Гуманитарлық пәндер



бет15/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

Бекіту сұрақтары:

  1. Аталған кезең өкілдерін атаңыз.

  2. Аталған кезең өкілдерінің шығармаларын атаңыз

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
7 Дәріс ХХ ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті
Сағат саны-1
Жоспары
1. А.Байтұрсынов - балалар әдебиеті тарихындағы ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы («Қырық мысал», «Маса» жинақтары).
2. М.Жұмабаев - лирик ақын. Мағжанның табиғат лирикасы. («Қысқы дала»,«Жазғы дала»,т.б.лирикалық өлеңдері мен поэмалары).
3. Ж.Аймауытов - дарынды жазушы, аудармашы («Қартқожа» повесі
1. А.Байтұрсынов өмірі мен шығармашылық қызметі. Белгілі қазақ ғалымы, ақын, ұстаз, журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.Әуелі ауыл молдасынан хат таныған Ахмет, реалдық орыс-қазақ училищесіне оқуға түседі. Оны бітірген соң, Орынбор қазақ мұғалімдері мектебін бітіріп, 1895 жылдан бастап Ақтөбе, Қарқаралы уездерінің мектебінде ұстаздық қызметін бастайды.
1905 жылғы революция оны батыл қимылдарға итермелейді. 1907 жылы революциялықбас көтерулерді аяусыз басқан үкімет Ахметті тұтқындап, Қарқаралы түрмесіне жапты. Кейін оны босатқанмен, жасырын ұйым мүшелерінің барлығы бақылауға алынады. 1909 жылы А.Байтұрсынов Семей түрмесіне қамалып, екі жыл қазақтардың арасында тұрмау жазасына кесіліп, жер аударылады. Ол үш жылдан кейін Орынбрға ауысты. Ахмет мұнда 1913 жылдан бастап халықтың қоғамдық –мәдени білімін ояту мақсатындағы «Қазақ» газетін ана тілінде шығара бастайды. Қазақтың жас ақын-жазушылары 1917 жылдың қазан айына дейін өмір сүрген осы газеттің төңірегіне топтасады.
Ақпан революциясынан кейін Ахмет қоғамдық-саяси өмірге белсене араласады. 1919 жылға дейін «Алаш» партиясының басшылығында болған ол, осы партия атынан Құрылтай жиналысына сайланады. Дегенмен, оңшылдар саясатының мәніне көзі жетіп, Совет үкіметі жағына өтеді.
Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем, халқыма пайдамды тигізем, қалай көзін ашам6 қйлысынан қалай оятам» деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келді.Ол әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды.Осы мақсатпен өлеңдер шығарады. А.И.Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның Петербургте 1909 жылы «Қырық мысал» деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» деген өлеңдер жинағы басылды.
Халқымыздың тарихында ол «Тіл - құрал», «Әдебиет танытқыш» атты қазақ тілі мен әдебиеті туралы үш томдық еңбек шығарды. Ахмет қазақтың бірінші лингвист-ғалым, қазақ тілі орфографиясын жаңашылы, тіл грамматикасының негізін салушы.
1920 Қазақстан кеңестерінің І съезінде Қазақстан үкіметіне мүше және Халық ағарту комиссары болып сайланады. 1921 жылы Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби комиссиасының төрағалығына тағайындалады.Ол әуелі Орынбордағы, 1926-28 жылдары Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институтында, кейін Алматыда ашылған Қазақ университетінде сабақ береді.
1924 жылы А.Байтұрсынов Қазақ өлкелік Революциялық соғыс советінің мүшесі болып, партия қатарына өтеді де, жаңа саяси жұмысқа кіріседі.
Қазақ Республикасының бірінші халық ағарту комиссары болып жүріп, бірнеше рет Ленинмен кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет