Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Кәдімгі халықаралық сәлемдемелерді табыс ету



бет66/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   114
ОМПО дайын кітап

2.8 Кәдімгі халықаралық сәлемдемелерді табыс ету

16н. жүкқұжатында қол қою арқылы алынған сәлемдемелердің 22н. хабарлаулары абоненттік, абонементтік жәшіктер және «Талап етілгенге дейін» жеткізіледі.


Заңды тұлғаларға жіберілген өндірістік объектілерінде берілетін сәлемдемелердің алғашқы 22н. хабарлаулары адресатқа 8н. кітабына қойылған қол арқылы беріледі.
Сәлемдемелер өндірістік объектілерде және үйде беру барысында (адресаттың өтініші бойынша) осы Ережелердің 43 тармағында көрсетілген құжаттардың бірін көрсету, 22н. хабарлаудың қайырма бетіне және СР 71 сүйемелдеу мекен-жайына қол қою арқылы беріледі.
Сәлемдемелер, алынғандығы туралы хабарламалар және қайталама хабарлаулары берілуі мүмкін:
1) сенімхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екенін растайтын құжатын көрсеткенде, отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біріне;
2) нотариалдық расталған сенімхат және заң талабына сәйкес ресімделген, оған теңелетін сенімхат ұсынушыға осы Ережелердің 43 тармағында көрсетілген құжаттардың бірін көрсеткенде;
3) сенімхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында көрсетілген құжаттардың және адресатқа қатысын растайтын құжаттардың көрсетуі бойынша 16 жасқа дейін кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалардың ата – анасына (асырап алушылар, қамқоршылар);
4) қабілетсіз адамдардың ата-аналарына (асыраушыларына, қамқоршыларына) сенміхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екендігін растайтын құжатын көрсеткенде;
5) мектеп-интернаттардың, балалар үйлерінің және басқа мекемелердің заңды тұлға өкілдеріне, соңынан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға беру үшін – сенімхатпен, сондай-ақ жатақханаларда, интернаттарда, балалар үйінде, қонақ үйлерде, сауықтыру және емдеу мекемелерінде тұратын жеке тұлғаларға.
Әскери бөлімдер мен мекемелерге жіберілген құндылығы жарияланған хаттар жеке адресаттарға, әскери почташыларға немесе бөлімдер мен мекемелердің уәкілетті тұлғасына беріледі.
Адресат 22н. хабарлаудың қайырма бетінде ұсынған құжаттың атауын және деректерін көрсетеді, қолын қояды және алған күнін көрсетеді.
Егер адресат бір хабарлау бойынша бірнеше сәлемдеме алған жағдайда сәлемдеменің санын жазбаша көрсетеді.
Әр кіріс сәлемдеме тиісті орнына бөлек қапта түседі (осал сәлемдемелерден басқа, олар ашық түрде түседі).
Баж салынған сәлемдеме мына құжаттармен түседі:
- «Кедендік жүк» («Груз таможенный») белгісімен және кедендік инспектордың мөрімен расталған CN 23 кедендік декларациясы;
- сәлемдемеге CР 71 сүйемелдеу мекен-жайы;
- алушы тұратын аймақ бойынша кедендік органдарымен сәлемдеменің берілуіне бақылау жүргізетін ХПАО-да кедендік брокерлермен ресімделген 2 данадағы жеткізудің бақылау құжаты – кедендік жүк декларациясы (әрі қарай - КЖД). КЖД-да кедендік инспектормен расталған «тауар кедендік бақылау» мөртабаны, сондай-ақ, салымның басқа да сүйемелдеу құжаттарымен сәлемдеме – инвойс, шот – фактура және т.б. болу керек.
Өндірістік объектінің жұмыскері халықаралық сәлемдемені тапсырар алдында адресаттың және бақылаушы тұлғаның көзінше (бар болса) міндетті:
1) 22н. хабарлаудың және ұсынған құжаттың деректерін салыстыруға;
2) сәлемдемесі бар қапты өлшеуге және 17н. адрес жапсырмасындағы салмақпен тексеруге;
3) қапты ашуға, оның салымын және сүйемелдеу құжаттарының бар болуын тексеруге;
4) сәлемдеменің қабын мұқият тексеріп сәлемдемені өлшеуге, қапты және ішінде құжаттардың қалмауын тексеруге;
5) сәлемдеменің нақты салмағын CN 23 кедендік декларациясында және CP 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісінде қойылған салмақпен тексеруге;
6) адресатқа кедендік органдарда қызмет аймағы бойынша кеден бажын төлеу үшін CP71 н. сүйемелдеу мекен-жайын және КЖД екі данасын 22н. хабарлауы бойынша «КЖД екі данасын және CP 71 алдым» белгісімен беруге;
7) адресаттың және бақылаушы тұлғаның көзінше (бар болса) сәлемдемесі бар қапты CN 23 кедендік декларациясымен мөрлеуге, 17н. адрес жапсырмасын алдын ала толтыруға, онда салмағын көрсетуге, адресат пен бақылаушы тұлғаның қолын қойдыртуға, ПМ бедерін мөрлеу күнімен қоюға, жапсырманы қаптың аузына байлауға, «Сақтандыру» мөрімен басуға және сәлемдемені қоймаға сақтауға беруге;
8) кедендік баж төленгеннен кейін және құжаттарды кедендік органдарда адресатпен ресімделгеннен кейін, СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісінде және КЖД-да кедендік органдардың «Босатуға рұқсат» белгісі және сәлемдемені шығаруға рұқсат еткен кедендік инспектордың қолының және жеке мөртабанының бар болуын тексеруге;
9) 22н. хабарлауында, СР 71 сүйемелдеу мекен-жайы деректерін ұсынылған құжаттың деректерімен, қойылған қолын салыстыруға;
10) СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісіне немесе 22н. хабарлауына тапсырылған туралы белгіні қоюға – датасы мен қолын қоюға;
11) 17н. жапсырмасында мөрдің бүтіндігін және қолдарын тексеруге, сәлемдемесі бар қапты өлшеуге және 17н. жапсырмасындағы салмақты нақты салмақпен салыстыруға;
12) қапты ашуға, сәлемдеменің қабын мұқият қарауға және сәлемдемені өлшеуге;
13) СР 71 сүйемелдеу мекен-жайында қойылған салмақты және CN 23 кедендік декларациясындағы салмақты нақты салмақпен салыстыруға;
14) адресатқа сәлемдемені CN 23 кедендік декларация және КЖД -мен беруге
15) қажетті кезде адресаттан сақтау төлемін алуға.
Кедендік баж бен алымдар салынбай, бажсыз сәлемдемелер өндірістік объектіге келесі құжаттарда түседі:
1) кеденнің «Босатуға рұқсат» («Выпуск разрешен») белгісімен, ХПАО кеден инспекторының жеке мөрімен расталған, СР 71 сәлемдемесіне сүйемелдеу мекен-жайында;
2) CN 23 кедендік декларацияда.
Өндірістік объектінің жұмыскері халықаралық сәлемдемені тапсырар алдында адресаттың және бақылаушы тұлғаның көзінше (бар болса) міндетті:
1) 22н. хабарлаудағы және ұсынған құжаттың деректерін салыстыруға;
2) сәлемдемесі бар қапты өлшеуге және 17н. адрес жапсырмасындағы салмақпен тексеруге;
3) қапты ашуға, оның салымын және сүйемелдеу құжаттарының бар болуын тексеруге;
4) сәлемдеменің қабын мұқият тексеріп сәлемдемені өлшеуге, қапты және ішінде құжаттардың қалмауын тексеруге;
5) сәлемдеменің салмағын CN 23 кедендік декларациясында және CP 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісінде қойылған салмақпен тексеруге;
6) 22н. хабарлауында, СР 71 сүйемелдеу мекен-жай деректерін ұсынылған құжаттың деректерімен, қойылған қолын салыстыруға;
7) СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісіне немесе 22н. хабарлауына табыс етілген туралы белгіні қоюға – дата мен қол қоюға;
8) адресатқа сәлемдемені CN 23 кедендік декларациямен беруге;
9) қажетті болған жағдайдп адресаттан сақтау төлемін алуға.
Бос қап почта қабылданған өндірістік объектісіне кідіріссіз жіберіледі.
Бүлінген түрде салмағы жетпейтін халықаралық сәлемдемемен қап түскен жағдайда ол бақылаушы тұлғаның қатысуымен салымы тексеріліп беріледі және 3 данада 51н. актісі жасалады, онда:
1) актінің жасалу датасы және орны, сәлемдеме қайдан түскені қандай құжаттармен және толық берілген деректері;
2) сәлемдеме салымының тексерілу себебі, сәлемдеменің сыртқы жағдайы;
3) бұзылу сипаты;
4) сәлемдеменің ашылғанға дейінгі және кейінгі салмағы;
5) кедендік декларациядағы және шот-фактурадағы (болған жағдайда) жазулардың салыммен сәйкестілігі;
6) CN 23 кедендік декларацияда тізілген жоқ заттардың атауы мен салмағы көрсетіледі.
Актіге сәлемдемені ашуға қатысқан жұмыскер мен адресат қол қояды. Салым бөлігінің жетіспеушілігі анықталған жағдайда 51н. актісі және сәлемдеме мен оның бекіту элементтері (қап жапсырмасы, байлам, пломба, БПҚ) бар бос қап сәлемдемеге тексеріс жүргізілген ХПАО жіберіледі.
Халықаралық сәлемдеме акті бойынша және сәлемдеме салымының актісіндегі жазбасына сәйкес келген жағдайда қабылданса 51н. актісі толтырылмайды.
Өндірістік объектінің жұмыскері сәлемдемесі бар қап алынған мекемесіне мына жағдайлар туралы тез арада сұрау салады және 30н. хабарламасын жасайды:
1) СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісі, CN 23 кедендік декларациясы және осы Ережелердің 771 тармағында көрсетілген басқа да құжаттарының жоқтығы;
2) СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісінде және кедендік декларациясында кедендік мөрқалып бедерінің жоқтығы;
Адресатқа бұндай сәлемдеме жауап алмайынша берілмейді және адресат пен бақылаушы тұлғаның көзінше қапқа салынады және осы Ережелердің 771 тармағының 7 тармақшасына сәйкес мөрленеді.
Адресат кедендік бажды төлеуден бас тартқан жағдайда өндірістік объектінің жұмыскері ол жайлы жоғарғы бөлімшеге хабар береді, олар ХПАО-на сұрау салады.
Кедендік баж салынған сомасы азайту немесе алу, сондай-ақ дұрыс салынбағандығы туралы адресаттан арыз тұскен жағдайда арыз сәлемдеме кедендік тексеріс өткен ХПАО-на жіберіледі. Адреасаттардың арыздары сәлемдеме бергенге дейін қабылданады. Арызда адресат сәлемдеменің нөмірін және барлық деректерін көрсетеді. Арызға қажетті анықтамалар тіркелу мүмкін.
Мәселені шешуге дейін сәлемдеме өндірістік объектіде түскен күнінен бастап екі айлық мерзімнен артық сақталмау керек.
Сәлемдеме салымының бүлінуі анықталған жағдайда (сәлемдемеден аққан, иісі бар жағдайда), өндірістік объект адресатты шақыруға барынша шара қолданады. Адресат 3 күн ішінде табылмаған немесе сәлемдемені әрі қарай сақтауға мүмкін болмаған жағдайда бүлінуді анықтаған өндірістік объекті сәлемдемені ашуға және бұзылған заттарды жоюға құқылы. Жою жоғары тұрған бөлімшенің өкілімен және өндірістік объектінің бастығымен (орынбасарымен) комиссия арқылы жүргізіледі және 51н. актісімен ресімделеді, көшірмесі жолдама құжаттарымен бірге сәлемдеме тексерілген ХПАО жіберіледі.
Салым түгелдей бүлінген жағдайда жою туралы 51н. актісінің көшірмесі бажды (бар болса) алу үшін кедендік тексеріс жүргізген ХПАО-на CN 23 кедендік декларациясымен және СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісімен бірге жіберіледі. Қабы айғақты дәлел ретінде өндірістік объектіде қалады және тексеру нәтижелері шыққанша сақталады.
Алынғандығы туралы хабарламасы бар сәлемдемелер кәдімгі халықаралық сәлемдемелерді беру белгіленген тәртібінде беріледі. Сәлемдеме табыс етілгеннен кейін адресат CN 07 хабарлама бланкісіне қолын қоюға тиіс, өндірсітік объектінің жұмыскері хабарламаны осы Ережелердің 258 тармағында көрсетілген тәртіп бойынша ресімдейді және оны тексеруге, қолдарын қойдыртуға өндірістік объектінің бастығына немесе орынбасарына береді. Ресімделген және тексерілген хабарлама көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі. CN 07 хабарламаның жоғарғы оң бұрышына жөнелту күнімен ПМ бедері қойылады. Почташы хабарламаларды жөнелту уақыты туралы 8н. кітабында тиісті белгісін және қолын қояды.
Егер сәлемдеме сенімхат бойынша табыс етілсе, онда хабарламада фамилиясы көрсетіледі, қажет болған жағдайда – адресаттың лауазымы.
Қызметтік сәлемдемелер кәдімгі сәлемдемелер үшін қарастырылған тәртіпте табыс етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет