Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет18/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
АШМ

2. Жаңбырлатып суару тәсілі
Бұл тәсіл топыраққа, өсімдікке және оларды қоршаған ауаға ең қолайлы тәсіл. Мұндай әдісте су соргыш арқылы арнайы жаңбырлатқышқа су беріледі де, жоғарыдан топыраққа жаңбыр түрінде себіледі. Басқа суару әдістеріне қарағанда жаңбырлатып суарудың төмеңдегідей артықшылығы бар:

  • Суаруды толық механикаландыру.

  • Жер асты ыза суы жақын жерлерде өте қолайлы.

  • Егінді өзара жақын егуге мүмкіншілік туады.

  • Күрделі еңістікті жерлерде пайдалануға қолайлы.

  • Жер бетінің тегістігін қажет етпейді.

  • Аз су мөлшермен жылдам суаруға болады.

  • Ағынды (ақаба) су болмайды.

  • Су 25-30 пайыз үнемделеді т.б.

Мұнымен қатар біраз кемшіліктері бар:

  • Металды жабдықтарды көп қажет етеді.

  • Ауыр топырақта суару сапасы төмендейді.

  • Шамадан ірі тамшылар топырақтың құрылымын бұзуы мүмкін.

  • Топырақтың тек жоғарғы /40см/ қабаты ғана ылғалданады.

Жаңбырлатып суғарғанда суару жүйелері жабық, не ашық болуы мүмкін. Сонымен қатар ол тұракты, жартылай тұракты және жылжымалы болып үшке бөлінеді.
Тұрақты суару жүйесінде - барлық су жүйелері тұрақты болады, еш өзгертілмейді. Жаңбырлатқыш аппараттар да, суару жүйелері де тұрақты болады.
Жартылай тұракты - барлық су жүйелері тұрақты да, жаңбырлатқыштар жылжымалы болады.
Жылжымалы су жүйелері - барлық су жүйелері мен жаңбырлатқыштар жылжып отырады.
Жаңбырлатқыш машиналар, аппараттар, механизмдер жаңбыр тамшысы жететін қашықтығына қарай үш топқа бөлінеді:
Қысқа қашықтықты - ДДА-100МА. Бұлардың жаңбыр тамшылыларының ұшу қашықтығы 10-15 метрден аспайды.
Орта қашықтықты - «Днепр», «Фрегат», ДКШ-164 «Волжанка». Олардың жаңбырының тамшылары 20-25 метрге дейін жетеді.
Алыс қашықтықты - ДДН-70, ДДН-100, ДФД-100-жаңбырының тамшылары 30-50 метрге дейін жетеді.
Жаңбырлатқыштарды суару алқабының топырағына, табиғи жағдайына сәйкес қабылдаған жөн. Оларға койылатын өз талаптары бар.
Негізгі талап, жаңбырлатқыштағы жаңбыр үдемділігі топырақтың су сіңіргіш қабілетімен бірдей немесе төмен болуы керек. Мұндай жағдайда барлық жаңбыр топыраққа сіңіп отырады. Ол үшін суарылатын жердің топырағының су сіңіргіштік қабілетін анықтап алып, сүлбе құру керек. Содан соң осы сүлбеге жаңбырлатқыштың төлқұжатынан жаңбыр үнемділігін тауып алып салу керек. Егер ол осы сызықтың төменгі бөлігінде болса, онда бұл агрегатты пайдалануға болады. Ал жоғарғы жағында болса, мұндай агрегатпен суаруға болмайды. Өйткені, жаңбыр суы топырақка сіңіп үлгірмей, жер бетінде көлкіп, алқаптың сыртына ағып кетеді. Сонымен жаңбырлатқыштарға төмендегідей жалпы талаптар қойылады:

  • жаңбырдың жерге түсу үдемділігі топырақтың су сіңімділігіне сәйкес келуі керек. Су сіңімділігі Костяков бойынша-ауыр топырақ үшін - 0,1...0.2 мм/мин; орта топырақ үшін-0.2...0,3 мм/мин; жеңіл топырақ үшін-0,5...0,8 мм/мин болуы керек;

  • жаңбырдың мөлшерлі диаметрі 1 -2 мм-ден аспауы керек;

  • суару жүргісінде белгіленген суару нормасын егістікке толық берілуі керек және ол судың алқап бетіне көлкіп жатпай сіңіп кету тәсілін пайдалану кажет;

  • суды алқап бетіне тегіс жаңбырлатып, ылғалдану коэффициенте 0,8-ден жоғары ұстап тұру керек;

  • жаңбырлатқыштардың әрқайсысын ұзақ жыл жұмыс істеуін және жұмыс уақытының тиімді пайдалануын қамтамасыз ету қажет;

  • жаңбырлатқыш арқылы суғармалы жерлердің пайдалану коэффициентің жоғарылатып, суды тиімді пайдаланып, сумен бірге минералды тыңайтқыштарды да беруді ұйымдастыру керек

Екінші мәселе - жаңбыр тамшысының диаметрі. Ол топырақтың құрылымын бұзбауы қажет. Мысалы: ДДН-100, ДДН-70 агрегаттарының жаңбыр тамшысы өте ірі болып келеді. Оларды тек топырағы құмдақ жерде пайдаланған жөн. Бұл жағынан ең қолайлысы ЭДМФ - «Кубань-М» машинасы, себебі оның жаңбыр тамшысының диаметрі 1.5 мм шамасында. Тамшы диаметрі жаңбырлатқыш саптамасынан шығатын судың қысымы мен оның тесігінің шамасына байланысты. Қысым жоғары болған сайын, тамшылардың майда болып бөлшектеңуі де жоғарылайды.
Жанбырлатқыш саптамалары ағымына байланысты қысқа, орташа және алыс ағымды болып үшке бөлінеді (сурет).
1. Қысқа ағымды саптамалар:

а - секторлы (ЭДМФ «Кубанъ-М»); б - қасық типтес; в - жасушалы; г - дефлекторлы (ДДА-100МА); д - айналмалы.

2. Орташа ағымды саптамалар:


3. Алыс ағымды саптамалар:





а,б - қос және үш тесікті («Фрегат»); в,г - екі және бір діңгелі (стволды) аппараттар (ДДН-100, ДФД-100).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет