І шамалар және олардың Өлшем бірліктерін оқыту технологиясы


ІІ Бастауыш сыныптарда шамаларды ІРІКТЕУ ЖӘНЕ оқыту ӘДІСТЕМЕСІ



бет7/10
Дата06.03.2024
өлшемі77.55 Kb.
#494550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-78441

ІІ Бастауыш сыныптарда шамаларды ІРІКТЕУ ЖӘНЕ оқыту ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Бастауыш сынып оқушыларына қозғалыс есептерін шешуді үйрету әдістері

Бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс туралы түсiнiгiн қалыптастырып, қозғалыс бағыты жөнiндегi түсiнiктердi жалпылау, есеп жайындағы сабақтардың логикалық бiрлiгiн ұйымдастыруды жүзеге асыруда, жаңа шама - жылдамдықпен танысуын, жылдамдық, уақыт, қашықтық шамаларының арасындағы байланыстарды айқындай түсу әдiстемесiн меңгертуде қозғалысқа байланысты есептерді оқытудың әдістемелік тұрғыдан алғанда маңызы зор.


Уақыт пен қашықтық белгілі ұғымдар болып саналады.
Жылдамдық – жалпы алғанда уақыттың бір өлшем бірлігі аралығында қозғалыстағы дененің бара алатын қашықтығы. Демек, жылдамдықтың өлшем бірлігі қашықтық пен уақыттың бірліктеріне байланысты. Егер 1 сағ. уақыт аралығында баратын қашықтық километрмен есептелсе, онда жылдамдық сағатына километрмен есептеледі, яғни км/сағ, осы сияқты км/мин, м/мин, м/с, км/с болуы мүмкін. Жылдамдық жайында түсінік қалыптастыру үшін қозғалыстағы денелерді салыстыру керек, мысалы, жаяу адам, трактор, машина, т.с.с әр түрлі қашықтыққа бара алады, яғни жол жүреді. Уақыт аралықтары бірдей болғанымен, олардың жүретін жолдары әр түрлі. Қозғалыстағы дененің міне осы қасиетін оның жылдамдығы сипаттайды.
Тұрақты жылдамдықпен қозғалатын дененің әр түрлі уақытта бара алатын қашықтығын табу – бірдей қосылғыштардың қосындысын табу болып табылады, мұндағы қосылғыш – жылдамдық, ал жылдамдықтың неше рет алынатынын көрсететін сан – уақыт. Демек, жылдамдықты уақытқа көбейтсек, қашықтық шығады. «Қашықтықты жылдамдыққа бөлсек, онда уақыт шығады» деген қорытынды жасалады. Осыған ұқсас әр түрлі уақыт аралығында қозғалыстағы денелердің бара алатын қашықтығы бойынша жылдамдығы табылады да: «қашықтықты уақытқа бөлсек, жылдамдық табылады» деген жалпы қорытынды жасалады. Міне, осындай үш қорытынды жылдамсдық, уақыт және қашықтықтың екеуі белгілі болғанда үшінші белгісіз шаманы табуда басшылыққа алынады. Ескерте кететін бір жай, бастауыш мектептің көптеген мұғалімдері жоғарыдағы үш қорытынды тұжырымдаманың орнына s = υt, υ = s : t, t = s : υ сияқты формулаларды беруге бейім тұрады. Формулаларды пайдаланып есептеулер жүргізу, негізгі формуладан (теңдіктен) туынды формулаларды (теңдіктерді) шығарып алу, әріппен белгіленген бір шаманы басқа екі әріппен белгіленген шамалар арқылы өрнектеп көрсету бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың міндеті емес.
Жылдамдық, уақыт және қашықтық шамалары бір ғана дененің қозғалысын сипаттаумен бірге бірнеше дененің қозғалысын да сипаттауы мүмкін. Мұнда денелердің бір мезгілде немесе әр түрлі уақытта қозғала бастауы, қозғалыс уақыттарының ұзақтығы, қозғалысын тоқтататын уақыттары, сондай-ақ қозғалыс бағыттары ескерілуі тиіс. Осы тұрғыдан алғанда біріне-бірі қарама-қарсы қозғалыс кезіндегі және бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың, уақыттың және қашықтықтың өзгерісін, олардың арасындағы тәуелділікті және өзара байланысты қарастыруға тура келеді.
а) екі дене екі жерден бір мезгілде шығып, біріне-бірі қарама-қарсы қозғалды;
ә) екі дене екі жерден әр түрлі уақытта шығып, біріне-бірі қарама-қарсы қозғалды;
б) екі дене бір жерден бір мезгілде шығып, бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта қозғалды;
в) екі дене бір жерден әр түрлі уақытта шығып, бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта қозғалды;
г) екі дене екі жерден бір мезгілде шығып, бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта қозғалды;
д) екі дене екі жерден әр түрлі уақытта шығып, бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта қозғалды;
е) екі дене бір жерден бірінің соңынан бірі шығып, бір бағытта қозғалды;
ж) екі дене екі жерден бірінің соңынан бірі шығып, бір бағытта қозғалды.
Қозғалыстағы денелердің уақыттары, жылдамдықтары, қашықтықтары салыстырылады немесе олардың әрқайсысы табылады; екі дене біріне-бірі жақындайды, онда олардың жақындау жылдамдығы болады; олар бірінен-бірі алыстайды, онда олардың алыстау жылдамдығы болады; олардың бірі екіншісін қуып жетеді; олардың бірі екіншісін басып озады; олар бір-бірімен кездеседі. Осының бәрі біртіндеп нақты есепті шығару барысында қарастырылады.
Есептерді шығару барысында оқушылардың дененiң қозғалысы жөнiндегi жан-жақты дүниетанымдық көзқарастары, өзiндiк iс-әрекеттерiне сәйкес бiлiк, дағдылары қалыптасады. Сондықтан қозғалысқа байланысты есептердi шығару әдістері төмендегі реттілікпен ұсынылады:
1. Қозғалысқа байланысты есептердi шығаруға дайындық жұмысы.
Қозғалысқа байланысты есептер, яғни жылдамдық, уақыт, қашықтық шамалармен берiлген есептер 4-сыныпта қарастырылады.
Қозғалысқа байланысты есептердi шығаруға дайындық жұмысы балалардың қозғалыс туралы түсiнiгiн қорытуды, жаңа шамамен – жылдамдықпен танысуын, жылдамдық, уақыт, қашықтық шамаларының арасындағы байланыстарды айқындай түсу жағын қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет