Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі


Стандарт «Бала жолдасының бөліну белгілері»



бет21/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81
стандарт акуш гин

3.1.38. Стандарт «Бала жолдасының бөліну белгілері»


Мақсат: Босанудың 3 кезеңін физиологиялық жүргізген жағдайда бала жолдасының жатыр қабырғаларынан ажырауын анықтау.
Ресурс: Босану залының жабдықталуы.
Іс-әрекет алгоритмі. .

  1. Шредер белгісін анықтау. Бала жолдасы жатыр қабырғасынан ажраған соң жатыр кіндіктен жоғары көтеріліп, оң жаққа қисаяды. Ал төменгі жақта бөлінген бала жолдасы болған соң жатыр пішіні құмсағат тәоіздес болады.

  2. Кюстнера-Чукалов белгісін анықтау. Алақан қырымен қасаға үстіне басқанда жыныс аңылауынан шығып тұрған кіндікбпу егер бала жолдасы жатыр қабырғасынан ажырамаған болса қайта ішке тартылады. Ал егер ішке тартылмаса онда бала жолдасы жатыр қабырғасынан ажырады деген мағынаны білдіреді.

  3. Альфельд белгісін анықтау. Кіндікбауға және аралыққа салынған қысқыш егер бала жолдасы жатыр қабырғасынан ажыраса төмен қарай 8-10см-ге түседі.

  4. Штрассман белгісін анықтау. Егер алақан қырымен жатыр түбін аздап ұрғыласақ және егер бала жолдасы әлі жатыр қабырғасында бекініп тұрса, ұрғылау нәтижесінде қан плацента арқылы және кіндікбау арқылы сыртқа шығады. Ал егер бала жолдасы жатыр қабырғасынан ажыраған болса бұл көрініс болмайды.

  5. Довженко белгісін анықтау. Әйелді терең тыныс алуын сұраңыз. Егер тыныс алғанда кіндікбау қайта ішке тартылса онда әлі жатыр қабырғасынан ажрамады деген мағынаны білдіреді. Ал егер ішке тартылмаса онда жатыр қабырғасынан бала жолдасы ажырады деген мағына береді.

  6. Клейн белгісін анықтау. Әйелге күшенуін айтыңыз, егер бала жолдасы ажыраған болса онда кұшену аяқталғанда кіндікбау қайта ішке тартылмау керек. Егер ажарамаған болса онда қайта ішке тартылады.

  7. Микулича-Радецкий белгісін анықтау. Жатыр қабырғасынан ажыраған бала жолдасы қынапқа түседі және әйел осы кезде күшенгісі келеді.

Ескерту. Бала жолдасының бөлінгені туралы жоғарыда аталан көріністердің 2-3 болған жағдайда айтады. Соның ішінде әсіресе Шредер, Альфельд, Кюстнера-Чукалов белгілері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет