Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Құндылығы жарияланған шығыс бандерольдерді өңдеу



бет50/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   114
ОМПО дайын кітап

3.4 Құндылығы жарияланған шығыс бандерольдерді өңдеу

Құндылығы жарияланған бандерольдерді өңдеуге және жөнелтуге қабылдайтын жұмыскер қабықша, байлам және мөр бүтіндігіне назар аудара отырып олардың сыртқы жағдайын тексереді және 16н. жүкқұжаттың бір данасына қол қояды, өңдеуге қабылдап алған құндылығы жарияланған бандерольдердің жалпы саны мен қабылдау уақытын жазбаша түрде көрсетеді. 16н. жүкқұжаттың көшірмесі құндылығы жарияланған бандерольдерді өңдеуге және жөнелтуге қабылдап алған жұмыскердің қолымен операциялық терезеден оларды қабылдаған жұмыскерде қалады. 16н. жүкқұжаттың бірінші данасы осы Ережелердің 884 тармағына сәйкес өндірістік объектінің құжаттарына тігіледі. Жөнсіздіктер байқалған жағдайда құндылығы жарияланған бандерольдер пысықтаудан кейін қабылданады.


Автоматтандырылмаған өндірістік объектілерде құндылығы жарияланған бандерольдер қаптарға бітеуден бұрын екі дана толтырылатын 16н. жүкқұжатына тіркеліп жазылады.
Қабылдау жасаған өндірістік объектінің қызмет көрсету аймағына адрестелген құндылығы жарияланған бандероль бар болған жағдайда, ол кіріс бандероль секілді өңделеді.
Осы өндірістік объектісінде қабылдап алынған құндылығы жарияланған бандерольдер 16н. жүкқұжатына почта жөнелтімінің атауын, бандерольдің шығыс нөмірін (ШПИ), құндылығы жарияланған сомасын көрсете отырып жазылады, егер құндылығы жарияланған бандероль үстеме төлеммен қабылданған болса, онда үстеме төлем сомасы, тиісті орыны және белгілер көрсетіледі. Әрі қарай жіберу/қайтару барысында құндылығы жарияланған бандерольдер 16н. жүкқұжатының «Белгілер» бағанына «ӘҚЖ» немесе «Қ» әріптерін көрсете отырып жеке-жеке тіркеліп жазылады. Жүкқұжатта жазылған жазулардан кейін сызықша сызылады және почта жөнелтімдер сандарының қорытындысы жазбаша көрсетіледі.
Әр жүкқұжатқа және олардың көшірмесіне толтырған күннің ПМ бедері қойылады.
Автоматтандырылған өндірістік объектілерде жоғарыда көрсетілген барлық ақпараттар ұқсас деректері көрсетіліп автоматты түрде ресімделетін болады, ПМ бедері қойылмайды, күні автоматты түрде қойылады.
Жүкқұжатқа өңдеуге қатысқан екі жұмыскерімен қол қойылады. Штатта бір ғана жұмыскері (почташыны есепке алмағанда) бар өндірістік объектілерде жүкқұжатқа тек сол ғана қол қояды.
16н. жүкқұжатында ескертусіз және қойылмаған қолсыз түзетулерге жол берілмейді.
Егер қапта екі және одан да көп құндылығы жарияланған бандерольдер жіберілетін болса, онда олар бұзылу мүмкіндігін келтірмеу үшін айқастыра жіппен байланады.
Құндылығы жарияланған бандерольдер өндірістік объектілерден ПСжТУ-не басқа да құндылығы жарияланған почта жөнелтімдерімен бірге «Сақтандыру» қаптарында жіберіледі.
16н. жүкқұжаттардың бірінші даналары құндылығы жарияланған бандерольдермен бірге каптарға салынады, ал көшірмелері өндірістік объектіде қалады, қап өлшенеді, әр қапқа 17н. жапсырмасы толтырылады және тіркеледі.
17н. адрес жапсырмасында қаптың қайдан және қайда баратыны, салмағы, оған берілген нөмірі (ШПИ), БПҚ нөмірі, «Сақтандыру» белгісі, «Үкіметтік» бандерольдерді жіберу барысында «Үкіметтік» белгісі көрсетіледі.
Автоматтандырылған өңдеу барысында 17н. адрес жапсырмасы ұқсас деректермен автоматты түрде қалыптастырылады.
17н. жапсырмалары бір ай бойына реттік нөмірлерімен нөмірленеді (нөмірі 16н. жүкқұжатында көрсетілген қаптың нөмірімен сәйкес келу керек), жапсырмада қапқа бекіту жүргізген жұмыскердің (лерінің) фамилиясы және қолы көрсетіледі. Әр 17н. жапсырмасына ПМ анық бедері қойылады. 17н. жапсырмасы бандерольдерге өңдеу жасаған, 16н. жүкқұжатын толтырған және «Сақтандыру» қабына бітеу жүргізген жұмысшыларымен (керімен) қол қойылады.
Құндылығы жарияланған бандерольдері бар «Сақтандыру» қаптары келесі тәртіпте бітеледі.
Қаптың жоғарғы бөлігі тығыздалып бүріп оралады және алдын ала 17н. адрес жапсырмасы қойылып екі айнала ораммен кендір жіппен қамтылады.
Жіптің ұштары айқастыра байланып, және олардың біреуі жіптің екі айнала орамның астына өткізіледі, содан кейін жіпті тығыздап тартып және екі қайтара түйінделіп байланады. Байлам қап ішіндегі салым алмаспайтындай есеппен жасалынады. Қап пломбыланады немесе мөрленеді, мөрлеу барысында жіптің ұштары 17н. жапсырмасындағы белгіленген орнына мөрленеді. «Сақтандыру» қаптарын бітеу барысында жабатын құрылғылар қолданылуы мүмкін (БПҚ, арнайы құлыптарымен қаптар). Бұндай құрылғыларымен пайдалану тәртібі бітеу-пломбылау құрылғыларын қолдану нұсқауында сипатталған.
Қалыптастырылған және мөрленген қаптар басқа почта жөнелтімдерімен бірге екі данада қаптар мен почта жөнелтімдерінің нөмірлері көрсетілген 16н. жалпы жүкқұжатына жазылады.
Шығыс бандерольдер туралы деректер «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен көрсетілетін почталық, қаржылық және агенттік қызметтердің статистикалық есебін жүргізу тәртібіне сәйкес 2-а н. айырбастауды есепке алу бланкісіне енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет