Иманбекова Назира Нурхалиевна Өлкетану материалдары арқылы мектеп оқушыларына экологиялық-экономикалық ТӘрбие берудің педагогикалық негіздері 6М010300- педагогика және психология Магистрлік диссертация



бет6/16
Дата18.05.2022
өлшемі129.07 Kb.
#457038
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
№8-ӨЛКЕТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Танымдық компоненті жаратылыс пәндері бойынша теориялық білімдерін берік, терең қабылдаудағы қосымша білімдер арқылы өлкетану білімінің жүйелі түрде берудегі, халықтың рациональды және иррациональды білімдері бойынша түсініктерін меңгерудегі жеке тұлғаның мүмкіндіктерін жүзеге асырады.
Эмоционалды компоненті экологиялық және экономикалық білімдерге қызығушылығы және қажетсінуімен, өлкетану жұмыстарының маңыздылығын мойындауымен, туған жерінің табиғатына, оның сұлулығына тамсанып сезінуі және оны аялай және үнемдей алуымен анықталады.
Мінезқұлықтық компоненті қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласындағы құнды әлеуметтік, халықтық тәжірибені пайдалану бойынша нақты әрекеттермен сипатталады, сонымен қатар өлкетану ізденіс жұмыстарына дағдылануымен, олардың белсенділігінің ынталандырылуымен, қауіпсіз қоршаған ортаны қорғау және қайта жасауымен, табиғаттың байлықтарын тиімді пайдаланумен қамтамасыздандырылады. Осыған орай, оқушыларға жас және дара ерекшеліктеріне сүйеніп, интеллектуалдық, сезімдік, эстетикалық, адамгершілік және еңбек дамуын қозғайтын сапалық өзгерістер, сонымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетінің көріну деңгейі басшылыққа алынып, оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбиелілігінің өлшемдері мен көркеткіштері айқындалды ( 1 - кесте).

Кесте 1 – Оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие беру өлшемдері мен көрсеткіштері





Компоненттер

Өлшемдер

Көрсеткіштер

танымдық

экологиялық және экономикалық білімдер

жаратылыстану пәндері бойынша білімдерді игеру;
өлкетану бойынша білімдерді меңгеру;
халықтың рациональды және иррацио-нальды білімдері туралы түсініктердің қалыптасуы;

эмоционалды

экологиялық және экономикалық сана-сезім

экологиялық және экономикалық білімдерге қызығушылық;
экологиялық және экономикалық білімнің маңыздылығын сезіну;
туған жерінің табиғатына қатынас

мінезқұлықтық

экологиялық және экономикалық тәжірибе

өлкетану жұмыстарындағы белсенділік;
қоршаған ортаны қорғау жұмыстарындағы белсенділік және үнемділік



Аталмыш өлшемдер негізінде оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие берудің үш деңгейі белгіленді (кесте 2).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет