Глоссарий Валидация



бет16/21
Дата02.01.2022
өлшемі30.84 Kb.
#453391
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
1 lab

Фармацевтік қызмет – дәрілік құралдардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасының қамтамасыз етілуін, дәрілік құралдардың дайындалуын, таратылуын және жойылуын қамтитын денсаулық сақтау саласында орындалатын қызмет.

Экстемпоралды дәрілік құрал – жеке дайындалатын дәрілік құрал.

Дәріханаішілік дайындама – майда (аз) сериямен дайындалған дәрілік құралдар.

Дәрілік зат – жеке химиялық зат немесе биологиялық белсенді қосылыс түріндегі дәрілік құрал.

Дәрілік комплекс – дәрілік заттардың жасанды немесе табиғи қоспасы, сонымен бірге биологиялық мүшелер мен жүйелердің жеке элементтері түріндегі дәрілік құрал.

Дәрілік түрдің жартылай фабрикаты – белгіленуі бойынша қолдану үшін жарамды, соңғы дәрілік түр алу мақсатында тұтынушы немесе медициналық персоналдың қосымша технологиялық операцияларын (еріту, араластыру және т.б.) жүргізуді талап ететін дайын дәрілік құралдың дәрілік түрі.

Әсер етуші зат – терапевтиклық, профилактикалық немесе диагностикалық әсер көрсететін, фармакологиялық немесе дәрілік құрал компоненті болып табылатын зат.

Шикізат – орамдаушы және маркалаушы материалдарды есептемегенде, дайын өнім алу үшін қажетті бастапқы заттар және материалдар.

Жартылай өнімдәрілік құрал болмай тұрып, өндірістік процестің келесі сатыларынан өтуге тиіс, жартылай өңделген шикізат немесе заттар. Бөлшек – біріншілік орамадағы алдын-ала анықталған, белгіленген дәрілік зат бөлігі. Бөлшектеу – алдын-ала анықталған, белгілі бөліктерге жартылай дәрілік өнімді массаларға бөлу бойынша технологиялық операциялар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет