Iiksh 4344– «індеттану және індетке қарсы шаралар» (ПОӘК)



бет29/37
Дата15.09.2023
өлшемі4.84 Mb.
#477680
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
umkd-2022-2023 vm 4 kurs 7 sem

Тапсырма: Ветеринариялық клиникада жануарлардың түріне байланысты топтарға бөлініп індет ошағын, қатер төнген аймақтың шекарасын анықтап, зоналарға бөлу.
8- сабақ


Тақырыбы: Індеттанулық мониторинг және картография
Сабақтың мақсаты: Індеттанулық балаудың негізгі мазмұнын ұғып, індеттанулық мониторинг жүргізгенде: індеттен сау емес пункт, індет ошағы, оның ядросы, қатер төнген аймақ категорияларының шекараларын анықтауды меңгеру.
Сұрақтар: 1.Індеттанудың зерттеу әдістері (індеттанулық талдау мен бақылау, салыстырмалы тарихи және географиялық сипаттау, індеттанулық эксперимент, математикалық модельдеу, індеттанулық болжау).
2.1ндеттанулық балау.
З.Індет процесінің негізгі буындары, даму сатылары.
4.1ндеттен сау емес пункт құрамы, олардың шекараларын анықтау критерийлері.
Құралдар және материалдар: Вет.заңдылық, оку құралдары, нобайлар және т.б. көрнекі құралдар.
Сабақтың мазмұны: 1. Індеттанулық мониторингті мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарымен жүргізіледі. Індеттанулық мониторинг жүргізген кезде қатысуға рұқсат етілетіндер:
1) ветеринария саласындағы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган және (немесе) олардың ведомстволары;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі жергілікті атқарушы органдарының өкілдері;
3) ветеринария саласындағы ғылымдар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері;
4) ветеринария саласындағы халықаралық сарапшылар.
2.Эпизоотиялық мониторинг:
1) маниторинг жүргізілген аймақтағы немесе қожалық субъектілерінде жануарлардың ауру қоздырушысының таралуының сандық көрсеткіштерін анықтау;
2) жануарлардың жұқпалы ауруларының оның қоздырушысының таралуына септігін тигізетін және кедергі келтіретін жағдайларды анықтау.
3. Індеттанулық мониторинг аймақтық аухымына байланысты төмендегі деңгейлерге бөлінеді:
1) республикалық деңгей – Республиканың барлық аумағын қамтиды;
2) өңірлік деңгей – шектелген әкімшілік және (облыс, астана және республикалық маңызы бар) өзге де шекараларды қамтиды;
3) жергілікті деңгей – ауданның немесе қаланың аумағын қамтиды.
Індеттанулық мониторинг жүргізу тәртібі
4. Індеттанулық мониторинг жүргізу кезеңдерден тұрады және оған кіретіндер:
1) сандық деректер жинағы;
2) оны статистикалық өңдеу.
5. Ветеринариялық ұйым ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген үлгі және осы қағиданың қосымшасына сәйкес індеттанулық зерттеу актісі бойынша жануарлар ауруларының, індеттанулық зерттеулерді қоса алғанда таралуы туралы және жануарлардың нақты ауруларының дамуы заңдылықтарын, табиғи-географиялық және олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың экономикалық (шаруашылық) шарттары, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігін талдау және індет немесе лаңның пайда болуын, өршуін және жойылуын болжауды жүзеге асырады.
Түбегейлі індеттанулық зерттеу жүргізу және қосымша деректер жинау үшін ветеринариялық ұйым биологиялық (патологиялық) материалдар сынамасын сұрыптау және мониторингтік балаулық зерттеулер жүргізеді, бұған жабайы фаунаныда зерттеу кіреді.
6. Ветеринариялық ұйым осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ідеттанулық зерттеулер әдісін қолдануымен қоса, деректерді өңдейді:
1) жануарлар ауруларының таралуының дәрежесі мен шығу себептерін, айқындалу мінезі және салыстырмалы-тарихи сипаттамасын (аурудың эволюциясы, індет процесінің экономикалық (шаруашылық) шарттарға тәуелділігі, індеттің кезеңділігі және оның әлеуметтік күйзеліс және апаттармен байланысы, ауруға қарсы күрестің тарихи тәжірибесі);
2) салыстырмалы-географиялық сипаттамасын (індеттанулық көріністердің індеттанулық картографиямен географиялық ортамен байланысын анықтау);
3) індеттанулық зерттеу (нақты әкімшілік-аумақтық бірлігінің індеттанулық жағдайдын бағалау, індет ошағының пайда болу себебін анықтау, жануарлар ауруларының жайылуына қолайлы жағдайларды немесе кедергі жасалатын шараларды анықтау);
4) індеттанулық эксперимент (індет процесінің жеке жақтарының зерттеп (ауру қоздырушысының қоршаған ортаға шығу жолдары және ұзақтығы, жануарларға берілу механизмі, олардың төзімділігіне әр түрлі жағдайлардың әсері) ветеринариялық препараттардың профилактикалық және емдік қасиеттерінің тиімділігін тексеру);
5) математикалық (статистикалық) талдау (жануарлар ауруларының аймақтық таратуының нақты стандартталған көрсеткіштері түрінде айқындау және жүйелендіру, індет процесінің өтуінің қарқындылығының өзгеруі, жануарлардың әр-түрлі түрлерінің ауруға шалдығу дәрежесі).
7. Ветеринариялық ұйым өңделген деректер негізінде:
1) алынған деректерді сараптап және бағалайды, жануарлардың ауруға шалдығуына байланысты індеттік жағдайдың өзгеруінің арасында себеп салдарларының байланысын анықтайды;
2) әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті деңгейінде бақылаудағы құбылыстардың динамикасына болжам жасайды және тиісті электрондық ақпараттық ресурс жүргізеді;
3) сол немесе өзге әкімшілік-аумақтық бірліктерде, қожалық субъектілерінде жануарлардың індеттік қолайлықты қамтамасыз етудегі сұрақтарына ұсыныстар қалыптастырады және жануарлар ауруларының қоздырушысының таралу факторлерінің жойылуын немесе азаюын ескертеді;
4) Індеттанулық мониторингтің деректері бар, көп жылдық бақылаулардың нәтижесі жүйеленген электрондық ақпараттық ресурсқа мәліметтер енгзеді, сондай-ақ жануарлардың індеттік қолайлылық деңгейін өзгеруіне байланысын және сипатын анықтау үшін арналған техникалық құралдар және бағдарламалық-технологиялық кешенмен қамтамасыз етілген статистикалық регистірлерге енгізілген нормативтік-анықтама материалдары.
9. Ветеринариялық ұйым індеттанулық мониторинг нәтижелерінің сараптамасын ветеринария саласындағы уәкілетті органдарға індеттанулық мониторинг жүргізетін келесі есептік жылдың 15 ақпанына дейін есеп, кесте, карта және картографиялық материалдар түрінде расімделіп, қағаз және электрондық түрде тапсырылады.
10. Індеттанулық мониторинг нәтижелері ветеринариялық шаралардың тиімділігін сараптауда және індеттің немесе лаңның пайда болуын, дамуын, жойылуын болжау, ветеринариялық шаралардың (ұлттық, аумақтық және ведомстволық) жоспарын әзірлеуде негізгі орын алады.
ІНДЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУ АКТІСІ
_____________________________________________________________________
(індеттанулық зерттеу актісінің атауы, мекен-жайы)
Індеттанулық зерттеу актісінің жүргізу уақыты
«__»_________ 20__ жылдан «__»_________ 20__ жыл аралығында
Мен ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(індеттанулық зерттеу жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болғанда), лауазымы)
_____________________________________________________________________
(Індеттанулық зерттеу жүргізілген жердің адресі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
________________________________________ Індеттанулық зерттеу жүргізілді

Анықталғаны*__________________________________________________________


______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
ҚОРЫТЫНДЫ:
Анықталған ауру қоздырушысының бастауы, берілу факторларымен
тетіктері______________________________________________________________
______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Атқарылған сауықтыру және алдын алу шаралаының тиімділігінің бағасы.___
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұсынылатын қосымша сауықтыру және алдын алу шаралары ________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
ескерту: * Міндетті түрде көрсетілетін індеттанулық зерттеу нысандарының мәліметтері; мамандандырылуы, өсірілетін жануарлардың түрі, күтімі, толықтырылуы жануарлардың азықтандырылуы, суат, жайылым, ағынды суларды зарарсыздандыру сипаттамалары, көңді жинау және көңді сақтайтын орындар, жемшөпті дайындау және сақтау талаптары, жануарлардан алынатын өнімдер және өнімдерді өткізу, залалсыздандыру талаптары, жануарлардан алынатын өнімдерді, жануарлар өнімдерін және жемшөпті санитариялы қөңдеу, тұрғын үйлерден мал шаруашылығы құрылыстарының алшақтығы, богде адамдардан қалай қорғалған, объектіде қараусыз мысықтар мен иттердің болуы, ауру ошағындағы жануарлардың саны, түрі және жасы ерекшеліктері бойынша топтау, басқа шаруашылықтармен байланысы (ауылдық округтеріне, ішкі сауда объектілеріне, қоқыстарға, ет комбинаттарына, ет сүйек ұнын дайындайтын заводтарға және үлкен қатынас және мал айдайтын жолдардан алшақтығы), жануарлар, шикізаттар, жемшөп және жануарлар өнімдері шаруашылыққа соңғы уақыттарда қайдан келгені, шаруашылыққа келген жануарлардың тексеруден өткені, мал қорымдарының (биотермиялықшұңқырлардың) санитариялық жағдайы, індеттік жағдайға сипаттама (бұрынсонды ауру тіркелгендігі, бастауы, аурудың берілу жолдары, індеттің немесе лаңның дамуы), Індетке қарсы сауықтыру және алдын алу шаралары және індеттанулық зерттеуге қатысты басқада нысандар.
Мемлекеттік ветеринариялық дәрігер
______________________________________
(әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)
________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)) (қолы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет