Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Почта жөнелтімдері мен ақшалай төлемдерді беру үшін негіз болатын құжаттар



бет11/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   114
ОМПО дайын кітап

4.2 Почта жөнелтімдері мен ақшалай төлемдерді беру үшін негіз болатын құжаттар

Почта жөнелтімдері мен ақшалай төлемдерді беру үшін құжаттардың түрлері


Тіркелетін почта жөнелтімдерін, почталық ақша аударымдарын, әлеуметтік төлемдерді, еңбекақы төлемдерін, ақшалай төлемдердің басқа да түрлерін, салымдарды адресатқа беру өндірістік объектінің жұмыскеріне адресатпен құжаттардың келесі түрлерін көрсету арқылы жүзеге асырылады:

      1. жеке куәлігі мен төлқұжаты;

      2. шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты;

      3. азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

      4. дипломатиялық төлқұжаты;

      5. қызметтік төлқұжаты;

      6. теңізші төлқұжаты;

      7. әскери қызметкерлер үшін әскери билеті.

Адресат тіркелетін почта жөнелтімдерін, почталық ақша аударымдарын, әлеуметтік төлемдерді, еңбекақы төлемдерін, ақшалай төлемдердің басқа да түрлерін, салымдарды алу барысында берілген құжаттың деректері көрсетілген сәйкес құжатқа алғаны туралы қол қояды.
Адресаттың (алушының) алғаны туралы қол қою мүмкіндігі болмаған жағдайда жеке басын куәландыратын құжатты көрсете отырып, бөгде тұлғаға адресаттың көзінше қолхат арқылы беріледі. Жөнелтімді беретін жұмыскер адресаттың және бөгде адамның көрсеткен құжаттарының деректерін жазуға міндетті.


4.3 Сенімхаттардың түрлері және оларды ресімдеу

Адресат тіркелетін почта жөнелтімдерін, почталық ақша аударымдарын, әлеуметтік төлемдерді, еңбекақы төлемдерін, ақшалай төлемдердің басқа да түрлерін, салымдарды алуға басқа тұлғаға нотариалдық түрде куәландырылған сенімхатты бере отырып, уәкілеттік беруге құқылы.


Нотариалдық түрде куәландырылған сенімхаттарға тең келетіндер:

      1. әскери ауруханаларда, санаторияларда және басқа да әскери емделу мекемелерінде ем қабылдап жатқан әскери қызметшілердің және басқа да тұлғалардың медицина бөлімінің басшыларымен немесе олардың орынбасарларымен, осы әскери ауруханалардың, санаториялардың және басқа да әскери емделу мекемелердің аға және кезекші дәрігерлердің куәландырылған сенімхаттары;

      2. нотариалдық кеңселер мен нотариалдық қызмет көрсететін басқа да органдары жоқ әскери бөлімшелердің, құрамалардың, мекемелердің және әскери білім беру мекемелердің дислокациялау пункттеріндегі әскери қызметшілердің сенімхаттары, сонымен қоса жұмыскерлер мен қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелері мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне деген осы бөлімшелердің, құрамалардың, мекемелердің, білім беру мекемелердің командирлері куәландырылған сенімхаттары;

      3. бас бостандығынан айырылған жерлерде жүрген тұлғалардың бас бостандығынан айыру орнының бастықтарымен куәландырылған сенімхаттары;

      4. халықты әлеуметтік қорғау бойынша мекемелерде жүрген кәмелеттік жасқа толған, іс-әрекетке қабілеттілігі жарамсыз азаматтардың осы мекемелердің басшыларымен немесе халықты әлеуметтік қорғау органдарымен куәландырылған сенімхаттары.

Азаматтардан және заңды тұлғалардан почта жөнелтімдерін, еңбекақы төлемін және басқа да төлемдерін алуға деген сенімхаты бар мекеменің сенімді тұлғасы тұратын немесе стационарлы әкімшілік емделу мекемесінде ем алып жатқан қаланың, аудан тектес қаланың, поселке, ауыл, ауыл округтарының, аудан әкімінің аппаратымен куәландырылуы мүмкін.
Телеграф бойынша және байланыстың басқа да түрімен жіберілетін сенімхаттар құжаттың жіберуін жүзеге асыратын байланыс жұмыскері байланыс органдарымен куәландырады.
Сенімхат бір данада куәландырылады. Сенімхат мәтінінде: сенімхат кімге берілгені, почта жөнелтімдерінің және ақша төлемдерінің қандай түрлерін алуға сенілгені, сондай-ақ оның жасалған (қол қойылған) орны мен датасы, сенімхатты берген тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты және тұрғылықты жері көрсетіледі. Сенімхаттың әрекет ету мерзімі оны берген сенімді тұлғаның қолы қойылғаннан кейін жазбаша түрде жазылады, лауазымды тұлға өзінің қолымен және мекеме мөрімен растауға тиіс. Сенімхатта тазартып өшіру рұқсат етілмейді.
Егер адресат заңды тұлға болып табылатын болса, онда почта жөнелтімін алуға деген сенімхат оның басшысымен және бас бухгалтерімен қол қойылады. Басшылардың өзі алатын тіркелетін почта жөнелтімдерін алуға деген сенімхаттары осындай тәртіпте ресімделеді.
Сенімхаттар ұзақ мерзімді, біржолғы, жалпы (басты) болады.
Сенімхат үш жылдан артық емес мерзімге беріледі. Өндірістік объектілерде ұзақ мерзімді сенімхаттарды тіркегені және сақтағаны үшін белгіленген тариф бойынша франкирлеу машинасының клише бедерімен немесе қолма–қол ақшамен ақы алынады. Сенімхатты болдырмау мақсатында өндірістік объектіні осы туралы міндетті түрде жазбаша хабарлауы тиіс.
Ауқымды көлемдегі заңды тұлғаларға қызмет көрсететін өндірістік объектіде ұзақ мерзімді сенімхаттар бөлек кітапта сенімхат берген заңды тұлғаның атауы бойынша алфавиттік тәртіпте жазылады және сенімхаттың әрекет ету мерзімінің аяқталуы көрсетіледі.
Бір жолғы сенімхаттарда алуға сенілген почта жөнелтімнің түрі немесе ақшалай төлем түрі көрсетіледі. Бұндай сенімхат үшін ақы алынбайды.
Почта жөнелтімдері және ақшалай төлемдер жалпы (басты) сенімхат бойынша берілуі мүмкін.
Почта жөнелтімдерін және ақшалай төлемдерді алуға ұсынылған сенімхаттар өндірістік объектіде қалады, сонымен қоса бір жолғы сенімхаттар берілген жөнелтімдердің хабарлауына немесе берілген ақшаның тиісті құжатына тіркеледі, ал әрекет ету мерзімі көрсетілген және/немесе көрсетілмеген сенімхаттар белгіленген тәртіпте бөлек папкада сақталады. Жалпы (басты) сенімхаттар ұсынушыда, ал оның көшірмесі өндірістік объектіде қалады.
Егер сенімхаттың әрекет ету мерзімі көрсетілмесе, онда ол өз күшін бір жыл бойына сақтайды. Берілген күні көрсетілмеген сенімхат жарамсыз болып саналады.
Сенімхат осы Ережелердің 43 тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың біреуін көрсету барысында ғана жарамды.
Тіркелетін почта жөнелтімін жеткізетін заңды тұлғаларға почта жөнелтімін алуға құқығы бар сенімхаттар почтаны алуға уәкілетті тұлғаның атына ресімделеді. Тиісті сенімхат почтаны алуға уәкілетті тұлғада қалады және әр тіркелетін почта жөнелтімін алған кезде көрсетілуі тиіс, сенімхат көшірмесі өндірістік объектіде қалуға тиіс. Сенімхаттың көшірмесін сақтау үшін ақы алынбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет