Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 2 Қазақстан Республикасынан әуе көлігімен шығыс халықаралық почтамен тасымалданатын депешаларды қабылдау және жөнелту



бет106/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 2 Қазақстан Республикасынан әуе көлігімен шығыс халықаралық почтамен тасымалданатын депешаларды қабылдау және жөнелту

Шығыс халықаралық почтамен қаптар әуежайлардағы ХПАП-нің жұмыскерлері ХПАО жұмыскерлерінен шотпен, мекен-жай жапсырмаларын және әр қаптың сыртқы жағдайларын (орамын, пломбыларын және байламдарын) қарап шығып қабылдап алады. Қызыл және сары жапсырмалары бар қаптардағы жазбалар CN38н. жүкқұжаттарындағы жазбалармен салыстырылып тексеріледі. Одан басқа CN38н. және CN47н. жүкқұжаттарының дұрыс жасалуы тексеріледі.


Сәлемдемелермен қаптар және шетелге ашық жіберілетін сәлемдемелер, шығыс халықаралық жазбаша хат-хабарлармен қаптар (хаттармен, бандерольдермен, ұсақ пакеттермен, құндылығы жарияланған хаттармен) және шет елге жіберілетін тек бос қаптармен қаптар ХПАО-ның пломбыларымен алмасу пунктіне CN38н. (CN47н.) жүкқұжатымен және CN38н. жүкқұжатының екінші мен үшінші даналарына қойылатын, почтаны шетелге шығару туралы “Босатуға рұқсат” (“Выпуск разрешен”) кеденнің мөртабанымен түсуге тиіс.
Әуе көлігімен жіберілетін ХПЖ көк түсті қаптарға бітеледі, онда латын шрифтімен қаптардың тиесілігі (алмасу мекемесінің және жіберген елдің атауы) және “Post” белгісі көрсетілуге тиіс.
Халықаралық жазбаша әуе хат-хабарламаларымен қаптарға қызыл, ақ және көк түсті, ал тек бос қаптармен қаптарға-жасыл түсті CN35н. мекен-жай жапсырмалары тіркеледі. Халықаралық әуе сәлемдемелерімен қаптарға сары түсті СР84н. мекен-жай жапсырмалары тіркеледі.
Адрестік жапсырмаларында көрсетілуге тиіс: депешаның нөмірі, жөнелтілетін күні, депешаның жіберілген мекемесі, депешаны жасаған алмасу орны, түсіретін әуежай, егер қажетті болса тиеу әуежайы, почтаның санатары бойынша массасы: LC/AO, SV және CP. Одан басқа бас қаптың адрестік жапсырмада “F” белгісі және бір алушының мекен-жайына жіберілетін баспа басылымдарымен қаптар үшін жапсырмаларға “М” әрпі көрсетілуге тиіс.
Жүкқұжаттар әуе көлігімен шығыс жазбаша әуе хат-хабарлары мен сәлемдемелерді жөнелту жоспарларына сәйкес шетел ХПАП-не жіберіленеді. CN38н. жүкқұжатының басында жүкқұжатты жасаған почта әкімшілігімен алмасу пунктінің, жүкқұжат жіберілетін алмасу мекемесінің атаулары, жөнелту күні, рейс нөмірі және тиеу әуежайы көрсетіледі. Сонан соң жүкқұжат бланкісіне сәйкес жөнелтілетін депешалар туралы деректер (депешалардың нөмірлері, жөнелту мекемесі және депешаның міндеті, почтаның санаттары бойынша қаптардың саны және брутто салмағы, сан қортындысы және қаптардың салмағы) толтырылады. Төменгі сол жақ бұрышына арнайы бөлінген орынға арнайы жүкқұжатты дайындаған жұмыскер өзінің қолын және күнтізбелік мөрқалып бедерін қояды.
Жөнелтілетін депешаларға CN38н. (CN47н.) жүкқұжаттары бес данада жасалады, оның біреуі –жүкқұжатты дайындаған ХПАП-нің құжаттарына қосылып тіркеледі, ал төртеуі-әуежайдың тасымалдау қызметіне беріледі.
Жүкқұжаттың екі данасы әуежайдың жерүсті қызметінің өкіліне, ал екі данасы борт құжаттарымен бірге ұшаққа беріледі, оның біреуі түсіретін әуежайда депешаларды алу туралы қолхатпен ұшақ экипажында сақталады, екіншісі депешаларды тапсыруға CN38н. немесе CN47н. жүкқұжаттары жіберілген почта мекемесіне дейін депешалармен барады. Одан басқа әуе депешалары және CN38н. CN47н. жүкқұжаттары 16н. жүкқұжаттарына тіркеледі, әуе депешалары ХПАО жұмыскерлерінен қабылданады.
Әуежайдың тасымалдау қызметіне берілгенге дейін қабылданған және тексерілген әуе депешалары тәртіппен қамтамасыз етілген алмасу пунктінде сақталады. Әуежайдың талабы бойынша жүзеге асырылады. Жүкқұжаттың екінші данасы алыннған қолхатпен алмасу пунктінің құжаттарына тіркеледі.
Депешаларды шығыс әуе почтасымен шетелге жөнелтуде Қазақстан Республикасынан шетелген шығатын әуе хат-хабарлары мен әуе сәлемдемелерін жіберу Жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет