Ф-об-001/033 Қазқстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі



бет12/15
Дата15.06.2016
өлшемі338 Kb.
#137246
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Ф-ОБ-001/033

қолғандай етіп ойындағысын тура айта салады. Мүмкін, сол себепті шығар әйтеуір осындағы науқастар оған инедей шүбә келтірмей иманындай сенеді.

Әдетте профессор науқас кісілерге, әсіресе бүгін-ертен операция столына жатайын деп тұрғандарға жылы шырай байқатпайды екен. Қайта әлденеге қатты жаны кейіп тұрғандай сыңай көрсетіп, күрең қабақ танытып, қатал сөйлеседі.

Әр сөзін шегелеп жатқандай-ақ нығыздап-нығыздап айтып, даусын сәл көтеріңкіреп, ызалы үнмен сөйлесудің кімге керегі бар дейсің ғой? Мұнда бір сыр бар сияқты.

Ажал иісі анқыған қан майданға кірер алдында азды-көпті үрейге бой алдырып тұрған жауынгерді сәл де болса демеп, жігерлендіріп, жан дүниесін шақыртып жіберетіндей қаһарлы сөз қажет емес пе?! Арпалыс алдында командир жауынгерлеріне «айналайын!» - деп жәмпеңдеп жатпайды. Қайта қаһарына мініп, өз бойындағы жауға деген өшпенділікті, ашу-ызаны, от-жалынды қатардағы жауынгерлерге де, бөліп бергісі келгендей өзінен-өзі буырқанып, бусанып, айбат шегіп кетеді ғой. Мұның өзі солдаттарды табанда жігерлендіріп, бойына күш қуат беріп, қайрап жібереді.

Елена Андреевна да, әрбір нейрохирургиялық операцияны адам өмірі үшін болған қан майдан деп біледі. Өзін сол қиян-кескі шайқастың командирі сезінсе керек. Ал науқастарды, әрине ол бұйрықты мүлткісіз орындауға тиісті солдат санайды. «Ауруды жеңіп шығу үшін сендер өздеріңе аянбай барларыңды салып күресулерің керек», - дегенді жиі айтқан хикаят-монологтан кездестіруімізге болады.

Профессор әдетте кеселі тым асқынып кеткен, операциядан тірі шығуы дүдәмал науқастармен ғана сыпайылық сақтап, жылы шыраймен, «жақсылап» сөйлеседі екен.

Елена Андреевна – шындықты жасырмайды. Айтарын білтелеп, сипақтап жатпайды. Жұқалап, сипалап сөйлеген басқа дәрігерлерді де

Ф-ОБ-001/033

жақтырмайды. Ол аурудың көзіне тік қарап тұрып «жүресің!», «не жүре

алмайсың!»- деп кесіп-жарып турасын төбеден түскендей етіп бір-ақ айтып салады. Профессордың операциядан кейін үзілді-кесілді айтатынын аурулар

жақсы біледі. Оған мысал ретінде Ержанның операциядан шыққан сәттегі Елена Андрееваның жауабына зер салсақ.

«...Профессор менің халімді қалт жібермей сезіп қойды. Әдетте ол айтпақ ойын білтелеп жатпай, төтелеп соғатын. Бұл жолы олай істемеді. Менің бұрынғыдан бетер зәрем ұшты. Аяқ-қолымның ұштарын қайта-қайта инемен шұқылап көріп, сезімталдығын тексере бастады.

Екі қолымда иненің өткір ұшын жақсы сезетін сияқты. Бірақ өткір екені қанша шаншып жатса да, екі аяғым түк сезер емес.

Профессордың қасындағы бір топ дәрігерлер де менен көздерін алмай, тесіле қарап тұр. Олардың мына өлі тыныштықты бұзуға жүректері дауламайтын сияқты осы бір топ ақ халатты адамдар тас боп қатып, сілтідей сынып қалған еді.

Бір сәт профессор ішінде айықпас дерті бар адамдай: «Иә», - деп ауыр күрсінді. Жүрегім зырқ ете түсті. Елена Андреевнаның осы бір аянышты үні

маған бәрін жеткізгендей болды». [14,112 - 113 ]. Автор, Елена Андреевнаның образын жасауда дәрігерлер бойында кездесетін – қайсарлық, батырлық, мейірімдлік, сезімталдықты көрсете білген. Осымен қатар, жоғарыда баян еткендей бас дәрігер бейнесін жасауда психологиялық характерді қолданған. Демек, Н.Келімбетов Елена Андреевнаның бейнесін танытуда көркемдік ойлау жүйесін дұрыс қолдана білген.



Жас дәрігер жігіт - ол өз ісін ешкімнен кем білмейді. Жүйке ауруларын емдейтін дәрігер невропотолог жап-жақсы адам. Жолдастарының арасында да, жұмыс орнында да құрметті. Бұл дәрігердің бойындағы ерекше бір қасиет – медицина жөніндегі әңгімені онша жақтырмайды. Ал табиғаты аса сезімтал, ішкі эмоциялық әсері күшті сенімсіздікті қалт қағып алып, одан
Ф-ОБ-001/033

өзінше қорытынды шығарады. «Дәрігер өзі айтқан сөзге өзі де, онша сенбей отыр»- деп ойлайды. Содан барып, емделуге келген адамдар тәп-тәуір дәрігердің қабілетіне, біліміне, мүмкіндігіне шәк келтіре бастайды.

Ал, көңіліне мұндай күмән түскен науқас кісіге ешқандай ем қонбайтыны мәлім ғой. Жазушы дәрігер жігіттің бейнесін жасауда, оның бойындағы дәрігер мамандығына деген суықтықты танытады. Дәрігер жігіт бұл салаға өз қалауымен келмегендігінің себебін ашып көрсетеді. Оның өз қалауы археолог болу. Дәрігер мамандығы бойынша біраз жыл жұмыс атқарады. Жұрт сыйлайды. Ал жігіт болса өзінің дәрігер екеніне сенбейді, сенгісі де келмейді. Дәрігер жігіттің образын жасауда автордың айтқысы келгені, дәрігер жігіт өз мамандығын бірте-бірте өшіп бара жатқан шам сияқты көріп кетті дейді.



Профессордың көмекшісі –жас жігіт. Бұл мүлдем басқаша адам. Профессор кейбір операцияларды соған сеніп тапсырып, өзі тек бақылап қана тұрады. Бірақ оның білгіштігінде, қолының ептілігінде емес. Басқада. Ол өзі қараған науқас жандардың іші-бауырына кіріп, олармен тез арада ұршықша иіріп араласып кетеді. Ол - өз мамандығы бойынша былай түсініктеме береді. «...Ақын шабыт арқылы, ақын болса, дәрігерлікте солай. О, баста өзінің осы іске деген икемі, ынтасы, тіпті дарыны болмаса, қанша оқытсада одан нағыз дәрігер шықпайды. Дәрігерлікті кәдімгі кәсіптердің бірі де түсінетіндерге жаным ашиды. Өзім дәрігермін. Әйтсе де, әріптестерім маған қашанда үнемі бір құпия, киелі қасиеті бар, елден ерекше жандар сияқты боп көрінеді. Мұндай қасиет басқа тірі пендеде жоқ екеніне жүрегім кәміл сенеді. Мені дәрігер еткен міне сол сенім». Бұл жігіттің бейнесін реалды түрде ашып

көрсеткен. Бұл өмірде кездесетін құбылыс. Н.Келімбетов – бұл образды жасауда мамандыққа деген сүйіспеншілікті көрсете білген.



Кезекші дәрігер – Мейман. Сұңғақ бойлы, ат жақты, қою қара шашты, ақ құба жігітті мұнда танымайтын адам жоқ. Ол-нейрохирург, профессордың
Ф-ОБ-001/033

ең жақсы көретін көмекшісі. Мейман Кожековтың сөзінің әзіл-шынын ажырату қиын. Сәл қылжақбастау ма, деп қаласыз. Мейман нейрохирургия бөлімшесіне кезекші болған күні, Ержан операциядан сәтті шыққан еді. «...Міне, қазірде сәл езу тартып, күлімсіреп менен көз алмай қуанып тұр.

Оның мына түріне қарағанда маған соншама күйіп-пісетіндей түк те бола қойған жоқ сияқты. Бір-екі күн шыда сосын өз аяғыңмен шапқылап кетесің деп тұрғандай еді» [14,90 ].

«Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологындағы дәрігерлер бейнесін жоғарыда сөз етік. Мұндағы образды жасауда, автор жалпы дәрігерлер бойындағы типтілікті, ақ халатты абзал жандардың бойындағы жақсы істерді ашып көрсете білген.


    1. Ақылбек пен Мейіркүлдің махаббат хикаясы.

Жазушы хикаят-монологта бейнебір кинофильм іспетті, Ақылбек пен Мейіркүлдің махаббат хикаясын сомдаған. Ақылбек – Ержанның палатасындағы науқас кісі. Автор оның партретін былайша суреттеген. «... Ол өзі елуді енді ғана енсере бастаса да төбе шашы сиреп, әжептәуір қасқаланып қалған, самайына қырау іліккен, атжақты, тік қабақ,қара торы кісі. Бір қарағанда жүзі сұсты, өңі ызғарлы көрінгенмен, ол мінезі жібектей есілген биязы, жаны жайдары, әзілқой жан екен. Бойы онша ұзын емес, қайта тапалдау болса керек». [14,42 ].

Н.Келімбетов, Ақылбектің портреті, мінезі арқылы оның бүкіл бойындағы сырын ашып көрсете білген.

М.Жұмабаев «Педагогика» атты ғылыми еңбегінің «Психология» тарауында: «Адамның жан сыры дене арқылы, мимика арқылы сыртқа білінеді», дене де, жанға байлаулы жан көріністері денеге қатты әсер береді. Адамның көзқарасы, даусы, аяқ басуынан жанның қандай күйде екені көрініп-ақ тұрады. [7, 243 ]. – деуі Ақылбектің образын жасауда,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет