Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді



бет1/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
ОМПО дайын кітап


Кіріспе

Осы Қазақстан Республикасының халықаралық почта алмасу орындарымен (әрі қарай - ХПАО) халықаралық почта алмасу пунктерінде (әрі қарай - ХПАП) халықаралық почтаны өңдеу және жөнелту жөніндегі ережелер қарастырылған.


Осы Ережелермен қарастырылған процесстердің мониторингі және ХПАО, ХПАП қызметінің ережелері, қарастырлған талаптарына сәйкестігін бүкіл ХПАО мен ХПАП қызметі бойынша Пошталық технологиялар департаментімен жүзеге асырылады.
Бұл ережелерде ХПАО, ХПАП қызметінің нәтижелік критерийлері болып мыналар табылады:
1.Осы ережелердің талаптарына сәйкес ХПАО, ХПАП қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
2.Осы ережелердің талаптарына сәкес орындаушылардың өндірістік құжаттамаларды жүргізу.
Ережеде халықаралық почта жөнелтімдерін (жазбаша хат-хабарлардың, почта карточкаларының, бандерольдердің, ұсақ пакеттердің, “М” қаптарының, сәлемдемелердің, EMS жөнелтімдерінің) буып-түюі, салымы, қабылдау және жөнелту тәртібі, өңдеу кезеңі, жеткізу және табыс ету тәртібі, сұрыптау тәртібі, салмағы тағы басқа да ережелер бар.
Одан әрі қарай ХПАП-дегі (сонымен қатар ХПАО-дағы) почта жөнелтімдеріне қандай нысандар, бланктар арналғандығы, олардың қанша данада жасалу (толтыру) керектігі, оны дұрыс толтыру ережелері келтірілген.
Сонымен қатар Осы Почта ережелері (әрі қарай – Ережелер) «Қазпочта» АҚ (әрі қарай – Қоғам) қызметтерін және олардың түрлерін көрсету тәртібін анықтайды.
Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді:
1) почта жөнелтімдерін қабылдау, өңдеу, жіберу, жеткізу және беру;
2) EMS жөнелтімдерін қабылдау, өңдеу, жіберу, табыс ету және жеткізу;
3) Қоғамның қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
4) Қоғам қызметтерінің төлеу жүйесі;
5) Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау, өңдеу, жіберу, табыс ету, жеткізу;
6) Өндірістік құжаттамаларды жүргізу және сақтау;
7)Почта жөнелтімдері мен шартты құндылықтарды сақтау және тағы сол сияқтыларды белгілейді.


ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қоғамның, ХПАО мен ХПАП-нің жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
“Қазпочта” АҚ өндірістік объектілерінде халықаралық почтаны қабылдауды, өңдеуді және жіберуді дұрыс ұйымдас ұйымдастыру үшін филиалдардың, ПСжТУ, почталық байланыс тораптарының басшылары және тиісті құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлері жауапкершілік тартады.
Қоғамның ХПАО басшылары қабылданған және өнделген халықаралық почта жөнелтімдерінің түгелдігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік тартады. ХПАО мен ХПАП жұмыскерлері осы Ережелермен қарастырылған халықаралық бағыттың дұрыстығына және технологиялық процестредің орындалуына жауапкершілік тартады.
Осы Халықаралық почтаны өңдеу және жөнелту бойынша ережелері (әрі қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының халықаралық почта алмасу орындары мен пункттерінде (әрі қарай - ХПАО және ХПАП) “Қазпочта” АҚ (әрі қарай - Қоғам) халықаралық почтасын өңдеу және сұрыптау тәртібін анықтайды және технологиялық процестерді ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет