Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет48/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   195
kazakhstanII.KAZ

1.1 Карта: Тұрақты даму аймақтары 
 
 
Дерек көзі:ҚОҚМ, 2007 ж. 
Ескерту: Осы картада көрсетілген шекаралар мен атаулар БҰҰ тарапынан мақұлдауды немесе тануды білдірмейді


1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары 
35
Дегенмен бұл шаралардың іске асырылу барысы бағдарламаның бірінші кезеңінде қаражаттың 
жетіспеушілігіне орай қиындай түсті. Алайда мемлекеттік бюджеттен бөлінген құралдар (яғни, 
122 миллион теңге немесе 1 миллион
доллар) толық жұмсалуы мүмкін еді, тек халықаралық 
серіктестердің уəделескен 3 миллиард теңгенің жалпы сомасынан 447 миллионға ғана қол 
жетті. Осының нəтижесінде ҚОҚМ толық шамада бірінші сатыдағы барлық жоспарланған 
жобаларын іске асыра алмады. Бұған қарамастан, ҚОҚМ мəліметтері бойынша алға қойылған 
мақсаттың шамамен 80 пайызы қолда бар ресурстардың нəтижесінде орындалды.
 
Астана, Президенттiк Сарайы 
 
Экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдама жəне 2004–2010 жылдарға арналған ауылдық 
аудандарды дамыту Бағдарламасы сияқты басқа да құжаттар жердің шөлге айналуы жəне 
құлдырауы мəселелерін шешуге бағытталып жасалынған.  
 
Биоалуандылыққа қатысты Бағдарлама 
2000 жылдан бастап, биоалуандықты қорғау жəне басқару саласында бірқатар стратегиялық 
құжаттар жасалынды.  
• 
2004–2006 жылдары балық гендерін сақтау жəне балық шаруашылығын дамыту 
Бағдарламасы.
• 
2005 – 2007 жылдары жабайы тұяқты аңдар мен киіктердің сирек жəне жойылып 
бара жатқан түрлерін сақтау жəне қайта қалпына келтіру Бағдарламасы, яғни тоғай 
маралы, парсы қарақұйрығын жəне архар (Ovis vignei arkal), алтай архарын, қазақстандық 
архар, қызылқұмдық архар, тяньшан архары, қаратаулық архар, құлан (Equus hemionus 
hemionus) жəне қарақұйрықты сақтау туралы бағдарлама. 
• 
2004-2006 жылдарға арналған «қазақстан ормандары» Бағдарламасы, ормандардың 
сақталуын, орман алқаптары ауданының біртіндеп кеңеюі жəне орманды өрттен, жəндіктер мен 
аурудан қорғау тиімділігін арттыру, ормандардың жас құрамы, түрлілік құрамы жəне 
санитарлық жағдайын жақсартуды қарастырады.
2005 жылы қабылданған Мемлекеттік есеп жүргізу, Қазақстан Республикасында кездесетін 
жануарлар əлемінің кадастры мен мониторингі ережелері аңдардың қауіп алдындағы 
түрлерін қорғауға қатысты жасалынған маңызды қадам болып отыр. 2004 жылғы жануарлар 
əлемін қорғау, қалпына келтіру жəне қолдану туралы Заңға жануарлар мен олардың мекен ету 
ортасын сақтау шаралары енгізілген. Мысалы, мұнда инвазивті бөгде түрлерінің мəселелері 
туралы айтылған, дегенмен оларды күту туралы ешқандай мақсат белгіленбеген. Сонымен 
бірге, атқарылып жатқан түрлі іс-шараларға, мəселен, бекіре балығын аулауды бақылау жəне 
жеңілдіктер енгізу шараларының жүргізіп жатқандығына қарамастан, Каспий теңізіндегі бекіре 
балығының популяциясының азаюы тоқталар емес.


36
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының ерекше күзетілетін табиғи аумақтарын 
орналастыру жəне дамыту Тұжырымдамасы – биоалуандылыққа қатысты жасалынған 
құжаттың тағы бірі. Қазақстандағы күзетілетін аумақтардың ауданы 14.8 миллион га немесе 
елдің жер аумағының 5.44% пайызын алып жатыр. 2010 жылы 2.24 миллион га ауданды алатын 
жаңа күзетілетін аумақтар құру жəне Алматы облысындағы Көлсай көлі мен Шарын 
каньонындағы Ұлттық қорықты қосқанда, қазіргі қолданыстағы күзетілетін аумақтардың 
ауданын 1.0 миллион га үлкейту жұмысы жоспарланып отыр. Күзетілетін аумақтардың жалпы 
ауданы 18.04 миллион га немесе елдің жалпы аумағының 6.63% алып жатыр, оның 1.6% 
қорықтарға, 1.4% - ұлттық парк жəне жартысынан астамы (3.4%) – мемлекеттік резервттер мен 
табиғи ескерткіштерге бөлінген.
2002–2010 жылдарға арналған ауыз су Бағдарламасы
2002 жылы 2010 жылға дейін су ресурстары секторы мен гидроэнергетиканы дамыту 
Тұжырымдамасы жасалынды. «Ауыз су» салалық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 
2002 жылы атқарылатын іс-шаралардың тиімділігі мен өтімділігіне сүйене отырып, ауыз сумен 
жабдықтау жұмыстарын жақсартуға бағытталған қызметтің дəлме-дəл жоспары жасала 
басталды. Бағдарламаның басты мақсаты 2005 жылға дейін ауыз су жабдығының одан əрі 
нашарлауының алдын алу жəне су ресурстарына қолжетім деңгейін кеңейтуге негізделеді. 
Бағдарлама су ресурстарын басқарудың экожүйелік əдісін алға қояды. Бағдарламаның 
міндеттері: (a) сумен жабдықтау жүйелерін қайта қалпына келтіру, жетілдіру жəне жаңа 
жүйелерін салу; (b) сумен жабдықтаудың баламалы көзін дамыту; (c) су сапасын арттыру жəне 
ресурстарды тиімді пайдалануды ілгерілету. Бағдарлама басымдылығының құрамына мына 
мəселелер кіреді: білім, жұртшылықты ақпараттандыру жəне адал ниетпен басқару (9 тар.қар.).
Қоршаған ортаның бұрынғы ластануын жою жөніндегі Бағдарлама 
ҚР Үкіметі 1991 жылға дейін болған қоршаған ортаның бұрынғы ластануының барлық 
түрлерін жою туралы бағдарламасын жасады. Қазіргі уақытқа дейін оған шолу жүргізілді жəне 
проблемалық аймақтар анықталды. Енді қайта қалпына келтіру бағдарламасы 2008 жылдың 
ортасына қарай қабылданады деп күтілуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет