Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы



бет45/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52
Kniazbaev kures — копия

Қорғану (күту) тактикасы палуанның белдесуде белсенділік көрсетпей көңілін түгелдей қорғануға аударып, тек қарсыласы қателескен жағдайда ғана шабуылдауға көшуімен сипатталады. Мұндай тактика палуандарды қарсыласының әрекетіне толық тәуелді ете де спортшының жеңіс үшін күресуге мүлде мүмкіндік бермейді. Мұны былай қойғанда егер бүкіл айқас бойы осы тактиканы ұстанатын болса , ондай спортшы әдетте жеңіліп қалады. Өйткені ең мұқият қорғанудың өзінде айқас бойы батыл әрі қоймастан шабуылдап жүрген қарсыласының оның қорғанысына осалдық тауып , әдіс қолданатыны сөзсіз. Бұған қоса сылбыр болып , белсенді шабуылдамағаны үшін палуанға айып салынады.
Аз уақыт қорғануға өзіні әдістері мен қарсы әдістерін орындау үшін қарсыласының қатесің қалт жібермеу үшін палуан аса сақ болуы керек.
Қорғану тактикасын жүзеге асыратын жағдайда қорғанудың жақсы амалдары мен және қарсыласының қимылы шектейтін ұстау әдістерімен қатар шебер маневр жасап , жалған амалдар ,жұлқу , итеру тәсілдерің қолдану қажет. Сөйтіп , қарсы палуан шабуылға шығу үшін ес жиғызбау керек.
Күрестің кәзіргі даму дәрежесі палуанның тактиканың барлық түрін игеріп , оларды орайына қарай қолдана білуін , өзінің

51


дайындық дәрежесіне, қарсыласының ерекшеліктеріне және жарыстағы, сондай-ақ айқастағы нақты жағдайға сәйкес оларды ұштастыруға алуан талап етеді. Әр түрлі қарсыластармен кездескенде ғана емес , бір қарсыласпен жекпе – жекке түскеннің өзінде де әр түрлі кезеңде әр түрлі тактиканы қолданудың қажет болатыны да бар. Сондықтан жоғарыда айтылған тактиканың барлық түрін де игеру керек. Әрбір нақты жағдайға сай белдесуге жаңа тактиканы қолданатын палуан қарсыластары үшін аса қауіпті , ал оның өзі көбінесе алдырмайды.
Атақты палуандар жекпе – жекте жағдайға орай түрліше тактиканы үлкен шеберлікпен қолдана алады. Бұл олардың жауапты және қиын жекпе – жектерде табысқа жетуін едәуір дәрежеде жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет