Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі



бет19/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81
стандарт акуш гин

3.1.33. Стандарт «Амниотомия»


Көрсеткіштер: босануды ынталандыру, көпсулық, плацентаның жартылай жатуы, артериялық гипертензия.
Ресурс: оқ тәрізді қысқыш браншасы, бір реттік қолғаптар.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қынаптық тесеру жүргізіп, жатыр мойнының ашылуын бағалаңыз. Келіп нәресте бөлігін анықтаңыз.
2. Оқ тәрізді қысқыш браншасын қынапқа саусақ бойымен баяу енгізіңіз.
З. Толғақ максимальді болған кезде қағанақ қапшығын жарыңыз.
4. пайда болған саңылауға сұқ және ортаңғы саусақты енгізіп, саңылауды кеңейтіңіз. Ұрық айналасындағы су баяу шығуы тиіс.
5.Шыққан судың көлемі мен сипатына мән беріңіз.


3.1.34. Стандарт «Босану белсенділігін көктамыр ішіне окситоцин енгізу арқылы ынталандыру»


Мақсат: Босану белсенділігінің әлсіздігін емдеу.
Ресурс: 5% глюкоза ерітіндісі 500,0 мл; 1,0 мл окситоцин; бір реттік шприц 2 мл; бір реттік система; спирт 70%; корцанг, стерильді мақталық шариктер; стерильные перчатка.


Іс-әрекет алгоритмі:
1. Босандыруды ынталандыру алдында амниотомия жасаңыз.(Стандарт «Амниотомия»)
2. 1,0мл (5 ЕД) окситоцинді 500,0 мл 5% глюкоза ерітіндісіне қосыңыз, системаны толтырып, қосыңыз.
3.Окситоцинді минутына 8 тамшы болатындай енгізіңіз.
4. Босану белсенділігін бақылаңыз.
5. Қажет болған жағдайда окситоцин енгізу жылдамдығын имнутына 40 тамшыға дейін көбейтуге болады. (40 тамшыдан көп емес!).



    1. Стандарт «Акушердің босануды қабылдауға дайындалуы»



Мақсат: асқынулардың алдын-алу, асептика және антисептика ережелерін сақтау.
Ресурс: 2-3 жылы пеленка, чепчик, носки, босануды қабылдауға арналған бір реттік стерильді заттар, стерильді қолғап, сұйық сабын, бір реттік сүлгі, көзге тамызатын 1% эритромициндік мазь, 10 ЕД окситоцин шприцте.
Нәрестеге арналған бір реттік біріншілік жабдықтар: 2 зажим, 1 қайшы, 10 дәкелік шариктер.
Нәрестеге арналған бір реттік екіншілік жабдықтар: қайшы, сантиметрлік лента, кіндік қалдығына арналған қысқыш (скоба).
Жатыр мойнын қарауға арналған жабдықтар (көрсеткіштер бойынша қолдану): екі жармалы айналар, ине ұстағыш, 2 корнцанг, пинцет, дәкелік шариктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет