Iiksh 4344– «індеттану және індетке қарсы шаралар» (ПОӘК)


Студенттердің өзіндік жұмысы



бет27/37
Дата15.09.2023
өлшемі4.84 Mb.
#477680
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
umkd-2022-2023 vm 4 kurs 7 sem

Студенттердің өзіндік жұмысы: Есеп. Ірі қара мал асырау шаруашылығы екі фермадан құралған бір-бірінен қашықтығы 2 км. Біреуі індеттік аурулардан таза, екіншісі - туберкулезден таза емес. Әрбір фермада дезинфекцияныңқандай түрін және әдісін жүргізу керек? Сонымен механизацияның қандай тәсілін қолдануға болады? Жүргізілген дезинфекциялық жұмыстардың сапасын жүзеге қалай асыру керек? Жауапты жазу түрінде тапсыру қажет.
6- сабақ


Тақырыбы: Індет процесінің статистикалық көрсеткіштері
Сабақтың мақсаты: Індет қарқынының статистикалық көрсеткіштері меңгеру.
Сабақтың мазмұны: Індет процесінің таралу қарқынына салыстырмалы түрде объективті баға беру үшін әртүрлі статистикалық шамалар пайдаланылады. Бұл шамалар індетті сипаттау үшін ғана емес, оның математикалық моделін жасау және оның болашақтағы өзгерістерін болжау үшін де аса қажет. Індет жағдайын талдағанда абсолютті шамалардан гөрі салыстырмалы шамалар құнды ақпар береді. Мысалы ауырған малдың жалпы саны қаншама үлкен шама болса да індеттің жайылу дәрежесін сипаттай алмайды. Ал егер ауырған малдың санының жалпы мал басына шаққандағы үлес салмағын алып қарастырсақ, аурудың таралу дәрежесі туралы недәуір мағлұмат алуға болады. Салыстырмалы көрсеткіштер қарқындылық (интенсивтілік) және баяулық (экстенсивтік) көрсеткіштерге бөлінеді. Қарқындылық көрсеткіштерге жұғымталдық, ауруға шалдығу, аурудың таралуы, жаңадан шалдығу, шығын, өлім, көрнектілік, ошақтану коэффициенті, ауру жайлаған пункттердің үлесі, індеттілік, іңдет ахуалының шиеленісуі жатады.
Жұғымталдық көрсеткіші (индекс контагиозности) – эксперимент арқылы анықталатын инфекция қоздырушысының бастауымен тікелей жанасқан 100 басқа шаққандағы ауруға шалдыққан малдың саны. Мысалы аусылмен аурып тұрған сиырмен бірге 10 сау сиырды орналастырғанда оның сегізі ауруға шалдықса, жұғымталдық көрсеткіші 80 %-ке тең болады.
Шалдығу көрсеткіші (индекс пораженности) – тексерген сәттегі ауырған мал санының 100 басқа шаққандағы саны. Мысалы, бруцеллезге шалдыққан қой отарында бір қабат диагностикалық тексеру кезінде 600 қойдың 30-ы ауруға шықса, шалдығу көрсеткіші 5 %.
Таралу көрсеткіші (индекс заболеваемости) – 100, 1 000, 10 000, 100 000 басқа шаққанда бір жыл ішіндегі ауырған малдың саны. Мысалы бруцеллезге шалдыққан шаруашылықта 10 мың ірі қараның жыл бойы 400 басы ауырған болып табылса, мұндай жағдайда аурудың таралу көрсеткіші 4 %-ке тең.
Басылымдылық көрсеткіші (индекс превалентности) – ауру жайлаған пункт бойынша немесе белгілі бір уақыт аралығы үшін анықталады. Басымдылық қазіргі сәтке анықталатын болса, онда оны уақыт аралығына бөлмей барлық бұрын-соңды көрсеткішті алады. Егер ол белгілі бір уақыт аралығы үшін анықталатын болса сол уақыт аралығының жиынтық көрсеткіші арқылы есептеледі. Басымдылық көрсеткіші деп ауру және микроб алып жүруші жануарлардың жиынтық санының 100, 1 000, 10 000, 100 000 басқа шаққандағы үлес салмағын айтады. Бұл шаманы анықтағанда инфекцияның бұрын және жаңадан байқалған жағдайлары бөлінбей бірге қарастырылады.
Жаңадан шалдығу көрсеткіші (иңдекс инцидиентности) – белгілі бір кезеңде жаңадан айқындалған инфекцияға ұшыраған (ауру және микроб алып жүруші) жануарлардың жалпы мал санының 100, 1 000, 10 000, 100 000 малға шаққандағы үлесі.
Шығын көрсеткіші (индекс смертности) – белгілі бір аурудан өлген жануарлар санының 100, 1 000, 10 000, 100 000 малға шаққандағы үлесі.
Өлім көрсеткіші (индекс смертельности) – белгілі бір аурудан өлген жануарлардың сол ауруға шалдыққан барлық мал санымен салыстырғандағы проценті.
Көрнекілік көрсеткіші (показатель наглядности) – аурудың бір жылғы таралу көрсеткішнің басқа бір жылдың таралу көрсеткішімен салыстырғандағы проценттік қатынасы. Мысалы аурудың таралу көрсеткіші биыл – 5%, ал өткен жылы 10% болса, биылғы жылдың былтырғымен салыстырғандағы көрнектілік көрсеткіші 50 %-ке тең.
Ошақтану коэффициенті (коэффициент очаговости) бір індет ошағына неше ауру малдан келетінін көрсетеді. Оны табу үшін ауру малдың санын індет ошағының санына бөліп, әрбір жылға және жануарлардың әрбір түлігіне жеке-жеке есептейді.
Ауру жайлаған пункттердің үлесі (доля неблагополучных пунктов) - ауру жайлаған пункттердің (елді мекен, шаруашылық, ферма), яғни індет ошағы санының барлық пункттердің санына қатынасы.
Індеттілік көрсеткіші (индекс эпизоотичности) – ауру жайлаған уақыт мезгілінің барлық бақылау жүргізілген уақытқа қатынасы.
Індет ахуалының шиеленісі (напряженность эпизоотической ситуации) – бұл жиынтық ұғым, оны анықтау үшін ауру жайлаған пункттердің үлес көрсеткішін індеттілік көрсеткішіне көбейту керек. Есеп төменгі формула бойынша жүргізіледі:
n t
W = ─ · ─ ; мұнда
N T
W - індет ахуалының шиеленісі;
n - ауру жайлаған пункттердің саны;
N - барлық пункттердің саны;
t - ауру жайлаған мерзім уақыты;
Т - бақылау жүргізілген уақыт.
Індет процесінің баяулық (экстенсивтік) көрсеткішіне үлестілік жатады. Үлестілікті бірнеше түлікке тән аурулар кезінде анықталды. Үлестілік деп аурудың таралу көрсеткішінің әр түлікке қатысты проценттік үлес салмағын айтады. Мысалы үшін, бруцеллез бір шаруашылықта сиырда, қойда және шошқада кездесетін болса, сол аурумен ауырған мал түліктерінің проценттік салмағы сиырға 60 %, қойға - 30 % және шошқаға 10 %-ы тиісті болуы мүмкін (жалпы жиыны 100 % деп алынады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет