мемлекеттік сатып алу кезінде аукционға қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуына рұқсат беру (аукцион қатысушылары деп таниды) туралы шешімді қабылдайды.
Егер аукцион мәні тауар, көрсетілетін қызмет болып табылатын болса, онда аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімнің бірінші бөлігін қарайды және аукционға қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуына рұқсат беру (аукцион қатысушылары деп таниды) туралы шешімді қабылдайды.
134. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және хатшы оны веб-порталда автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні жариялайды.
Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға олар болған кезде аукциондық комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі қоса беріледі.
135. Аукционға қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайда осы Қағидаларға сәйкес, аукционға қатысуға өтінімнің екі бөлігі де ашылады және қаралады.
Аукционды өткізу
136. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылатыны туралы хабарламада көрсетілген күні және мерзімде өткізіледі.
Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға өтінімдерді қарау мерзімі аяқталатын күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі келесі жұмыс күні болып табылады.
Аукцион басталатын уақыт жұмыс уақытында белгіленеді және Астана уақыты бойынша сағат 18-00-ден кеш болуы мүмкін емес.
137. Аукционда аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер қатысады.
138. Аукцион өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бөлінген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргізіледі.
Аукцион адымы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бөлінген соманың жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайды.
139. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ұсыныстар береді, ол баға туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендетуді көздейді.
140. Аукционды өткізу кезінде аукционның кез келген қатысушысы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмауы шартымен, аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бөлінген сомадан төмендетілген, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.
141. Егер аукционның осы қатысушысы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға қатысушының аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ұсыныс беруге құқығы жоқ.
142. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің неғұрлым төмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
143. Егер өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бағасына тең бағасы ұсынылса, аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келіп түскен ұсыныс үздік болып танылады.
144. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, осы Қағидалардың 139-тармағына сәйкес, аукцион өтпеді деп танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукцион тәсілімен қайталама мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
145. Аукционды өткізудің нәтижелері туралы хаттама аукционды өткізу аяқталған күні автоматты түрде қалыптастырылады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.
Аукционға қатысуға арналған өтінімдердің екінші бөлігін қарау және аукцион жеңімпазын айқындау
146. Аукциондық комиссияға аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерінің екінші бөлігін қарауға рұқсатты, осы Қағидалардың 144-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы аукцион аяқталған және аукцион қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күні автоматты түрде береді.
147. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмейтін мерзімде қарайды және аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
148. Аукциондық комиссия:
1) әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерінің екінші бөлігін құрайтын құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуін қарайды;
2) құжаттардың толық тізбесін бермеген және (немесе) тиісінше ресімделмеген құжаттарды берген әлеуетті өнім берушілерді анықтайды;
3) аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратады;
4) аукционға қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында сұратып алады.
Аукциондық комиссияның сұрауларына және аукционға қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді. Аукционға қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға өтінімде берілген құжаттарды ауыстыруға, ресімделген құжаттарды тиісінше түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған аукциондық комиссияның іс-әрекеттері аукционға қатысуға өтінімді аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру деп түсіндіріледі;
5) аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды не Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпеді деп таниды.
Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына олардың банкроттық рәсіміне қатысы болмауы бөлігінде сәйкес келуін нақтылау мақсатында аукциондық комиссия банкроттық рәсімдердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
149. Заңды тұлға болып табылатын аукционға қатысушы:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері немесе бірлесіп орындаушысы мынадай: мемлекеттік және (немесе) орыс тіл(дер)іне аудармасымен заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының не сауда-саттық тіркелімінен жария етілген үзінді көшірменің электрондық көшірмесін бермеу;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан үзіндінің электрондық көшірмесін (егер жарғы құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтымаған жағдайда) не аукцион хабары күніне дейінгі бір айдан кешіктірілмей берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен көшірме бермеу;
аукцион хабары күнінен кешіктірілмей берілген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;
тиісті салық органының үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не аукцион жарияланған күннен кейін берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің бар екендігі туралы белгіленген нысандағы анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу;
тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам бір теңге және одан көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәліметтердің болуы;
әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
аукционның сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 8-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) үштен екіден астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруі;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісінің анықталуы негіздемелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтінімнің екінші бөлігін қарау кезінде кері қайтарылады.
150. Жеке тұлға болып табылатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім беруші, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері немесе бірлесіп орындаушысы мынадай:
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу;
аукцион хабары күнінен кешіктірілмей берілген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;
тиісті салық органының үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не аукцион жарияланған күннен кейін берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің бар екендігі туралы белгіленген нысандағы анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу;
тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам бір теңге және одан көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәліметтердің болуы;
аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді бермеу;
әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісінің анықталуы негіздемелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтінімнің екінші бөлігін қарау кезінде кері қайтарылады.
151. Аукциондық комиссияның аукционға қатысу өтінімінің екінші бөлігін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұрау салу жіберуіне және өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді.
152. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімдердің екінші бөлігінің мәнін қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
153. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды не Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпеді деп таниды.
154. Аукционның қорытындылары туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды және аукциондық комиссияның хатшысы веб-порталда аукционның қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күні электрондық почта арқылы аукционның барлық қатысушыларын автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жариялайды.
Аукционды өтпеді деп тану негіздері
155. Аукцион:
1) егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға екеуден аз өтінім берілген жағдайда;
2) Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда;
3) аукцион жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса және тапсырыс беруші Заңның 35-8-бабының 10 және 11-тармақтарында көзделген құқықты пайдаланбаған жағдайларда өтпеді деп танылады.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
Достарыңызбен бөлісу: |