Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы. Жоспар: кіріспе. 3-5 Бірінші тарау. Германияның бірігуі


Ерікті демократилық партия (Св.ДП)



бет5/12
Дата05.10.2023
өлшемі375 Kb.
#479886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дип.-Германия-мен-Қазақстанның-қарым-қатынасының-дамуы 2

Ерікті демократилық партия (Св.ДП). 1948 жылы Св.ДП әр тұрлі әлеуметтік-либералдық ағымдағы топтарды өз төңірегіне топтастырады. Ұзақ жылдар көлемінде ол ФРГ саяси өмірінде ықпалды роль атқарған партиялардың сапында үшінші орынды иеленді. Партия бағдарламасын халықтың орта табы-үсақ кәсіпкерлер қолдаған. Батысгермандық партиялардың арасында Св.ДП білім жүйесіне қайта құруларды жүзеге асыруды қолдаған бірден бір партия болды. 1949-1956, 1961-1966, 1982-1998 жылдары және 1969-1982 жылдарының арасында ол басқарушы партиялар ХДС/ХСС-мен коалицияға кіреді. Св.ДП-ның лидері европалық интеграция мен Германияның бірігуін жақтаушылардың бірі Ханс Дитрих Геншер. Ол 1990 жылдары шығысгерман жерлеріндегі ерікті демократтарға қолдау көрсеткен. Ол партия басшылығынан кеткеннен кейін оның орнын Вольфганг Герхардт. 1983 жылы ФРГ-дағы өткен сайлауда оларды халықтың 7%-ті, 1987жылы-9,1%-ті, ал жалпы геман сайлауында1990 жылы-11,0%-ті, 1994 жылы-6,2%-ті, 1998 жылы 6,2%-ті қолдаған.
Демократиялық социализм партиясы (ПДС). ПДС-Германияны (ГДР) басқарған Коммунистік СЕПГ партиясының мүрагері. Ол өзін 1990 жылы ақпанда ПДС деп атын ауыстырған. Шртия қатарын 18 айдың ішінде мүшелерінің 85%-ті тастап шыққан. Демократиялық партиясының лидерлері сталинизммен толық бөлек екендігін мәлімдеді. Бүрынғы Шығыс Германияда 1990 жылғы сайлауда сайлауға қатысқандардың 11,1%-ті ғана қолдады. Ал, батыс жерлерде сайлаушылардың 0,3%-ті ғана қолдаған. Одақ-90 «Жасылдар» партиясы. Ол партия 1979 жылы федералдық деңгейде экологиялықтардың бірнеше аймақтық топтарының бірігуі арқылы құрылған. Өзінің бағдарламасына даурықпа ұрандарды қосып, капиталистік концерндер мен монополияларды ірілендіруді талап етіп, «Жасылдар» партиясы 1983 жылы бірінші рет жалпы ұлттық сайлауда 5,6% дауыс жинап, бундестагта орын алды. Онан кейін ымыраға келмейтін оппазиционерлердің негізінде ірі партиялардың өз талаптарына экологиялық талаптарды қосуына байланысты «Жасылдардың» беделі түсе бастады. «Жасылдар» партиясы бундестагта жаңа жерлер арқасында орын алды. Батыс және • Шығыс «жасылдар» «Одақ-90-Жасылдар» деген атпен бірікті. Олар 1994 жылы-7,3% дауыс жинады, ал, 1998 жылы-47 орынға і.е болды. «Жасылдар» СДПГ мен үкімет бағдарламасын келісіп, және Шредер кобинетінде 3 министр портфеліне ие болды. Бүрынғы партияның парламенттік партиясының лидері Иошка Фишер ФРГ-ның сыртқы істер министрі болып тағайындалды [12].
Елде Республикандықтар ұлттық-демократиялық партия сияқты ультралық оңшыл топтар болды. Ультра оңшылдарды қолдау 1980 жылдары өсті. Олардың беделінің өсуі Шығыс Германия қалаларында экономикалық қүлдырауға байланысты өскен еді. Сонымен қатар Германияда көптеген майда үсақ партиялар, әртұрлі қозғалыстар бар. Соның ішінде ірілері әйелдердің қозғалысы, экологиялық үйымдар, пенсионерлердің бірлестігі және ультра сол партиялар. 1990 және 1994 жылғы сайлауд і үсақ партиялар мен қозғалыстар сайлаушылардың дауысының 4% жеңіп алды. Бундестагта олар орын ала алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет