Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысы
Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 281 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 216-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысымен бекітілген
-
1 Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу Қағидалары
-
1.1 Жалпы ережелер
-
1.2 Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі
-
1.2.1 Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу
-
1.2.2 Веб-порталда конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту
-
1.2.3 Конкурстық комиссияның құрамын, сарапшыны (сараптау комиссиясын) бекіту
-
1.2.4 Электрондық конкурс өткізу туралы хабарлама
-
1.2.5 Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманы беру
-
1.2.6 Конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру
-
1.2.7 Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны және оларды беру
-
1.2.8 Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдi қамтамасыз ету
-
1.2.9 Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді электрондық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу
-
1.2.9.1 Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашу
-
1.2.9.2 Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдердi қарау, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру
-
1.2.9.3 Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру
-
1.2.9.4 Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің демпингтік бағасын анықтау тәртібi
-
1.2.9.5 Электрондық конкурсты өтпей қалды деп тануға негіздемелер
-
1.3 Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
-
1.3.1 Баға ұсыныстарына электрондық сұрау салуды өткізу туралы хабарлау
-
1.3.2 Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беруi
-
1.3.3 Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығару
-
1.4 Бір көзден алу тәртібімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу
-
1.5 Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
-
1.5.1 Аукциондық құжаттаманы веб-порталда қалыптастыру және бекіту
-
1.5.2 Аукциондық комиссияның құрамын, сарапшыны (сараптау комиссиясын) бекіту
-
1.5.3 Аукцион өткізілетіні туралы хабарлама
-
1.5.4 Әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманы табыс ету
-
1.5.5 Аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
-
1.5.6 Аукционға қатысуға арналған өтінімдердің мазмұны мен оларды беру
-
1.5.7 Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз ету
-
1.5.8 Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу
-
1.5.8.1 Аукционға қатысуға арналған өтінімдердің бірінші бөлігін ашу және қарау, аукционға қатысуға рұқсат беру
-
1.5.8.2 Аукционды өткізу
-
1.5.8.3 Аукционға қатысуға арналған өтінімдердің екінші бөлігін қарау және аукцион жеңімпазын айқындау
-
1.5.8.4 Аукционды өтпеді деп тану негіздері
-
1.6 Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
-
1.6.1 Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
-
1.6.2 Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуы
-
2 КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЫСАНЫ
-
2.1 Жалпы ережелер
-
2.2 Ұйымдастырушының веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілерге КҚ-ның ережелерін түсіндіруi
-
2.3 Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынуы. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінім
-
2.3.1 Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
-
2.3.2 Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімді беру тәртібi
-
2.3.3 Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
-
2.3.4 Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуы
-
2.3.5 Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру
-
2.3.6 Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуi
-
2.3.7 Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау
-
2.3.8 Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
-
2.3.9 Электрондық конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
-
3 АУКЦИОНДЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЫСАНЫ
-
3.1 Жалпы ережелер
-
3.2 Ұйымдастырушының АҚ ережелерін әлеуетті өнім берушілер - веб-портал қатысушыларына түсіндіруі
-
3.3 Аукционға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерді беруі
-
3.3.1 Аукционға қатысуға өтінім
-
3.3.2 Аукционға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
-
3.3.3 Аукционға қатысуға өтінімді беру тәртібi
-
3.3.4 Аукционға қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу
-
3.4 Аукционға қатысу өтінімдерінің бірінші бөлігін ашу және қарау, аукционға қатысуға рұқсат беру
-
3.5 Аукционды өткізу
-
3.6 Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға арналған өтінімдердің екінші бөлігін олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы және аукцион жеңімпазын анықтауы
-
3.7 Аукционға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
-
3.8 Аукцион қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
|
Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу Қағидалары
Осы Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін анықтайды.
Қағидалар мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асырудың ерекше және арнайы тәртіптеріне, сондай-ақ Заңда көзделген қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - Оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акцияларының (қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) - электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелу (бұдан әрі - тіркелу) - мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің, оның лауазымды адамдары мен мүдделі тұлғалардың веб-порталда қатысуға қол жеткізу;
4) веб-порталға қатысушы - (бұдан әрі - Қатысушы) - тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, веб-порталда тіркеуден өткен әлеуетті өнім беруші;
5) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрі - Пайдаланушы) - веб-порталда тіркеуден өткен Қатысушының лауазымды адамы немесе өкілі;
6) веб-порталға қатысу - мемлекеттік сатып алу саласында электрондық қызметтер алу үшін қатысушының атынан пайдаланушының мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалануы;
7) жеке кабинет - пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;
8) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
9) шартты жеңілдік - конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдердің негізінде конкурстық комиссия ұсынатын әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысын шартты азайтудың пайыздық мәні;
10) қағаз құжаттың электрондық көшірмесі - түпнұсқа қағаз құжаттың ақпаратын толық шығаратын, веб-порталда уәкілетті өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық цифрлық нысандағы электрондық құжат;
11) веб-порталдағы уәкілетті өкіл - веб-порталға қатысушының пайдаланушысы, оған веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталдағы барлық іс-қимылдарды орындауға, оның ішінде қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін растауға құқықтар берілген;
12) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
2. Конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, аукцион және бір көзден алу тәсілдерімен электрондық мемлекеттік сатып алу осы Қағидаларда анықталған тәртіппен жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға көрсетілетін электрондық қызметтер веб-порталды пайдалана отырып, уәкілетті орган анықтаған тәртіппен өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
3. Электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға болып әрекет еткен жағдайды қоспағанда, тапсырыс беруші Заңның 7-бабына сәйкес электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (бұдан әрі - ұйымдастырушы) анықтайды.
4. Тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы веб-порталда өздерінің уәкілетті өкілдері болып табылатын лауазымды адамдарды анықтайды. Егер тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға болып әрекет еткен жағдайда тапсырыс берушінің және ұйымдастырушының веб-порталдағы уәкілетті өкілі болып табылатын бір лауазымды адамды анықтауға жол беріледі.
Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі
Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу
5. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу (бұдан әрі - электрондық конкурс) веб-порталда мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
1) тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін анықтауы;
2) тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушінің веб-порталдың көмегімен веб-порталдың қатысушысы болып табылатын ұйымдастырушыға шақыру жіберуі;
3) конкурстық құжаттаманы қалыптастыру, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыру және бекіту;
4) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі;
5) веб-порталды пайдаланушылардың арасынан конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау;
6) ұйымдастырушының веб-порталда электрондық конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялауы;
7) веб-порталға қатысушы - әлеуетті өнім берушілердің веб-порталда оны алу фактісін автоматты түрде тіркей отырып конкурстық құжаттаманы алуы;
8) ұйымдастырушының веб-порталдың көмегімен осы Қағидалардың 22 және 23-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі;
9) веб-порталда электрондық құжат нысанында берілетін электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде тіркеу;
10) өтінімдерді ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;
11) біліктілік талаптарына, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді және шартты жеңілдіктер мөлшерін конкурстық комиссиясын қарауы;
12) конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер тізбесін айқындауы және веб-порталда жіберу туралы тиісті хаттаманы жариялауы;
13) электрондық конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын электрондық құжаттар нысанында веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
14) электрондық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, бағалау, салыстыру және жеңімпазды анықтау, қорытындылар хаттамасын веб-порталда жариялау;
15) ұйымдастырушы жүргізген электрондық конкурс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші мен электрондық конкурстың жеңімпазы арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
6. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі электрондық конкурсты ұйымдастыру кезінде ұйымдастырушы мұндай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді конкурстық құжаттамада олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға бөле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыра және өткізе алады.
Біртекті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі электрондық конкурсты жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізіп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірнеше түрлерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі электрондық конкурсты жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) жеткізіп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
Веб-порталда конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту
7. Ұйымдастырушы электрондық конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың электрондық нысанын қалыптастырады және тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен келіседі.
8. Ұйымдастырушы қалыптастырған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
Бірыңғай ұйымдастырушы қалыптастырған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушілердің бірінші басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адамдар не олардың міндетін атқаратын адамдар бекітеді.
Конкурстық комиссияның құрамын, сарапшыны (сараптау комиссиясын) бекіту
9. Электрондық конкурс өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы әрбір электрондық конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын анықтайды.
Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын анықтау туралы шешімге ұйымдастырушының бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам қол қояды.
Егер тапсырыс берушінің өзі тікелей немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі атынан ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын анықтау туралы шешімге ұйымдастырушының бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам қол қояды.
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша оның веб-порталда тіркелген қызметкерлерінің қатарынан оның өкілдерін енгізе алады.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде сараптау комиссиясын құрады (сарапшыны тартады).
10. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және басқа да мүшелері болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
Конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам анықталуы тиіс. Егер тапсырыс берушінің өзі тікелей ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарының төмен емес лауазымды адам конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалуы тиіс. Егер ұйымдастырушы ретінде тапсырыс беруші өзінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесінің атынан әрекет етсе, тапсырыс берушінің осы құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес лауазымды адамы конкурстық комиссияның төрағасы болып анықталуы тиіс.
11. Конкурстық комиссияның төрағасы:
1) конкурстық комиссияның қызметіне басшылық етеді;
2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
13. Конкурстық комиссияның шешімі веб-порталды пайдалана отырып дауыс беру арқылы қабылданады және конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол қағаз құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады. Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты веб-порталда жариялайды.
14. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Конкурстық комиссияның хатшысы ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдарының арасынан анықталады.
Конкурстық комиссияның хатшысы:
1) веб-порталда конкурстық құжаттаманы қалыптастырады;
2) веб-порталда электрондық конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруды, электрондық конкурсқа қатысу өтінімдерін ашу хаттамасын, электрондық конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттаманы, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды веб-порталда жариялайды;
3) веб-порталда сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жариялайды;
4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15. Ұйымдастырушыда әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін тиісті бейіндегі мамандар болмаған жағдайда ұйымдастырушы тараптардың уағдаластығы бойынша мемлекеттік қызметшілерді өтеусіз негізде, ал басқа сарапшыларды ақылы негізге де, өтеусіз негізде де сарапшылар ретінде тартады.
Қызметінің бейіні мемлекеттік сатып алу мәніне сәйкес келуі қандай да бір тұлғаны сарапшы ретінде тарту үшін міндетті шарт болып табылады.
Ақылы негізде сарапшыны таңдауды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
16. Бірнеше сарапшыларды тартқан жағдайда ұйымдастырушы тартылған сарапшылардың арасынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасында сараптау комиссиясының басшысын анықтайды.
Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптау қорытындысын береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Егер сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған болса ғана, оны конкурстық комиссия міндетті түрде ескереді. Сараптау қорытындысына сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелері) қол қояды және конкурстық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда электрондық конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға қоса береді.
Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, мұндай сарапшы өзінің ерекше пікірін білдіреді, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
17. Электрондық конкурс өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекітілген конкурстық құжаттамамен және оған қосымшалармен танысады.
Электрондық конкурс өткізу туралы хабарлама
18. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер беретін соңғы күнге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей, ал электрондық конкурсты қайтадан жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, бірақ электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей өткізілетін электрондық конкурс туралы хабарландыруды, сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттаманы веб-порталда жариялайды.
Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманы беру
19. Электрондық конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап барлық ниет білдірушілерге конкурстық құжаттаманы веб-порталдан тегін алу мүмкіндігі беріледі.
20. Веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманы беру веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
21. Веб-порталда электрондық конкурс өткізу туралы хабарлау сәтіне дейін конкурстық құжаттаманы беруге жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |