Бронх демікпесін емдеудегі басты шарт



бет1/3
Дата17.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#480932
  1   2   3
БА емі

Бронх демікпесін емдеудегі басты шарт

  • Науқас адамның бронх демікпесінің алғашқы белгілері жайлы хабардар болуы. Сол себепті дәрігердің бірінші міндеті науқас адамның өз ауруы жайлы сауаттылығын ашу болып есептеледі. Науқас адам дәрігер келгенше өз еркімен бронх демікпесі қозу дәрежесінің қай сатысына қарамай ингаляциялы түріндегі қысқа әсерлі b2 – агонистерді қолдана беруі шарт.
  • Орташа ауыр және ауыр дәрежедегі бронх демікпесінің қозу ағымында алғашқы 2 сағат ішінде бронх кеңітетін дәрілерден пайда болмаса жүйелі корткостероидтарды қабылдау қажет.

Амбулаториялық емдеу тәртібі

  • Амбулаториялық жағдайда ТЖЖШ нің көрсеткішін ем қабылдамай тұрып өлшеген абзал.
  • Қозу дәрежесі ауырдан төмен жағдайда бастапқы ем қысқа әсерлі b2 –агонистпен ингаляция жасау (бір сағат ішінде 3 ретке шейін). Бір сағаттан кейін пикфлкометрикалық көрсеткіш физиоло-гиялық қалыптан 80 %-дан жоғары болса 24-48 сағат бойына әр бір 3-4 сағат сайын ингаляцияны алып тұруы керек. Егер алғашқы ем толық болмаған жағдайда (ТЖЖШ мен ТШТК1 көрсеткіштері 60-80 % аралығында) ингаляциялық емге қосымша пероральды кортикостероидтар қабылдайды.
  • Егер жоғарыдағы көрсеткіштер 60 % - дан төмен болса амбулаториялық дәрілік ем шамасыз деп есептеліп дәрігер немесе жедел жәрдем шақырылуы тиіс, жалпы жағдайының ауырлауы тез арада ауруханаға жатуды талап етеді.

Бронхтық астманың емі

Бронхтық астманың сатылы емі

I саты (интерметтеуші астма, эпизодтық түрі):

  • - қысқа әсерлі ингаляциялық бронходилататорлар;
  • - аллергенмен жанасар алдында немесе дене қызметінен бұрын ұзақ әсерлі симпатомиметиктер немесе интал;
  • - аллергендермен жанасудан аулақ болу.
  • ІІ саты (жеңіл персистеуші астма):

  • - профилактикалық дөрмектерді (интал, интал-плюс, дитек, тайлед, задитен) үзбей қолдану;
  • - бұлар әсер етпесе немесе емнің басынан — ингаляциялық стероидтар 200-500 мкг/теул., қажет болса — 750-800 мкг/тәул.;
  • - қысқа өсерлі симпатомиметиктер (мұқтаж болғанда күніне 3 реттен асырмай немесе ингаляциялық глюкокортикоидтардың алдында 5-7 минут бұрын);
  • - түнгілік ұстамалар болғанда үзақ әсерлі бронхолитиктер (теофиллин) немесе симпатомиметиктер (инталды ингаляциялық стероидтармен бірге қолдануға болады).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет