Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері



бет13/35
Дата30.09.2023
өлшемі314.17 Kb.
#479303
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Ы., Баймұсаева А. Б. Информатиканың теориялық негіздері-emirsaba.org

Мамандардың АЖ-лері.
Бұл деңгейдегі АЖ мәліметтермен жұмыс істейтін мамандарға көмектеседі, инженерлер мен жобалаушылардың жұмыс өнімділігі мен нәтижелілігін арттырады. Ұқсас АЖ-дің міндеттері – ұйымға жаңа мәліметтерді шоғырландыру және қағаз құжаттарын өңдеуге көмек көрсету. Индустриялық қоғам ақпараттыққа өзгеретіндіктен, экономиканың өнімділігі әрдайым осы жүйелердің даму деңгейіне тәуелді болады. Осындай жүйелер, әсіресе жұмыс станциялары мен кеңсе жүйелері қазіргі бизнесте жылдам дамуда.
АЖ-дің бұл класында екі топты бөлуге болады:
  • кеңселік автоматтандырудың АЖ-і;


  • білімдерді өңдеудің АЖ-і.


Кеңселік автоматтандырудың АЖ-і өзінің қарапайымдылығының және көп бейімділігінің салдарынан әрбір ұйымдастырушылық деңгейдегі қызметкерлермен пайдаланылады. Оларды жиі орта топтағы қызметкерлер: бухгалтерлер, хатшылар, клерктер қолданады.


Негізгі мақсаты – мәліметтерді өңдеу, олардың жұмыс тиімділігін арттыру және кеңселік еңбекті жеңілдету. Кеңселік автоматтандырудың АЖ-і әр түрлі аймақтардағы ақпараттық салалардың қызметкерлерін біріктіреді және сатып алушылармен, тапсырыс берушілермен және басқа да ұйымдармен байланыста болуға көмектеседі. Олардың қызметі негізінде құжаттарды, коммуникацияларды басқаруды, күнтізбені құруды және т.б. қамтиды.
Осы жүйелер келесі функцияларды орындайды:
  • әр түрлі мәтіндік процессорлардың көмегімен компьютерлердегі мәтіндерді өңдеу;


  • өнімнің жоғары сапалы басылымын өндіру;


  • құжаттарды мұрағаттау;


  • іскерлік ақпараттарды жүргізу үшін электрондық күнтізбелер және жазба кітапшалары мен электрондық және аудио пошталар;


  • бейне және телеконференциялар.




Білімдерді өңдеудегі АЖ, оның ішінде сараптық жүйелер, әзірлеме немесе жаңа өнімді құру кезінде инженерлерге, заңгерлерге, ғалымдарға қажетті білімдерді таңдайды. Олардың жұмысы жаңа ақпараттар мен жаңа білімдерді құрудан тұрады. Мысалы, инженерлік және ғылыми жобалау бойынша қызмет ететін мамандандырылған жұмыс станциялары техникалық әзірлемелердің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Орта топтағы менеджерлер үшін АЖ-лер.
Менеджмет деңгейіндегі ақпараттық жүйелер орташа басқарушылық буынның қызметкерлерімен мониторинг (үнемі байқау), бақылау, шешім қабылдау және әкімшілікті жүргізу үшін пайдаланылады.
Осы АЖ-дің негізгі функциялары:
  • ағымдағы көрсеткіштерді өткендегімен салыстыру;


  • оперативтік деңгейдегі сияқты ағымдағы жағдайлар бойынша есеп берулерді беру емес, нақты уақыт ішінде мерзімдік есеп берулерді құру;


  • мұрағаттық ақпараттарға және т.б. жіберуді қамтамасыз ету.


Осы деңгейде АЖ-нің екі түрін атап көрсетуге болады: басқарушылық (менеджмет үшін) және шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесін.



Басқарушылық АЖ-де аналитикалық мүмкіншіліктердің кейбір қырлары бар. Олар істің жағдайлары туралы күнделікті ақпараттарды мұқтаждық ететін басқарушыларға қызмет көрсетеді.
Олардың басты міндеті фирмадағы күнделікті операцияларды бақылау және қатаң құрылымдық жинақтық есеп беру түрлерін кезең-кезеңмен қалыптастырудан тұрады. Ақпарат операциялық деңгейдің ақпараттық жүйесінен түседі.
Басқарушы АЖ-дің сипаттамалары:
  • операцияларды бақылаудың деңгейінде құрылымдық және жартылай құрылымдық есептертердің шешімін қабылдауды қолдау үшін пайдаланылады;


  • оперативтік жағдайлар бойынша бақылау, есеп беру және шешімді қабылдауға бағытталған;


  • бар мәліметтерге және ұйымның ішінде олардың ағымына сүйенеді;


  • аз аналитикалық мүмкіншіліктері мен оралымсыз құрылымы бар.




Шешім қабылдауды қолдау жүйелері нәтижелерді алдын ала болжауға қиын, жартылай құрылымдық есептерінің бөлігіне қызмет көрсетеді. Оларда бірнеше моделімен бірге өте қуатты аналитикалық аппараттары бар. Ақпаратты басқарушылық және операциялық ақпараттық жүйелерден алады. Осы жүйелерді кімге шешім қабылдау керек, солардың барлығы пайдаланады: менеджерлер, мамандар, аналитиктер және т.б. Мысалы, олардың кепілдемелері жабдықтарды сатып алуға немесе жалға алуға шешім қабылдау кезінде керек болуы мүмкін.
Шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің сипаттамалары:

  • дамуын болжауға қиын болатын проблемаларды шешуді қамтамсыз етеді;


  • үлгілеудің және талдаудың қиын құрал-саймандық құралдарымен жабдықталған;


  • шешілетін есептердің қойылымы мен кіріс мәліметтерін оңай ауыстыруға жол береді;


  • күніне бірнеше рет шарттарды өзгертуге икемділікпен және жеңіл бейімделумен ерекшеленеді;


  • пайдаланушыға бағдарлар етілген технологиясы бар.




Стратегиялық АЖ-лер.
Әрбір ұйымның (фирманың) дамуы мен табысы көбінесе онда қабылданған стратегиямен анықталады. Стратегия деп болашақты ұзақ мерзімдік міндеттерді шешудің әдістері мен құралдар жиынын айтады. Осы контексте «стратегиялық әдіс», «стратегиялық құрал», «стратегиялық жүйе» және т.б. түсініктерін ұғынуға болады. Қазіргі уақытта нарықтық қатысқа ауысумен байланысты стратегияның дамуы мен форма тәртібінің сұрақтарына ерекше көңіл бөліне бастады, ақпараттық жүйелерге деген көзқарастардың түпкілікті өзгеруіне ықпал етті. Олар бәсекелестерді анықтауға мүмкіндік бере отыра, фирманың мақсатын, оның міндеттерін, әдістерін, өнімдерін, қызмет көрсетулерін таңдап алуының өзгеруіне әсер ететін стратегиялық маңызды жүйелер ретінде бағалана бастады, сонымен қатар тұтынушы және жабдықтаушымен тығыз өзара іс-әрекет жасауға болады. Стратегиялық деген ақпараттық жүйенің жаңа түрі пайда болды.
Стратегиялық АЖ – ұйымның дамуының келешек стратегиялық мақсаттарды іске асыру бойынша шешім қабылдауды қолдауын қамтамасыз ететін компьютерлік ақпараттық жүйе.
Кез келген ұйымның қызметін стратегиялық құралдар ретінде ақпараттық жүйелердің сапасын тұтынушы нарығында бар ұқсас өнімдерді шығаратын фирманың мысалы қарастырайық. Осы жағдайларда басқа фирмалармен бәсекелестікке төзу қажет. Осы жағдайларда ақпараттық жүйелерді пайдалану неге әкеп соғады? Осы сұраққа жауап беру үшін, сыртқы қоршаған ортамен фирманың өзара байланысын түсіну қажет. 12 суретте сыртқы факторлардың фирмаға өзара әсер етуі көрсетілген:

  • нарықта өзінің саясатын жүргізетін бәсекелестер;


  • тауарларды және қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша әр түрлі мүмкіншіліктері бар сатып алушылар;


  • өзінің құндық саясатын жүргізетін тұтынушылар.




Сурет 12. Фирма қызметіне әсер ететін сыртқы факторлар
Фирма осы факторларды ескерсе және келесі стратегияларды ұстанса бәсекелестік басымдықты қамтамасыз ете алады:
  • ұқсастықтан пайдалы ерекшеленетін, жаңа тауарларды және қызмет көрсетулерді құру;


  • ондағы ұқсастықтармен салыстыру бойынша ерекшеленетін белгілері бар, фирманың тауарлары мен қызмет көрсетулері бар нарықтарды іздеу;


  • берілген фирма үшін сатып алушыларды және жабдықтаушыларды бекітетін және басқаға тиімсіз үндеулер істейтін, осындай байланыстарды құру;


  • сапаға залал келтірмеусіз өнімнің құнын төмендету.


Стратегиялық деңгейдегі ақпараттық жүйелер басқарушылардың жоғары буынына жоғарыда көрсетілген түрде құрылымдық емес міндеттерді шешуге көмектеседі, жоспарлаудың ұзақ мерзімін жүзеге асырады. Негізгі міндеті – фирманың бар потенциялын сыртқы қоршаған ортаның болып жатқан өзгерістерімен салыстыру. Олар кенеттен пайда болған жағдайларда шешімнің компьютерлік және коммуникациялық сүйеуін жалпы ортасын құруға бейімделген. Нақты жасалған бағдарламаларды пайдаланып, осы жүйелер көптеген көздерден ақпараттарды әр түрлі жағдайларда ұсынуға бейімді. Кейбір стратегиялық жүйелер үшін шектелген ұқсас мүмкіншіліктер тиімді.


Осы ұйымдастырушылық деңгейде АЖ қосымша рөл атқарады және менеджерге шешім қабылдау үшін қажетті ақпараттарды оперативтік құралы ретінде ұсынуға пайдаланылады. Қазіргі уақытта стратегиялық ақпараттық жүйелерді құрудағы жалпы тұжырымдамасы өңделген жоқ. Екі көзқарас бар: оның біреуі пікірге негізделеді, алғашқыда өзінің мақсаттың және олардың жету стратегиясын қалыптастыру қажет, ал содан-соң ақпараттық жүйені бар стратегияға икемдеу қажет; екіншісі – мақсаттарды тұжырымдау және стратегиялық жоспарлау кезінде ұйым стратегиялық АЖ-і пайдаланады. Стратегиялық ақпараттық жүйелерді әзірлеудегі рационалдық қатынастарға осы екі көзқарас синтезінің әдіснамасы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет