Ереже куратор жұмысы е 127 2020


Тарау. Белгілер мен қысқартулар



бет3/6
Дата10.06.2022
өлшемі138.5 Kb.
#459062
1   2   3   4   5   6
Е 127-2020 Куратор жұмысы

4 Тарау. Белгілер мен қысқартулар

5. Осы Ережеде мынадай белгілер мен қысқартулар қолданылады:


1) А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ- А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті;
2) ҚР-Қазақстан Республикасы;
3) МЖМБС - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
4) ПОҚ-профессорлік-оқытушылық құрамы;
5) Қағидалар – ішкі тәртіп қағидалары;
П 127 – 2020

6) ТЖ ҚББ тәрбие жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы;


7) ОТЖ - оқу-тәрбие жұмысы;
8) Куратор - студенттік топтың кураторы
5 Тарау. Жалпы ережелер

6. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру мақсатында жоғары кәсіптік білім беру мекемесінің әрбір студенттік тобына студенттік топтың кураторы (бұдан әрі – Куратор) бекітіледі.


7. Куратор ректордың бұйрығымен немесе жетекшілік ететін проректордың өкімімен оқудың барлық кезеңіне тағайындалады. Кураторларды іріктеу директормен келісім бойынша кафедраларда ең тәжірибелі оқытушылар қатарынан жүргізіледі. Студенттік топ кураторының міндеттерінен босату ректордың бұйрығымен немесе жетекшілік ететін проректордың өкімімен жүргізіледі.
8. Куратор өз қызметінде "Білім туралы" ҚР Заңын, сондай - ақ жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің қызметін регламенттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін, ішкі тәртіп қағидаларын (бұдан әрі-қағидалар), осы Ережені және оқу орнының өзге де ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
9. Куратордың жұмысы оның педагогикалық қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады және жеке жоспарларда "оқу - тәрбие жұмысы" бөлімінде көрсетіледі.
10. Куратор ретінде оқытушының жұмысы П 130-2019 Ережелерде көрсетілген. Профессорлік-оқытушылық құрамының қызметін жоспарлау, оқытушылар мен кафедралардың рейтингі балмен анықталады, кезекті мерзімге қайта сайлау кезінде оның іскерлік қасиеттері мен атқаратын лауазымына сәйкестігін бағалау ескеріледі.
11. Куратордың демалысы мен уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде оның міндеттері оқу тобы жоқ оқытушыға немесе ТЖ бойынша ҚББ-ға жүктелуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет