І шамалар және олардың Өлшем бірліктерін оқыту технологиясы



бет9/10
Дата06.03.2024
өлшемі77.55 Kb.
#494550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-78441

Қорытынды

Ұрпағына дұрыс білім беру – кез келген мемлекеттің негізгі міндеті. Ал білімнің негізі мектеп қабырғасында қаланады. Бастауыш сыныптарда оқытылатын шамалар жүйелі түрде берілген.


Сандар мен шамалар бастауыш мектептегі математика курсының негізі, яғни фундаментальды анықталмайтын ұғымдарына жатады. Олардың мазмұны нақты мысалдармен ашылады. Мұнда ондық санау жүйесі мен шаманың метрлік жүйесі арасында өзара байланыс жүзеге асырылады.
Шама ұғыммен таныстыру нумерациялық материалмен қатарласа жүреді. яғни сандармен және шамалармен (яғни шамалар мәндерімен) амалдар ұқсас және бір мезгілде оқытылады.
Оқушының жас ерекшелігіне және оның ойлау қабілетінің дамуына байланысты білім құралы да бала қабілетінен қалыспай және де оны басып озбай, жүйелі білім баспалдағын қалап келеді. Шамаларға қатысты материалдарды оқытуда баланың жас ерекшелігі мен физиологиялық жағыда ескерілген.
Қазіргі кезде математика пәнінің қазіргі мазмұны бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда жетілдірілген.
4-сыныптың соңғы тоқсанында шама мен олардың өлшем бірліктері туралы есептер ұсақ бірліктен үлкен бірлікке және керісінше берілген. Егер оқушы өлшем бірліктердің арақатынасын білмесе, шамаларға есеп шығаруда қиындықтар туындайды.
Сондықтан оқулықта шамаларды қарастыратын ретпен оқытып үйретуде және шамаларды өрнектейтін формулаларды есеп шығаруда қарастыру бастауыш буын оқушыларын келесі сыныптардың талабына сай дайындауды қамтамасыз етеді.
Өйткені, олар есептерді формуламен шығаруға дағдыланады және шамалардың өлшем бірліктерінің арақатынасын жатқа білсе, онда есепті шығарудың тәсілінің мән – мағынасын, ерекшелігі жайында бастама түсінік қалыптасады. Соның нәтижесінде шамаларды оқытудың басты мақсатына жетудің негізі қаланады.
Зерттеу тақырыбынан туындайтын ұсынысым, мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін математика пәнінің білім мазмұнын, мақсаты мен талап-тілегінен туындайтынын, теория мен тәжірибенің бірлігін, әрекет-дамудың көзі екендігін, оқыту мазмұны мен жоспары, бағдарламаның оқу-тәрбие мақсатымен сәйкестігін т.б. нақты білуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет