Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы


Қарсы шабуылдау тактикасы -



бет44/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52
Kniazbaev kures — копия

Қарсы шабуылдау тактикасы - қарсыласы белсенді қимылға көшкенде орын алатын қолайлы сәттерді пайдалана отырып , палуанның қарсы шабуылдауы және қарсыласының шабуылына жауап ретінде шабуылдауы болып табылады. Бұл тактиканы шапшаңдығы жағынан палуанның қалық , ұдайы немесе ауық – ауық шабуылдау әдісін қолданатын қарсыласқа қолданған тиімді.
Қарсы шабуылға шығуға кез – келген спортшы кез келген қолайлы жағдай туғыза бермейтін болғандықтан оларды мұндай әрекет жасауға мәжбүр етіп отырған дұрыс. Ол үшін қарсыласты белсенді қимыл жасауға және әр түрлі амалдар қолдануға ұмтылдырып , содан соң сәтін тауып , кенеттен қарсы шабуылға шығу қажет. Егер палуан бұл спортшымен алғаш рет кездесіп отырған болса , онда белдесудің басында қарсыласын өзімен

50


басымдаумын – ау деген әсер қалдыру керек. Сонда ол жеңіске тез жетуге тырысып , шабуылдауға беріліп кетеді де қарсы шабуыл жасауға қолайлы жағдай туады.
Қарсыласын шабуылдауға мәжбүр ету әдісін әбден игермеген спортшы өзі оның жетегінде кетіп , оған толық тәуелді болып қалады. Әдетте , ондай спортшы қарсыласының шабуыл жасауын күтіп , ұзақ уақыт жалтарып жүреді де , сөйтіп қарсыласының өзіне қарсы шабуыл жасауына қолайлы жағдай туғызады , яғни әдісін алдырады.
Қарсы шабуыл жасау тактикасын қолданатын палуанның реакциясы мен әрекет жасау шапшаңдығы өте жоғары , өзі аса икемді , техникасы жетік , батыл , қайтпайтын және дәл қимыл жасай алатын болғаны жөн. Тез өзгеріп отыратын жағдайда жақсы жол тауып шыға алатын және күрескерлік ойға тез болуы керек. Мұндайда қимыл жасуға кешігіп қалса болғаны қарсы амал жасап жеңіске жете алмайтынын былай тап болуы ықтимал.
Қарсы шабуыл жасау тактикасын пайдаланатын палуанның өзінің қарсы амалдарын қолдануына алғы шарт жасайтындай қорғаныс тәсілдерін қолданғаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет