Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет110/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

 
Әдебиеттер 
1. 
Әліпбай С. Жаңа Жібекжолы -Қазақстан қарыштауының кепілді шарты: тәуелсіздік талаптары // Егемен Қазақстан. –
2013, қараша–12. 
2. 
Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. - Алматы: ҒӘ Пбк «GAUHAR», 2002. -568б.
3. https://egemen.kz/article/171243-2-shilde-%E2%80%93-qazaqstannynh-diplomatiyalyq-qyzmeti-kuni 
3. http://www.mfa.kz/kz/content-view/ekonomicheskaya-diplomatiya 
ӘОЖ 314.544.5 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ САЛТ ДӘСТҮРІН НАСИХАТТАУ 
 
Асанов Қ.А. – ИП-20-8к тобының студенті 
Тасполтаева М.Р. – магистр, аға оқытушы 
Болашаққа бағдар жол, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев болашаққа деген үлкен сеніммен қазақ еліне «Рухани 
жаңғыру» атты жобасын ұсынды. Қазақ жеріне рухани құндылықтарды сақтау ең басты мақсатымыз болып табылады. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жастарға «Біз сендердің білікті маман, болашағы жарқын отаншыл. Намысшыл азамат болып 
өсүлерің үшін барлығын жасап келеміз. Біз сендер үшін білім беру мен ғылымның ең озық жүйесін жасаудамыз. 
Сендердің алдарыңнан ата – бабаларың армандап көрмеген ғаламат мүмкіндіктер ашылуда. Біздің жеңісті жолымыз бен 
жасампаз дәстүрімізді сендер лайықты жалғастыруға тиіссіңдер! » Рухани жаңғырудағы басты мақсаттың бірі ата 
бабамыздан қазақ еліне деген салт дәстүрлерді ұмытпау, болашаққа сол қалпында жеткізу бұл әрбір қазақ алдындағы 
борыш! Бұл жобаны ашу мақсатында біз келе жатқан ұрпаққа ұмытылмас көне салт дәстүрімізді ұсынамыз. Осы кезге 
дейін сақталған әрбір салт дәстүр түрі тәрбие көзі болып табылады. Қазақ салт дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, әдет-
ғұрыптарды, дәстүрлі тағамымызды сақтау, ұстану бұл қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі болып келеді. Сол 
мәдениетке халықтың тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдет ғұрпы кіреді. Бұны ұлттық кодтың элементтері дейміз. Салт 


125 
дәстүр – адамзаттың ғасырлар бойы жинақталған құндылығы, мәдени мұрасы. Әдет-ғұрып дегеніміз сонымен қатар 
адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіп. Осы арқылы әрбір халық өзін-өзі тәрбиелеп отырады. Дәстүр кез-
келген қоғамда, отбасында кездеседі. Дәстүрді бір қалыпқа қатып қалған құбылыс екен деп түсіну қате. Ол әр кезеңде 
өзгеріп отырады. Дегенмен ұлттық кодымызды сақтау үшін дәстүрдің озық үлгілерін насихаттап отыру керек. Бұл өз 
кезегінде ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелейді. Рухани жоба арқылы біз жастарды 
тәрбиелеуге, ұлттық санамызды дұрыс қалыптастыруға маңызды рөл атқарады. Бұл жоба шеңберінде «100 қазақ
дәстүрі» және «Қазақстанның 100 ұлттық тағамы», қазақтар жайлы кеңінен жазылған мұралар, болашақ ұрпақты 
тәрбиелеуге байланысты бағдарламалар, фильмдер, жаңа мамандырылған қазақ салт дәстүрі жайлы бағдарламалар 
жоспарлануда және әрбір жобада кездескен қазақ салт дәстүрі жайлы ақпараттар жастарды өзінің сана сезімін 
қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар бұл жобада әрбір ұлттық салт дәстүрді, баталарды, ұлттық тағамдарды, 
ұлттық киімдерді, ұлттық қолөнерді дұрыс қолдануға мүмкіндік табылады. Қазіргі таңда қазақ салт дәстүрлерінің 
өзектілігі көбісі ұмытылуда және салт дәстүрді қолданысқа ие біразін тізіп айтсақ болады. Қазіргі таңдағы қолданысқа 
ие қазақтың тәрбие салт-дәстүрлері: шілдехана, сүндеттеу, кіндік кесер, ат қою, бесікке салу, бесі жыры, тыштырма, 
қырқынан шығару, тілашар, бәсіре, жеті ата, айдар, аузына түкірту, алтыбақан, асырап алу, тыйым, құлақ тесу, қыз қуу, 
қызойнақ. Ал отау көтеру дәстүрлері: қыз айттыру, қыз көру, құда түсу, қалың мал, киіт, құйрық-бауыр, өлі тірі, сүт ақы, 
қыз ұзату, неке қияр, жар-жар, келін түсіру, қоштасу, есік ашар, уй көрсету, дәмету, шыңырақ көтеру, беташар. Және 
отбасы салт-дәстүрлеріне келетін болсақ: ауыз тию, артынан топрық шашу, әдеп, бата, бәйге, дауыс. Бізде Наурыз 
мерекесі яғни қазақ салт –дәстүрілері: наурызнама, наурыз куні, қыдыр ата, наурыз айы, наурыз көже, наурыз бата, 
саумалық. Бұл қазақ салт - дәстүрлері қаіргі таңда қолданылады. Халқымыздың жеті атасын білу дәстүрі. Жастайынан 
баланың құлағына жеті атасын сіңіру, өз тегін білуге үйрету деген сөз. Жеті атаға дейін туыс болып келу қан тазалығын 
сақтауға, қыз алыспауға міндеттейді. Жеті ата ұстанымына беріктік біздің салт-дәстүрімізге ғана тән қасиет, қуатты 
тетік. Дәстүріміздің тағы бір көрінісі ретінде айтпағым, отбасындағы ер азаматтың орны. Отбасындағы отағасын 
сыйлау, баланың алатын өнегесі деп білу өз мәнісін жоғалтып бара жатқандай. Ал бұл қасиет ата-салтымызда жоқ нәрсе. 
Ер азаматтың тірлігі түзде, әйелдікі үйде деген ғұрыпты өз қолымызбен жойып жатқандаймыз. Анамыздан, үлкен 
әжелерімізден сұрасаңыз олар ері үйден шығарда қайда кетіп бара жатқанын, қашан келетінін сұрамаған. Ал қазір кері-
сінше әйел адам үйді билеп-төстейді, ер азаматы әйелінің рұқсатынсыз сыртқа шықпайтындай күйдеміз. Мұндай 
әрекетімізбен ұрпағымызға дұрыс тәрбие бермейміз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» демекші ұл әкесінен 
үйренгенін, көргенін істейді. Ал, қыз бала үй шаруасына икемделіп, оны болашақ ана ретінде тамақ пісіру, киім тігу, 
тазалыққа тәрбиелеу міне, нағыз ұлтымыздың әдет-ғұрпы. Қазіргі таңда қазақ салт дәсүрінің өзектілігі, жастардың салт 
дәстүрді дұрыс ұстанбауы. Әрине шет елге елігіп бара жатқандарда аз емес. Жастарды дұрыс жолға салатын, ер 
азаматтарымызды намысты, қыздарымызды тәрбиелі, өнегелі қылатын бұл елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру» мақаласында ұлттық код туралы айтып, оны сақтауды міндеттеді. Ұлттық код дегеніміз ұлттық құн-
дылықтарымыз. Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлерімізді ұрпаққа жеткізу аға ұрпақтың парызы. Әрбір халықтың 
белгісі, этникалық мәдениеті болады деп айтқан. Қазақстанның болашағы жастар қолында. Сол себепті Қазақстан 
ұрпақтарына жасалған арнайы жоба бұл рухани жаңғыру болып табылады. Желіде тарап жатқан қазақ ұстанбайтын сал 
дәстүрлері деген сөзді көп байқаймыз. Ата заңымыз сақталған, қуатты мемлекетке айналу үшін біз өз тарихымызды, өз 
салт-дәстүрімізді, өз мәдени құндылықтарымызды сақтауымыз қажет. Қазақ салт дәстүрінің қазіргі таңда кең таралмаған 
ұстанымдары бар, олар: ат тергеу, құрсақ той, жарыс қазан, сүйек жаңғырту,селт еткізер, абысын асы, асату, босаға 
майлау, қалау айту, аунату, ажырасу көже, бәсіре, тізе бүгу, бел көтерер, өңір салу, үлкен баланы ата-әжесінің 
тәрбиелеуі, бала беру, әмеңгерлік, қалыңдықты алып қашу, шаш өру, көгендік, кеусен, өлі сыбаға, көгентүп, 
жиенқұйрық, иткөйлек, қарын бүрме, быламық сорпасы, сүбе орамасы, үлпершек. 
Абысын асы салт дәстүрі: Бұрын күйеулерінің рұқсатынсыз әйелдер көңіл көтеруге бара алмайтын. Ер адамдар 
тойға аттанғанда, айтта ауылда тек әйелдер қалады. Ол кезде олар өздеріне мереке жасайтын: дәмді ет пісіріп, 
самауырын қойып, ән айтып, қалжындасады. Бұл қазақ әйелдерінің бірлігі мен достығының көрінісі. «Абысын асы» 
әйелдерді біріктіреді және жақындастырады. 
Асату салт дәстүрі: Әдетте ақсақалдар өз қолдарымен табақтан бешбармақ қалдықтарын алып, балаларға береді. 
Бұрын балалар қонақтардың тамақтанып болғанын күтетін. Жазушы Сәбит Мұқанов бұл дәстүрді өз шығармаларында 
кеңінен насихаттайды. 
Босаға майлау салт дәстүрі: Жас жұбайлар үйленген кезде немесе біреу жаңа үйге көшкен кезде, туыстары 
табалдырықты маймен жағады. Үйде береке болсын деген ниетпен істелінеді. Бұл дәстүрді орындағандарға үй иелері 
сыйлық береді.
Әрбір ата бабамыздан қалған салт дәстүрдің өзіндік ерекшелігі бар. Ертеңін ойлаған, ел басқарар, әрбір қазақ 
өзінің құндылығын, салт дәстүрін, мәдениетін ұмытпау қажет. Елбасымыздың бізге арнап жасаған «Рухани жаңғыру» 
жобасы қазақ болашағына жасалған қадамдардың бірі. Ұрпағымызды ұлттық рухпен тұлға етіп қалыптастыру – 
халқымыздың тәрбие негізі. Асыл қазына – салт-дәстүріміздің қадамы нық болса, болашағымыз сенімді болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет