Иманбекова Назира Нурхалиевна Өлкетану материалдары арқылы мектеп оқушыларына экологиялық-экономикалық ТӘрбие берудің педагогикалық негіздері 6М010300- педагогика және психология Магистрлік диссертация



бет5/16
Дата18.05.2022
өлшемі129.07 Kb.
#457038
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
№8-ӨЛКЕТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берудің теориялық негіздері;

  • педагогикалық процесті ұйымдастыру формаларынан құралатын өлкетану жұмыстары барысындағы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берудің моделі;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берудің өлшемдері мен көрсеткіштері;

  • өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие беру бойынша жүргізілген эксперименттің нәтижелері.

Зерттеу базасы: Тараз қаласының № 44 мектебі.
Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу нәтижелері әдіснамалық және ғылымиәдістемелік негіздерге сүйеніп айқындалған теориялық дәйектілігімен, теориялық және тәжірибелік материалдар нәтижелерінің үйлесімділігімен, кешенді әдістәсілдердің қолданылуымен, зерттеу жұмысының ғылыми ақпаратқа сәйкестілігімен, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берудің тиімділігінің тәжірибе жүзінде тексеріліп, нәтижесі бағдарламалар арқылы дәлелденуімен, ұсыныстардың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне енгізілуімен, пайдаланылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттыруымен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибесіне енгізу.
Ғылыми зерттеу жұмысының мазмұны халықаралық, республикалық конференцияларда жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған дерек көздері және қосымшалардан тұрады.

1 ӨЛКЕТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



1.1 Өлкетану жұмыстарында оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие беру педагогикалық мәселе

Табиғат пен қоғам, адам арасындағы қарым-қатынастар қайшылықсыз, әрдайым үйлесімді деп қарауға болмайды. Олардың арасында барған сайын ішкі қайшылықтар көбейіп отырады. Бұл қайшылықтардың қайнар көзі қоғам мен табиғат дамуларының бір-біріне қарама-қарсы екі тенденциясында (бағытында) жатыр. Біріншіден, қоғам мен оның өндіргіш күштері дамыған сайын адамның табиғатқа «үстемдігі» арта түседі, екіншіден, бұл екеуінің арасында үйлесімділік туып, барған сайын шиеленісе береді. Табиғат құбылыстарының алуан түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі өзара байланыста, қарым-қатынаста, яғни біртұтас бірлікте. Сол себепті де егер адам табиғат құбылыстарының бір саласына әсер етіп, оны өзгертуге әрекет етсе, онда ол сонымен іштей байланысты басқа жақтарының «тынышын бұзуы» мүмкін.


Сондықтан табиғат қорларына құнтты болу, бүлінгендерін қалпына келтіріп отыру, оларды тиімді пайдалану, ауаға, жерге, суға өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы мен абыройлы міндеті болып саналады.
«Теңіздің тұнық болуы – бұлақтардан» дегендей, табиғатты қорғау, қалпына келтіру мәселелерін ақылмен, білгірлікпен және ұтымды жолмен жүргізудің өзіміз үшін де, келесі ұрпақтар үшін де маңызы зор екенін балалардың, жасөспірімдердің санасына салып, экологиялық тәрбиепен, тәрбиені бесіктен бастау керектігі – бүгінгі күннің өмір талабы.
Қоршаған ортаны қорғау деген ұғымға табиғат байлықтарын сақтау, ұтымды пайдалану, қалпына келтіріп отыру туралы ортаның зиянды қалдықтарымен, тіршілік үшін қауіпті заттармен ластанбауын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған мемлекеттік заңдар, қаулылар, құқық қорғау ұйымдарының ережелері мен нұсқаулары, нормативтік актілер жиынтығы, халықаралық және мемлекетаралық келісімдер, конвенциялар кіреді.
Мысалы; БҰҰ-ның Риоде-Жанейрода өткен (1992) қоршаған орта және даму туралы конференциясының және Орхусс конвенциясының (1998) шешімдері, Қазақстан Республикасының Конституциясы [19], Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Стратегиясы [1], Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы (2007) [10], Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы (2007), Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2011), [11, 12], Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасы (2003) [13] жатады. Аталған мемлекеттік ресми құжаттардың қарастыратын ортақ мәселесі болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биология-лық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру-ға бағытталған.
Экология өрісіндегі алғашқы Халықаралық ғылыми бағдарлама, халықаралық биологиялық бағдарлама 60-жылдарда пайда болып, жүзеге асырылды. Ол –адамзаттың білім беру жүйесіндегі оқу процесінде экологиялық тәрбие элементтерін белсенді ендіруге бағытталып, жан-жақты дамуына ықпал етті. Ол – адамзаттың ғылыми, қоғамдық қауіптің таяу арада қалпына келмейтін ресурстарды тұтынумен мүмкін болатын шектеулердің жойылуына жақындап келе жатқанын ұғынуына байланысты, барлық білім берудің оқу процесінде экологиялық тәрбие элементтерін енгізуді жөн көрді. Экологиялық жай-күйдің ғаламдық, аймақтық және жергілікті қырларын бір-бірімен ашып көрсету – үйренушінің сезімін, сондай-ақ парасатын қозғалысқа келтіруге, ғылыми ой қорытып, нақты әрекет жасауға, қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік беретін жеке тұлға тәрбиеі.
Жеке тұлғаның экологиялық және экономикалық тәрбиелеу мәселесі терең және ғылыми дәлелденуі мақсатында басты түсініктерінің анықтамасын беруді қажет етеді. Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасында ерекше маңызға ие.
Бұл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында жалпы білім беретін мектептің экологиялық білім беруге байланысты іс-әрекет бағдарламасы мен тұжырымдамасында анықталған болатын.
Экологиялық білім беру жеке адамның ғылыми білімдер жүйесі мен практикалық іскерлігін, өзін-өзі ұстау, қызмет істеуге байланысты бағдар алатын игіліктерін, қоршаған әлеуметтік-табиғи ортаға жауапкершіліктірін қалыптастыратын үздіксіз білім беру, тәрбие беру, дамытудың үздіксіз процесі, - деп көрсетілген [13].
Ал Қазақстан Республикасының Білім беру заңында: «Экологиялық тәрбие - алған экологиялық білімдер негізінде қоршаған ортаға ұқыпты қарауы мен табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану», – деп анықтама берілген. Ал бұл болса оқушыларға оқу танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырып, теориялық білімдері мен практикалық іс-әрекеттерін байланыстыра отырып, олардың бойына елге, жерге деген сүйіспеншілікті ұялату болып табылады.
Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты – ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде оқушыларға экологиялық көз-қарасын берудің, қоршаған ортаға жауапкершілігін қарайтын құндылықты, мінез-құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз ету. Аталмыш негізгі ресми құжаттардағы экологиялық білім беру туралы мәселелер назардан тыс қалмағаны байқалғанымен, ол – бір немес екі адамның атқаратын ісі емес, бұл бүкіл дүниежүзілік ғаламдық мақсат, міндеттерді бірігіп атқаруды көздейді. Экологиялық білім беру және тәрбие беру тұжырымдамасының қажеттігі бұған дейінгі аралықта Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететін көптеген пікірталастардағы өзекті мәселелердің бірі болып жүргені белгілі. Атап айтатын болсақ; ғылыми ілімнің тереңдеп, кеңеюіне байланысты адам мен табиғат туралы ғылыми дамудың тенденциялары барлық ғылыми деректерді жеке –дара зерттеп аша алмайтындықтан, басқа ғылымдардың теориялық қағидаларына сүйенеді. Осыған орай, педагогика ғылымы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мәселелерін зерттеуде экология, тәрбиетану ғылымдарының негізгі ұғымдары мен түсініктеріне жүгінеді. 1866 жылы ең алғаш "экология" деген сөзді ғылымға бірінші болып енгізген белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс биолог ғалымы Э. Геккель. Ол да ғылымға көптеген жаңа сөздер, ұғымдар қосты. «экология» термині гректің «ойкос» – үй, тұрақ, мекен және «логос» – ғылым деген сөзінен шыққан. Тұрақ, мекен туралы ғылым деген мағананы білдіреді. Яғни, ол тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым [45]
Ал қазақ кеңес энциклопедия сөздігінде мынадай анықтама беріледі: «Экология – өсімдіктер мен жанжануар организмдерінің қарым-қатынасы мен олардың құрылу қоғамдастығының өзара және қоршаған ортамен байланысы. Экология-биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экология ғылымының қалыптасуын Ә.Бейсенова, А.Самакова, Т.Есполов, Ж.Шілдебаевтар өз еңбектерінде негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болатының айтады. Олар: Бірінші кезең – биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат кезеңі. Бұл кезең ХVIII ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Екінші кезең – экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Ол – ХIХ ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70 – 80 – жылдарын қамтиды. Үшінші кезең – экология ғылымының өрлеу кезеңі [45].
Қоршаған ортаның қандай дәрежеде сақталуы, сол ортада өмір сүрген адамзаттың да бет-бейнесін ашып отырады. Жиырмасыншы ғасырдың 60 – жылдарның аяғынан бастап «Табиғатты қорғау шаралары», одан кейін 70 – жылдарыдың соңы мен 80 – жылдарда « экологиялық білім мен тәрбие беру » ұғымына ауысты. Қазіргі уақытта «экология» сөзінің мәні биологиялық сипатта ғана қалып қоймай, бұл ұғымның биологиялық жағы адам өмірінің физиологиялық, экологиялық және технологиялық, педагогикалық аспектілерін бірлікте қарастырғанда кең мазмұнға ие болды.
Экологиялының ғылымдар жүйесіндегі орны этноэкология, әлеуметтік экология, адам экологиясы, нооэкология, ғаламдық экология т.б. салаларында көрінеді. Ауыл экологиясы – ауыл, село, қала тұрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық және халықаралық қарым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық тәрбие, этика, моральдық жағынан парасаттандыру, адамдардың экологиялық құқын қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты зерттеу болып табылады. Ғаламдық экология табиғи және табиғи іс-әрекетінен туындайтын биосфера шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді. Нооэкология адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайларды, қарым-қатынастарды бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл-ойымен шешуді қамтамасыз етеді.
Авторлар экология ғылымына неғұрлым дәл және қысқа тұжырымдама беруде бірін бірі толықтыра отырды, ол толық анықтаманы Э. Геккель берді: «Экология деп табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді жануардың, оны қоршаған органикалық және органикалық емес ортамен, әсіресе оның өзімен, тікелей немесе жанама қатысатын жануарлармен, өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеу», – деп түсінеміз [45].
Қазақстандық ғалымдардың да бұл салаға қосып жатқан үлестері, зерттеулері аз емес, дегенмен де бұл сала – зерттелуі бітпейтін, анықтауы таусылмайтын, күнбе-күн жаңадан талап қоя білетін мәселе. Қазіргі кезде көптеген ғалымдардың қолданып жүрген, нақтыланған анықтама – мынау: «экология – қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынасын табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым».
Классикалық педагогикада табиғаттың әсем көріністері арқылы жас ұрпақтарды тәрбиелеу А.Құнанбаев [3], Ы.Алтынсарин [4], Ш.Уәлиханов [5], шығармаларында табиғат пен адам өмірін ажырамайтын біртұтас дүние ретінде қарастырылған. Табиғат құбылыстарының өзгеріп отыруы заңдылық екенін айта келіп, табиғатқа сипаттамалар беріп, болашақтың бұрын-соңды болмаған жаңа дәстүрінің туып, орнығуына жол салды.
Осыған сәйкес оқушыларға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен қоса табиғат, қоршаған орта, өлкесі туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту қажеттігі туындайды. Экологияны педагогика тұрғысынан қарастыратын болсақ, Кеңес педагогикасының алғашқы даму кезеңдерін оқушыларды табиғатты белсенді түрде оқып үйренуі негізінде тәрбиелеудің формасы мен әдістері Н.К.Крупская [15], С.Т.Щацкий [116], А.В.Луначарский [17], А.С.Макаренко [18] еңбек-терінде орын алған.
Оқушыларға қоршаған ортаға саналы көзқарасын берудің арқылы жан-жақты тәлім-тәрбие беру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектепке кәсіби білікті жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық көрнекті ғалымдардың Қ.Ж.Аганина [8], Б.Р.Айтмамбетова [9], Қ.М.Арынғазин [10], Б.Әбдікәрімұлы [11], Ш.Ә.Әбдіраман [12], Ғ.З.Әділғазинов [13], А.А.Бейсенбаева [14], Қ.Қ.Жампейсова [15], Ж.А.Караев [16], С.Т.Каргин [17], Қ.М.Кертаева [18], Р.М.Қоянбаев [19], К.Қ.Құнантаева [20], Н.Ә.Мыңжанов [21], Ж.Ы.Намазбаева [22], Г.Қ.Нұрғалиева [23], И.Н.Нұғыманов [24], Т.С.Сабыров [25], Ш.Т.Таубаева [26], Е.К.Төлемісов [27], Г.А.Уманов [28], Э.И.Шыныбекова [29], Н.Д.Хмель [30] т.б. еңбектеріне арқау болды.
Қ.Ж.Аганина оқушыларға экономикалық білім берудің дидактикалық негіздерін қарастыра келіп, экономика мен экологияның сабақтастығын, жалпы білім беру мектептерінің оқыту процесінде балаларға экономикалық негізгі ұғымдар, түсініктерді, қағидаларды білу және оны өмірде қолдану қажеттігі туралы баяндайды. Б.Әбдікәрімұлы «кәсіптік білім берудің теориясы мен практикасы, қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік экономикалық даму кезеніңде қоғамға білімді, білікті маман даярлау күн тәртібіндегі басты мәселе екені, оларды жан-жақты дамытып, берудің өмірде өз орынын таба білуге жоғары мектептің орнын ерекше атап өтеді» [11]. Жас ұрпаққа тәрбие берудегі құндылығы шексіз халық педагогикасын пайдаланудың әдіснамалық негіздері Қ.Бөлеев [31], Р.Қ.Дүйсембінова [32], Қ.Жарықбаев [33], С.Қалиев [34], К.Ж.Қожахметова [35], Ж.Ж.Наурызбай [36], Ә.Табылдиев [37], С.А.Ұзақбаева [38], қолданбалы салалары Р.М.Айтжанова [39], С.Қ.Әбілдина [40], Ш.М.Мұхтарова [41], Қ.А.Сарбасова [42], Л.С.Сырымбетова [43] т.б. ғылыми зерттеулерінде қарастырылды.
Қ.Бөлеев қазақ ұлттық мектебінің қажеттігі, оқушыларға ұлттық тәрбие беруді жақсарту, мектеп мұғалімдерін және болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындау проблемасы ағартушы педагогтерінің және ғалым педагогтерінің этнопедагогикалық еңбектерінің мазмұндық талдауын арқау еткен [31]. Р.Қ.Дүйсембінова қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу тәрбие процесіне ендіру тұжырымдамасын құрып, мектеп практикасына қазақ этнопедагогикасын білім беру сатыларына қарай ендіру жүйесін жасады. Мектеп – озық тәжірибенің жинақталуы мен таратылуының алғашқы торабы, мұнда ғылыми жетістіктер, мұғалімдердің тәжірибесі, олардың шығармашылығы мен еңбек ету тәрбиеі көрнекті байқалатыны жөнінде баяндайды [32].
Қазақ этнопедагогикасы материалдарына (халық шығармашылығы салт – дәстүрлер мен әдет–ғұрып, ырым–жоралары, даналық ой–пікірлер мен көзқарастары, идеялары, халық ілімдері мен педагогикалық іс–әрекет тәжірибесі) мазмұндық сипаттама беріп, олардың атқаратын міндеттері жөніндегі танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, коммуникативтік, әлеуметтендіру, ақпараттық функцияларын мектептің оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыру мақсатындағы еңбектері бүгінгі күні құнды болып саналады. Қ.Жарықбаев, С.Қалиевтердің қазақ халық педагогикасы қазақ этнопедагогикасы салалары бойынша теориялық негіздері мен практикалық мәнділігі жоғары ғылыми әдістемелік тұстары, қазіргі кезде өте жоғары бағаланып жүрген еңбектердің бірі қорғау тақырыптарында әдістемелік зерттеулер мен практикалық тәжірибелер туралы қарастырады. К.Ж.Қожахметова алғаш рет қазақ этнопедагогикасының теориялық әдіснамалық негізін қалап, жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдасын жасады. Қазақ этно-педагогикасының әдістері, түрі, құралы, мазмұнының мәнін анықтады. Қазақ этнопедагогикасының құрылымдық моделін құрды [35]. Ж.Ж. Наурызбай мәдени-этникалық білім беру педагогикалық теориясы, мәдени-этникалық білім беру; – педагогикалық тәжірибе, мәдени-этникалық білім беру өмірге ендіру механизмі және этникалық мүддені жүзеге асырудың жайы, мәдени – этникалық білім беру және педагогика ғылымының міндеттері, ұлттық тәлім тәрбиенің ғылыми әдістемелік негізін қарастырды. С.А.Ұзақбаева қазақ халық педагогикасында эстетикалық тәрбие беру туралы құнды еңбек жазды. Қазақ халқының ұлттық тәрбиее негізделген оқушыларға эстетикалық тәрбие тұжырымдамасын жасады. С.Қ.Әбілдина «Халық қазынасының тәлімдік тағылымы», «Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуге болашақ мұғалімдердің даярлығын берудің» туралы қарастырса, Ш.М.Мұхтарованың «Жоғары оқу орнының оқу тәрбие процесінде студенттердің ұлттық сана– сезімін берудің» туралы ғылыми жаңалығы, Қ.А.Сарбасованың «Қазақ этнопедагогикасы материалдарын математиканы оқыту әдістемесінде пайдалану» жөнінде еңбектері бар. Л.С.Сырымбетованың «Қазақ қыздар гимназиясы ерекшеліктері ұлттық тәрбие жүйесі ретінде» атты еңбектері тәжірибе жүзінде дәлелденуде.
Сол сияқты экологияның білім мен тәрбие беру проблемасын шешуде Республикада Ә.Бейсенова [45], К.Н.Сарыбеков [56], М.Н.Сарыбеков [57], Ж.Б.Шілдебаев [61] т.б. ғалымдар ғылыми жұмысты орындау барысында жас –өспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие саласында көптеген ғылыми зерттеулер жүргізген. 60-70 –жылдары оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу идеясының пайда болу, қалыптасу кезеңі етек алды.
А.Н.Захлебный [71], И.Д.Зверев [72], И.В.Иванов [119], экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаттары мен қағидаларын қалыптастырды, мазмұнын анықтады. Яғни оқыту мен тәрбиені ұштастыру негізінде татымды нәтиже берілетіні анықталды.
Теориялық және ғылыми ізденуде зерттеу мәселесіне сай жазылған еңбектер мен ғылыми зерттеу жұмыстарын көптеп кездестірдік. Әрбір қоғамда материалдық-экономикалық формасының алмасуымен одан туындайтын оқыту мен тәрбиенің мәні, мазмұны, жүйесі өзгеріп отыратыны белгілі, олай болса, адамзатты тұтас педагогикалық процеске жетелейтін – тәрбие ғылымның әр саласында көрініс табады. Өлкетану жұмыстарында экологиялық білім беру ретінде мектеп оқушыларының экологиялық тәрбие берудеғы қазақ халық педагогикасы материалдарын пайдалануда олардың қоршаған ортамен байланысының әр түрлі әрекеттеріндегі педогогикалық процесті айтуға болады.
Мектеп оқушыларына экологиялық және экономикалық білім беруде өлкетану түрінде қарау жалпы негізде мойындалған. Оны іске асыру әдіс–тәсілдерінің көптеген түрлерін отандық және шетелдік мамандар тілге тиек еткен. Өлкетануды танып–білуге ұстанған бағыт 70 – жылдары экологиялық білім беру мәселесін шешуге мүмкіндік берді және мектепте экологиялық білім беруді дамытты.
Өлке – дегеніміз аймақтық көлемдегі жер, ол әкімшілік түрде болады (облыс, республика, өлке) [20]. Мектептегі экологиялық өлкетануда бұл түсінік экологиялық проблемалардың локальды және аймақтық деңгейін қамтиды және олардың арасындағы әрекеттестікті талап етеді. Әкімшілік шегінде ғылыми зерттеулер жүргізіледі және табиғатты пайдалану бойынша нақты бетбұрыстар қабылданады, ол-мектептегі экологиялық білім беруге қажетті ақпараттар береді. Жергіліктілін – адамның өзі өмір сүріп жатқан жері және табиғатпен әрекеттесу орны. Жергіліктілін оқыту ортасы ретінде қолданылуы мүмкін, яғни оқушыларға тәжірибелік жұмысы болып табылатын іздену жұмыстарын жүргізу орны болып табылады.
«Өлкетану» терминін алғаш рет 1914 жылы тарихшы-әдіскер В.Я.Уланов және сібірлік мұғалім-географ B.Н.Мальков қолданды [21].
Өлкетану – елдің бір бөлігі, қаланың, ауылдың, басқа да поселкенің тұрғылықты жердің тұрғындары үшін туған өлке болып табылатын территорияны жан-жақты оқып үйренуі.
Мектептегі өлкетану – мектептегі оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу міндеттерімен сәйкес келетін оқу процесінде, сабақ және сабақтан тыс жұмыста оқушыларға туған өлкесін жүйелі, жанжақты тануы [19]. Мектеп өлкетануы теориясының дамуына И.В.Ивановтың «Краеведение и системы учебной и воспитательной работы средней общеобразовательной школы» атты докторлық диссертациясы және «Педагогические основы школьного краеведение» деген 1966 жылғы монографиясы үлкен үлес қосты.
Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, тәрбие зерттеумен шұғылданатын ғылым мен тәрбие саласы. Кешенді өлке осылардың бәрін бір-бірімен байланыста қарастырады, салалық өлкетану географиялық, тарихи, этнография, топоним т.б. болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі міндеті – өлке жөнінде түрлі ақпараттар, материалдық ескерткіш үлгілерін т.б. мәліметтер жинақтау [22]. Өлкетану – мұғалімнің басшылығымен оқушыларға туған өлкесінің ( мектеп алаңы, ауыл, аудан, қала, облыс, өлке, Қазақстан ) табиғи, әлеуметтік, экономикалық және тарихи жағдайларын жан-жақты зерттеуі. Осы арқылы оқу мен тәрбиені өмірмен, қоршаған дүниемен тығыз байланыста қарастырудан туады [19].
Өлкетану ұғымын түсіндіруде көптеген авторлар оның белгілі бір территория туралы мағлұмат жинау ғана емес, сонымен қоса бір факторлардың екінші факторларға әсерін анықтау, яғни сол жердегі өмірдің және табиғаттың кешенді көрінісін беру екенін дәлелдеуге ұмтылады.
Өлкетану жұмыстарын мектептің экологиялық жүйесінің негізі мен бірізділігі нақты іс-әрекеттер барысында іске асыруды қамтиды. Аталған жұмыстарды жүргізу, яғни мектептегі экологиялық өлкетану ретінде пән- аралық педагикалық процесс, қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану, оқушыларға бұрынғы және бүгінгі күнгі экожүйемен танысуға бағытталған әрекеттерінің бірлігін ұйымдастыру, аймақтық проблемалармен байланысты жергілікті экологиялық өлке проблемаларын анықтау, оларды шешудің жолдары мен оқушыларға оны жетілдіруге болатын шешімдері мен жолдарын іздестіруден тұрады.
Өлкетану жұмыстары педагогикалық феномен ретінде екі педогогикалық саланың тоғысында тұр: ол – мектептегі өлкетану және оқушыларға экологиялық білім беру. Сондықтан, бір жағынан, экологиялық бағыттағы өлкетану мектеп балаларының экологиялық білім алу компоненті болса, екінші жағынан, ол – мектепте өлкетану жұмысын жүргізудің бір бағыты, сондықтан оның өзіндік ерекшелігі аталған саладағы білімге тән терминдерде көрсетілген.
Өлкетануды мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің негізі (факторы) ретіндегі рөлін қарастыру барысында екі мәселе анықталды:
1) мектепте өлкетанудың және экологиялық-экономикалық білім беруді талдаудың алғы шарты; “өлкенің экологиясы”, оның ішінде, “өлке”, “ жергілікті жер”;
2) «өлкетану», “өлкетану принципі”, “өлкетану жұмысы”, “өлкетану жұмыстары байланыстарының бірнеше түсініктері негізін анықтау.
Мектептегі экологиялық-экономикалық өлкетану проблемасын қарастырудың әдістемелік негізіне кеңестік уақыттағы экологиялық, экономикалық проблема мен “тұрақты даму” ерекшеліктері жатады.
Ғаламдық экологиялық-экономикалық жағдай мәселелеріне арналған зерттеулерде қазіргі заманғы қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігінің ерекшелігі сарапталады. Оларға мыналар кіреді:а) антропогенді әсер ету орны болып жер шарының барлық саласы – қатты, газдық, су, биотоптық, ғарыштық салалары саналады; б) экологиялық қарама-қайшылықтар барлық жер шарын қамтиды; в) адамзат әрекеті әлемдік көлемдегі көптеген табиғат тепе-теңдігіне әсер етеді.
Аталған проблемаларды жер бетінің экологиялық дағдарысқа қатыстылығын, жекелеген аймақтардың экологиялық жағдайларын теріске шығарудың қажеттігі жоқ, алайда осы мәселелерді сөз ете отырып негізгі проблемаларды анықтап алу мақсаты туындайды:
– қоғам мен табиғат – бір жүйе элементтері, адамзат қоғамы – табиғаттың даму нәтижесі;
– жүйедегі сабақтастырушы звено ретінде табиғатты пайдалану жүйесі байланыстырушы болып табылады, мұның ішіне өндіру және пайдалану да кіреді, табиғатты пайдалану процесі табиғат компоненттерін қайта өңдеумен байланысты, адамдар қажетті тағамдарды қолдану және көп немесе аз көлемде қалдықтар шығару арқылы қоршаған ортаны өзгертеді;
– биологиялық қорды көп алу және оны өндіруді арттыру, табиғи жүйені жасанды және техногенді жүйемен алмастыру өмір сүрудің түрлілігін азайтады, экологиялық жүйенің күрделілігін кемітеді;
– қандай да бір табиғи ортаның тұрақтылығы көбіне оның күрделілігіне байланысты, сондықтан табиғи ортаның өзгеруі – теріс ықпал, оның ішінде адам мен оның денсаулығына зардаптар әкелуі мүмкін.
Адамзаттың проблемасы болып табылатын экологиялық-экономикалық проблемалар әр деңгейде қарастырылады. Әр автор ғаламшарлық, аймақтық, ұлттық, мемлекеттік, локальды және жергілікті деңгейлерді көрсетеді. Аталған мәселенің аумақтық-уақытша ерекшеліктері бұл мәселені қарастыру жолының ерекшелігінен көрінеді. Жергілікті деңгей локальды деңгейішілік болады. “Ұлттық” деген термин “халықаралық” деп есептеледі және ол проблема көбінесе мемлекет тарапынан өзара әрекеттесу арқылы шешіледі. Бұл жерде де “мемлекеттік” терминін көптеген көп ұлтты мемлекет тұрғысында қолдануға болады мысалы : – локальды (жергілікті және оның маңайы), – аймақтық (облыс, республика, өлке, елдің аймағы), – ғаламшарлық (жер шары, биосфера, оның белгілі бөлігі).
Осы орайда тағы бір ерекшелікті атап өткен жөн. Экологиялық-экономикалық мәселені таяу арада шешудің практикалық қадамы локальды деңгейде алдын алады, бірақ жоспарлау барысында жоғары деңгейдегі өзекті проблеманы түсініп, біліп алуды қажет етеді.
Педагогикалық жұмыстарда кең мағынада мына терминдер көп қолданылады: «экологиялық-экономикалық білім беруде өлкетану принцип тері», «экологияға және экономикаға өлкетану тұрғысынан келу», «экологиялық-экономикалық білім беруді аймақтық тұрғыда қарастыру». Аталған терминдердің мазмұнын ашуға белгілі дереккөздердің жоқтығы себеп болды, көп жағдайда синоним ретінде қолданылады. Педагогика негізін дерекнамалар мен әдебиеттерді оқып үйрену бойынша мектеп өлкетануы және оқушыларға экологиялық-экономикалық білім беруде аталмыш түсініктердің мағынасын ашуға мүмкіндік берді.
Осыдан келіп өлке, кіші отан табиғатын қорғайтын тәрбиелі, тәртіпті, тәрбиені тұлғаны дамытып, қалыптастырып алу міндеті жүктеледі.
Философиялық сөздікте тәрбиенің – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылық қызметелеу және бұл қызметтің адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға бағытталатыны көрсетілген.
Ғалым Ж.Ж.Наурызбай: «Шын мәнісінде тәрбиелі адам болу үшін планеталық, ғаламдық, экологиялық-экономикалық саналар деңгейіне самғаумен бірге кіндік кескен жер, туған өлке, Отан, өз шаңырағын қастерлеу сезімімен қатар тыныстау – парыз. Географиялық сана елтану, этнография, экология пәндері арқылы да дариды. Аталған пәндер этнос пен тәрбие проблемаларымен өрістес болғандықтан, мәдени этникалық оқыту мен тәлім тәрбие ісінде ерекше маңызға ие», – дейді [36].
Ж.Ж.Наурызбай адам болашағының қамын ойлайтын жан-жақты дамыған, рухани құндылықтарға бай, ұрпақ мәселесін жастардың кіндік қаны тамған жер-анаға деген сүйіспеншіліктен басталуы керектігін шешіп беріп отыр.
Зерттеуші ғалымдардың педагогикалық ой-пікірлері, мәселен, Э.С.Маркарян бойынша, тәрбие табиғаттың адам үшін мәнділігін жоймайды, оған деген қарым-қатынасын да жоққа шығармайды, керісінше, адамның табиғатпен байланысының ерекше формасы болып табылады. Тәрбие, ең алдымен, тарихи даму процесінде оның белгілі бір баспалдағына мейілінше айғақталатын адамның табиғатқа деген қарым-қатынасы туралы ой түйеді.
Экологиялық тәрбие табиғи қоршаған ортамен қарым-қатынастағы адам тіршілігінің мұра болып қалатын таза тұрмыс қалпына, тұрақты әлеуметтік, экономикалық дамуына, елдің және әр адамның экологиялық-экономикалық білім мен тәрбиесі деңгейіне байланысты қаланады.
Э.В.Гирусовтың айтуынша, экологиялық және экономикалық тәрбие – қоғамның материалдық және рухани құндылықтардың бірлігі, сондай-ақ табиғи ортаны сақтауға бағытталған әрекеттердің бірлігі [76]. Сөйтіп, тәрбиенің мәнін адамның өзіндік материалдық және рухани қажеттілікке жетелейтін іс-әрекетке байланысты туындайтын өнім деуге болады.
Жоғарыда көрсетілгендей, экологиялық және экономикалық проблеманы шешуде білім жеткіліксіз, сондықтан жеке тұлғада адам мен табиғаттың үйлесімді қарым-қатынасын қамтамасыз ететін экологиялық тәрбиені берудің қажеттігі туындайды. Себебі экологиялық тәрбие білімді белсенділікке, нақты іс-әрекетке бағыттайтын құрал қызметін атқарады.
Осыған байланысты жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында экологиялық-экономикалық тәрбиелеу қажеттігі айқындалды. Ол, бір жағынан, орта мектептерде экологиялық-экономикалық білімнің енгізілуіне, екінші жағынан, экологиялық-экономикалық дағдарыстың қоршаған ортадағы үйлесімділіктің тереңдеп бұзылуына байланысты болды.
«Тәрбие экологиясы» терминің ең алғаш рет академик В.Т.Лихачев 1980 жылы ұсынды. Оның пікірінше, адамгершілік факторынан құралған адам тіршілігінің объективті негізі – мұраларды сақтау, сол себепті тәрбие экологиясын адамгершілік экологиясы ретінде қарастырады. Тәрбие экологиясының заңдарын сақтамаған жағдайда ол қоғамның адамгершілік, рухани жағынан құлдырауына әкеп соқтыратындығын ескертеді [79].
Табиғат пен адам арасындағы өзарақатынастың өздеріне тән «мінез-құлық ережелері» бар. Д.С.Лихачев әлеуметтік екі тәрбиенің қарым-қатынасын қарастырады. «Екі тәрбие– тарихи дамудың жемісі, оның ішінде адам тәрбиеі табиғаттың ықпалымен дамыса, ал табиғат адам тәрбиеімен тығыз байланысты», – дейді [сонда ].
Экологиялық тәрбиенің анықтамасын И.П.Сафронов толықтыра түсті. Ол – экологиялық тәрбиені «рухани құндылықтарды, әлеуметтік институттардың барлық түрлерінің жүйесін және белгілі бір әлеуметтік бірліктің шеңберіндегі табиғатты танып-білумен, меңгерумен және жаңартумен тікелей байланысты адам іс-әрекетінің нәтижесін көрсететін, адам, қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың сипаты мен саналық деңгейін білдіретін жалпы тәрбиенің арнайы бөлігі» ретінде анықтады [84]. Біздің ойымызша, «экологиялық тәрбие» – салыстырмалы жаңа ұғым, оны дүние-жүзілік тәрбиенің маңызды кезеңі және құрамды бөлігі деп түсінуге болады. Бұл жағдайда экологиялық тәрбие ұғымының пайда болуы экологиялық қауіпсіздікті болжау, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен жақсартуды қамтамасыз ету қажеттігін түсінумен тығыз байланысты екенін көрсетеді.
Отандық ғалым И.К.Исламова өз зерттеуінде «экологиялық тәрбие» ұғымын төмендегідей тұжырымдады: «Экологиялық тәрбие – қоғамның табиғи ортамен ғана емес, әлеуметтік тарихи ортамен өзара әрекетінің тәсілдерін сипаттайтын, барлық рухани өмір мен істе көрініс табатын адамзат тәрбиеің маңызды бөлігі және табиғаттың құндылығын түсінетін, экологиялық білім жүйесімен, экологиялық саналылықпен, экологиялық іс-әрекетпен, қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынаспен сипатталатын тұлғаның ерекше қасиеті», – деген анықтама береді [106].
Әрине, адамзат тәрбиесінің маңызды бір бөлігі ретінде экологиялық тәрбиені сипаттаудағы «қоғам – адам - табиғат» сабақтастығының жалғасы ретінде қарастыруы орынды ой пікірлер болып табылады оқу тәрбие процесінде жүзеге асыруда ерекше орын алады.
Н.С. Сайлауова 6-7 жастағы балалардың бастапқы экологиялық және экономикалық тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктері мен педагогикалық мүмкіндіктеріне қарай берудің мазмұнын ашты. «Мектепалды балаларының бастапқы экологиялық және экономикалық тәрбиесі – табиғат құндылығын түсінуі және қарапайым экологиялық білім мен біліктілігін күнделікті өмірде қолдана білуге бағытталған әрекеті, ол алғашқы экологиялық мінез-құлқымен сипатталады», – деген ой-пікірмен нақтылайды [127].
«Экологиялық және экономикалық тәрбие – жалпы тәрбиенің ажырамас бөлігі ретінде табиғатты қорғауға, табиғат ресурстарын үнемді пайдалануға, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге байланысты жеке тұлғаның экологиялық және экономикалық білімі, іскерліктері, көзқарастары, сенімінің және табиғи ортаға практикалық іс-әрекетінің жиынтығы», – деп Ж.Р.Жексембаева еңбегінде арқау етеді [108]. Ғалымдардың педагогикалық ой-пікірлері бойынша, «экологиялық тәрбие» – жалпы дүниежүзілік мәдени дамуының құрамдас бөлігі және кезеңі, болашақта адамзаттың дамуына игі әсер ететін өткір, терең өмірдегі барлық жалпы маңызды экологиялық проблемалармен сипатталады. Ш.М.Абеуованың пайымдауынша, «агроэкологиялық тәрбие дегеніміз – өзі өмір сүріп отырған аймақтың, ауылдың табиғат құндылықтарына, жеріне, дала шаруашылығына деген қызығушылығы, құрметі, оны түсінуі, табиғатты танып – білуі, ауыл шаруашылығын экологияландыру мақсатындағы білімі, іскерлігі, дағдысы және іс-әрекет тәрбиеі» [107]. Бұдан шығатын түйін – жергілікті тұрғыдан тұлғаның өзі туып, – өскен жерінің оның шаруашылығына қатысы, табиғатты танып білудегі сауаттылығы агроэкологиялық тәрбиеің көрінісі болып табылатындығында.
Бұл анықтамада ерекше назар аударатын тұс – «экологиялық тәрбиенің» жеке ұлттық немесе ұлтаралық деңгейде емес, бүкіл дүниежүзілік деңгейдегі адамзатқа әсер ететін проблемалар қатарында сипатталуында.
Сөйтіп, жеке тұлғаға экологиялық-экономикалық тәрбие беруде адам мен табиғаттың экологиялық байланысының екі жолы көрінеді, олардың физиологиялық және экологиялық байланысы, физиологиялық және психологиялық байланысы адам денсаулығына әсер етеді. Бұл байланыстың бұзылуы соңынан физиологиялық және психологиялық үрдістерінің тепе-теңдік биоритмдік өзара қатынастардың бұзылуына әкеп соғады да, осыдан адам мен табиғаттың өзара байланысы бұзылады. Олардың қайта жаңғыртылуы табиғат-танудың бірыңғай аурасын қалпына келтіреді, психикалық және физиология-лық жүйеге әкеледі. Рухани, адамгершілік-эстетикалық байланыстар адамның рухани жай-күйіне әсер етеді.
Мақсатқа лайықтылық, табиғатқа сәйкестік, үндестік және әсемдік адамдар үшін адамгершілік-эстетикалық қанағаттануы және тазаруы болып табылады.
Осы екі байланыс жолдары тұлға қалыптасуының физиологиялық, рухани, адамгершілік-эстетикалық салауаттану функцияларын атқарады.
Негізгі мәселені анықтау барысында «табиғат экологиясы» түсінігінің анықтамасын қарастыруымыз керек. Осы анықтаманы біз экологияның жеке саласы ретінде түсінеміз, табиғат объектілері өнімдерін зиянсыз өңдеу, ағзаның, құбылыстардың процесс пен айналымдарын, үйлесімді байланыс заңдылықтарын, тәуелділіктерін, тәуелсіздіктерін, өзара білімділіктерінің, қосылыстарының нұқсансыз функция атқаруы мен қамтамасыз етушілік табиғаттың толық құнды дамуы мен тіршілік етуін қамтиды.
Табиғат экологиясы әлеуметтік экологиядан айырмашылығы бар сала әлеуметтік экологияның мәнін анықтаған. «Бұл адамзат қауымдастығы мен қоршаған географиялық кеңістік аралықтардағы қатынастарын, әлеумет пен мәдени орта, тікелей және жанама кәсіби іс-әрекет ықпалы қоршаған орта құрылымы мен құрылымына антропогендік экологиялық факторлардың ықпалы, әсіресе ландшафтардың урбанизациялануы және т.б. экологиялық факторлардың адамның дене және психологиялық денсаулығын зерттейтін ғылым» деген анықтама береді [45]. «Табиғат экологиясы» мен «әлеуметтік экология» пәні ноосфера түсінігі бойынша байланысады.Кезіндегі «ноосфера» ұғымы бүгінгі күні «ноология» ұғымына айналды. Ноологияны грек тілінен аударсақ «ноо – ақыл–ой, адамның рухани байлығы, күші» деген мағынаны білдіреді. Аталған табиғи ортаны адамның ақыл-ойы арқылы басқаруын Моисеев Н.Н. «ноосфера» деген терминді тұжырымдаған болатын. Кейінгі экология ғылымының қалыптасуына, дамуына байланысты ноосфера нооэкология деп орынды аталып жүр.
Сонымен, табиғат және әлеуметтік экология тепе-теңдікті ұстау, табиғатты және адамды қорғауды жүзеге асыру тек қана қамқорлық ретінде қарастырылмау керек, құтқару, жаңару, жалғыз таза ортаның кеңеюі, адамға пайдалы ауа, су, өсімдік жан-жануар әлемі, озон қабаты, әлемдік мұхит, қанағатты радиациялық фон, азаматтардың әлеуметтік, құқықтық қорғауы, бейбітшілік сияқты құндылықтарды қайта жаңарту бағытында да аңықталады.
Атап айтқанда, осы салалардан адамның жас кезінен дене бітімі, психикалық күйіне қолайлы және қолайсыз әсерлі болуы мүмкін.
Осыған байланысты экология үшін адам алдымен өз-өзіне қарау, өз-өзіне күш-қуат жинау, саналы экологиялық бағыт пен тәртіп орнатушы болып табылады. Егер де жас кезінен бастап адамның экологиялық тәрбие қалыптастырса, осының бәрі нақты іске асырылады. Экологиялық тәрбие компоненттерінің бірі экоорталық типтің экологиялық санасы болып табылады. Осындай экологиялық сана типінің сипаты: экологиялық сәйкестікке мақсатты бағыттылық, адам мен табиғат арасындағы карама-қайшылықтың болмауы, табиғат объектілерінің толық құқықтығы, субъектілерді лайықты қабылдауы, адаммен өзара қарым-қатынас партнері, табиғат пен прагматикалық және прагматикалық емес әрекеттесу теңдігі.
Экологиялық-экономикалық тәрбие адам мен табиғат, табиғаттың арасындағы еркін қатынастардан туындайды.
Экологиялық-экономикалық тәрбие компоненттерінің бірі болып саналатын экоорталық типінің бірі – сана. «Жан-жақты тәрбиені тұлға тарихи санамен қатар айқын географиялық санамен, ғаламдық, экологиялық санамен, сонымен бірге туған өлке, кіші отан, туған жер, шаңырақ санасымен қарулануға тиіс», – деп көрсетілген [36]. Жан-жақты дамыған жеке тұлғаның бойындағы бөлінбес бір құрам – экологиялық тәрбие, ол өте кең түсінік, ол – бірнеше маңызды әрі өзара байланысқан экологиялық сана, дүниетану, экологиялық ойлау, экологиялық жауапкершілік және экологиялық сенім арқылы қалыптасқан. “Табиғатпен қарым-қатынас барысында және экологиялық білім алу нәтижесінде адам бойында жеке ғылыми экологиялық сана қалыптасады”. Экологиялық-экономикалық сананы психиканың білім мен нақты бір құндылықты елестетумен байланысты күнделікті өзін-өзі ұстауы мен қоршаған ортамен әрекеттесу барысында оны қорғауы мен байланысты эмоционалдық белгілердің аспектісі ретінде қарауға болады.
Экологиялық-экономикалық сана – “адамның табиғатпен әлеуметтік міндетті шешуден бұрынғы оның артықшылығын сақтау арқылы әрекеттесуінің үздіксіз байланысы” [76].
Экологиялық-экономикалық сана экологиялық-экономикалық заңдардың негізін, экологиялық-экономикалық заңдарды тануды, “табиғат-қоғам” жүйесіндегі табиғи және әлеуметтік заңдардың сәйкессіздігі ретіндегі қарама-қайшылықтар себебін түсінуді, ғаламдық экологиялық апатты тануды және одан туындайтын экологиялық дағдарысты, экологиялық интегративті үйлесетін және қоршаған ортаға өзіне қарағандай қарауды қалыптастыратын мақсатты түрде әрекет ету түрін таңдайды.
Экологиялық-экономикалық санаға экологиялық-экономикалық білім, жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемінде болып жатқан фактілер, мәліметтер, қорытындылар, өзара іс-әрекеттерді жалпылау мен олармен өзара алмасу, сондай-ақ оның өмір сүру ортасында және қоршаған ортада болып жатқан өзгерістермен өзара алмасуы жатады. [131].
“Экологиялық-экономикалық сананы берудің эстетикалық бағыты адамға табиғаттың әдемілік заңдылықтарын терең түсінуге, соған сәйкес, онымен және басқа да адамдармен дұрыс қарым-қатынас беруге бағытталған және осы адамның шығармашылық ептілігі олардың экологиялық-экономикалық санасының қалыптасуы барысында дамиды” [137].
Олай болса, экологиялық-экономикалық сананың ядросы болып саналатын экологиялық-экономикалық ойлау – адам ақыл-ойының талдауы мен салыстыру қабілеті. Оның негізінде ойланған, ғылыми нақтыланған, жеке индивидтердің қоғамдағы өмірі, экологиялық тепе-теңдік сақталады. Экологиялық-экономикалық қабылдау негізінде адам табиғатты көру, есту, сезіну, оның барлық табиғи-эстетикалық тұтастығын, оның ішінен көптеген түрлерді, түстерді, дыбыс, иіс, нәзік өмірдің сырын қабылдау қабілеттеріне ие болады. Экологиялық-экономикалық санада маңызды рөл атқаратын - экологиялық-экономикалық елестету. Ол – адамның субъективті санасына сезушілік келтіреді. Сол сәттегі сезім мүшелеріне әсер етпейтін заттар мен құбылыстар бейнесінің мида пайда болуы. Елестету – бір нәрсені ойша көру немесе ойша есту, жай ғана емес, көрнекі бейнелендіру болып табылады.
Экологиялық-экономикалық сезімтану адам мен табиғаттың саналы-санасыз бірлесуі, оның үндестігі мен тұтастығы, күйзелуі, азаптануы, аяныштығы, табиғаттың залалдығын, оның ішіндегі үндестіктің құрығаның, әсемдіктің бұзылуын көргенде негізделеді. Кейде ол таңқалыс, қуаныш үндестігі, табиғаттың пәктігі түрінде көрінеді.
Экологиялық тәрбиенің компоненттерінің бірі–табиғатқа практикалық жігерлі қатынас. Ол – экологиялық бағытталған жігерлілікті табиғаттағы практикалық әрекеттесудің орындалуын болжайды, қоғамдағы позитивтік зардапқа араласуға зиян келтірмеу, соңында болмайтын қауіпті өзгерістер болған жағдайда және ойда болмаған оқиғадан бас тарту.
Тұлғаның экологиялық тәрбиесі басқа да тәрбиелермен тығыз байланысты. Олар интеллектуалды - танымдық тәрбие, жаратылыстану - табиғат заңдылықтарын тануын, олардың өзара адаммен заңды байланыстарын қамтамасыз етеді.
Философиялық тәрбие қоғамдағы, табиғаттағы адамның орны және оның өмір сүру мағынасын терең түсініп ойлауға мүмкіндік береді. Ол адамды табиғат пен қоғамның өнімі ретінде көреді. Саясат тәрбиеі табиғаттың күйімен, атмосфера, литосфера гидросфера адамның шаруашылық іс-әрекетімен, үйімен экологиялық тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Құқықтық тәрбие табиғат пен әрекеттің өзара заңды байланысын, оны қорғауға, жаңартуға бағытталған және адамды заңмен сауаттандыру мәселелеріне мән береді. Қоршаған ортаның қандай дәрежеде сақталуы, сол ортада өмір сүрген адамзаттың да бет-бейнесін ашып отырады. Адамгершілік тәрбие жеке тұлғаның табиғатқа деген байланысын рухани жағынан көтереді, ол – адамның табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, жалпы барлық тіршілік иелеріне сүйіспеншіліктерін арттыртады. Эстетикалық тәрбие табиғаттың әсемділігіне, сұлулығына сүйіспеншілік көзқарасты беруге, табиғатта рахаттануға мүмкіншілік береді. Еңбек тәрбиеі шаруашылық іс-әрекеті табиғатқа қауіп келтірмеу, табиғатты үнемді, ұқыпты қолайлы пайдалану, адамдардың бос ысырап келтірмеуіне бағыттайды. Дене тәрбиеі жеке тұлғаның табиғаттағы табиғи және рухани қуаттарының дамуына ықпал ету, байыту, қайта, жаңарту және оның көмегімен өмірлік күш-қуатын көтеруге насихаттайды.
Осыдан осы тәрбиелердің қосындылары, өзара байланыстары тұлғаның экологиялық-экономикалық тәрбиесі мен жаңа мәдени білімін тудырады.
Қазіргі ғылымда экологиялық-экономикалық білімнің мазмұны мен әдістері туралы теориялық білімдердің маңызды қоры жинақталған. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының аксиологиялық негіздерін В.И.Вернадский [55], қарастырған.
Экологиялық-экономикалық білімнің аймақтық компонентін жүзеге асыру жолдары қарастырылған еңбектер де баршылық. Ғалымдар жергілікті қауымдастықта экологиялық-экономикалық білім кеңістігін беруде негізгі рөлді аймақтық университет атқаратынын атап көрсетеді.
Экологиялық-экономикалық білімнің көкейкесті мәселерін зерттеген қазақстандық ғалымдар да ХХ ғасырдың соңында табиғат қорғаудың, экологиялық тәрбие берудің пәрменділігін арттыру мақсатында мектеп оқушыларына арналған жаңаша әдістер мен концепциялар жасай бастады. Атап айтқанда:
Ә.С.Бейсенова [45], Д.Орынбеков [36], М.Н Сарыбеков [56], А.А.Сотников [37], Ө. Танабаев [38], А.Болтаев [39], В.И. Фурсов [6] және т.б.
Ә.С.Бейсенова жоғары оқу орындарында және жалпы орта білім беретін мектептерде экологиялық-экономикалық білім мен тәрбие беру концепциясын жасады. Концепцияда табиғатты танып білу, дүниеге көзқарас және әдіснамалық мәселелер студенттердің дүниеге ғылыми көзқарас және теориялық ойын беруге, оқушыларға табиғатты танып–білуі барған сайын адам мен қоғамды арасындағы тығыз сабақтастықты ұштастыру қажеттігі оқушылар мен студент жастарға экологиялық-экономикалық тәрбие беруде аса маңызды болып саналады [45]. М.Н Сарыбековтің бастауыш сынып оқушыларын айнала қоршаған орта табиғатын қорғауға тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін талдап, адамзаттың осы ұстанымдарды қолдай отырып, қоршаған ортаны сақтаған жағдайда ғана, яғни келешек ұрпақ үшін табиғи орта мен оның байлығын керегінше пайдалансақ, соғұрлым табиғаттың қоғамға берері мол деген тұжырымын қолдай келе, бастауыш буын оқушыларына қоршаған орта туралы алғашқы түсініктерді берудің, өскен жерінің табиғатына құрметпен қарап, күтіп әрі аялауға үйрету әдістемесін жасап берді [57]. А.А. Сотниковтың «Болашақ мамандарға экологиялық-экономикалық білім берудің адамгершілік аспектісін берудің дайындығын» тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын адамгершілік аспектісінің алғышарттары болатынын дәлелдейді [37].
Ө.Танабаев: «Оқушыларға экологиялық-экономикалық шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл атқаратыны белгілі, ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің өзі – шеберлік, жоғары сынып оқушыларын мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді», – [38] деп жазды. Шығармашылық адамның рухының, сана-сезімінің, бостандығының тұлғалық және мәдени дамуының мәніне ықпал ететін үрдіс бола отырып, сыныптан тыс жұмыстарды әр түрлі түрде өткізу, тәрбие әдістерін дұрыс тандап, тиімді қолдану оқытушының іс-әрекетінің құрылымының бір аспектісі іспеттес. А.Болтаевтың «Пәнаралық байланыс арқылы экологиялық білім мен тәрбиеде жауапкершілік қатынасын берудің» деген еңбегінде қарастырылған, С.О.Орынбеков «Қай қоғамда да болмасын оқытуды ұйымдастыру формасындағы пәнаралық, пәнішілік байланыстар күн тәртібінен түспейтін мәселе екені, яғни пәнаралық байланыс арқылы оқушыларға экологиялық-экономикалық тәрбие берілсе, бағыты мен бағасы жоғары деңгейде болады», – деп тұжырымдап, «Экологиялық-экономикалық тәрбие адамның қоршаған табиғи ортаға саналы, табиғатқа ұқыпты түрде қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттігін түсінетін, табиғатты қорғауға белсене қатысатын көзқарасты берудің», –деген анықтама береді. Өлкелік принцип негізінде жануартанудан экологиялық-экономикалық білім беру әдістемесін, тәрбиелеу жолдарын зерттеген. Осы орайда ғалым оқушыларға білімі, іскерлігі, дағдысы және жауапкершілік қатынасы пәнаралық байланыссыз қалыптасуы мүмкін еместігін анықтады.
Қай қоғамда, қай ортада болмасын бүлінген табиғи ортаны қалпына келтіруден гөрі саналы түрде оның алдын алудың маңызы зор. Осы орайда Романова Э. қоршаған ортаны қорғау мәселесіне байланысты жоғары білімнің, саяси саналылықтың, әлеуметтік жауапкершіліктің және кәсіби жете білушіліктің табиғатты қорғау жұмыстарын ұйымдастыру даярлықтарын жүргізуге дайындықты берудің экологиялық тәрбиенің ағартушылық мақсаты болып табылатындығын дәлелдейді. Ғалым экологиялық білім берудің мақсаты – еңбек әрекеті процесіндегі табиғи ресурстарды орынды пайдалану мәселесін шешуге бағытталған табиғат заңдары туралы қажетті білім беру, қоршаған ортаның сапасын меңгеру мақсатында адамдардың ықпал жасау нәтижесінде табиғаттың жеке компоненттерінің күйіне баға беру біліктілігін берудің, яғни табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін адамның табиғатпен қарым-қатынасындағы іс-әрекетінде мақсатты, жоспарлы бағыт-бағдардың болуын ерекше атап көрсетеді.
Жоғарыдағы ғалым, зерттеушілердің экологиялық және экономикалық тәрбие жөніндегі ой-тұжырымдарының қай-қайсысында да адам баласының өзін қоршаған табиғатты саналы түрде қорғауға, ал табиғат байлығын мейлінше молайта түсудің тиімді жолдарын іздестіруге, табиғи ортада болып жатқан кері өзгерістерді қалпына келтіруге қызмет ету қажеттілігі экологиялық білім арқылы тәрбие беру жүйесін құрайтындығы тиянақты тұжырымдалған.
Ғалымдардың «Экологиялық және экономикалық тәрбие» ұғымына берген бұл анықтамаларынан бір–бірінен түбегейлі алшақтықты көрмейміз.
Экологиялық білім-балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия колледж-дерде, жоғары оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.
Экологиялық және экономикалық тәрбие–бүкіл адамзат басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның өмір сүріп отырған ортасына, оның тіршілікке қоян-қолтық араласатын жаңа ғылым саласы, айнала қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, небір көлденең оқиғалардан сақтауға табиғат пен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік орын алатын педагогикалық тұрғыдан зерттеуді қажет ететін маңызды көкейкесті мәселе».
Қазіргі уақытта орта мектепте оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие берудің қажеттігін өмірдің өз талаптарынан, қарама-қайшылықтарының болуынан туындаған проблемалардың біріне айналады. Бұл жағдайда жеке пәндердің рөлі арта түседі. Әсіресе, оқушыларға экологиялық тәрбие беруде экологиялық тәрбие беруде экологиялық білімді берудіңшы бастапқы курс «Дүниетану» болып саналатын болса, алған теориялық білімдерін жетілдіретін, экологиялық тәрбие қалыптастыратын пән өлкетану курсы болып саналады. География пәні бойынша өлкетану жұмысын жүйеге салу жоспарын ұсына отырып, Т.Түсіпбековаоның отансүйгіштікке тәрбиелеудегі рөлін атап көрсетеді. Шын мәнінде географиялық өлкетану дегеніміз – әркімнің өз үйінің табалдырығын аттап шыққанда табаны тиіп, қолмен ұстап, көзімен көретін табиғи заттарды, құбылыс болмысты түсініп білу деген сөз. Онсыз өмірдің мәні болмайды. Неғұрлым табиғатпен етене жақын жүріп, табиғи құбылыстарды зерттеп білуге құштар болса, адамдардың жан-дүниесі бай, көңіл-күйі сергек болады әрі жер ананың қадір-қасиетін білген адам өзін оның перзенті санап, оған жауапкершілік сезіммен қарайды. Ал мектеп оқушысын, яғни елдің ертеңгі азаматтарын, оқытып тәрбиелейтін орында географиялық өлкетану үйірмесі жұмыстарын бағдармалық тұрғыда қарау, бұл бағытта дәйекті іс.
Барлық аңықтамаларды талдай келе біз экологиялық және экономикалық тәрбиенің мақсаты ретінде субъектінің экологиялық және экономикалық тәрбие берудің жаратылыстану ғылымының, гуманитарлық, экономикалық және құқықтық білімдерді қолдану табиғатқа деген жаңа экологиялық этикалық қатынас орнату екенін ұқтық.
Сондықтан табиғат ештеңемен салыстыруға келмейтін байлық, табиғи ресурстардың байлығы адамзат тіршілігінің ортасы, оның күші мен денсаулығының көзі, табиғат заңдарын ғылыми ұғыну іске асырудың объектісі адам баласының рухани дамуының құралы.
Жастарға экологиялық және экономикалық тәрбие берудегі мақсат оларды өзінің туған жерін жанындай сүюге, аялауға, жанашырлықпен қарауға үйрету, жауапкершілігін арттыру туған табиғаттың байлықтарын ұқыпты пайдалану және арттыру, мақсатында жүргізілген жұмыстар табиғат қорғау әрекеті арқылы іске асады.
Тұлғаның экологиялық және экономикалық тәрбие берудің негізі білім болып табылады. Оқушы оны мектеп дәуірінде, ақпарат құралдары, өз туған елі, жері туралы кітап қорларынан оқып үйренеді. Білім – адамның ғылыми фактілерді, ұғымдарды, ережелерді, заңдарды, қағидаларды түсінуі, есінде сақтауы және қайта жаңғыртуы. Табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім, білік, дағды жүйесін жеке тұлға, мектепте оқу барысында меңгереді және оны өмірде тиімді етіп қолдана алады. Табиғат заңдылықтарымен табиғи өзара байланыс білімдер, олардың құрып қалуы, табиғатқа, адамға, қоғамға қауіпті әсер етеді.
Экологиялық және экономикалық тәрбиенің тағы бір фундаментальды бөлігі ақиқатқа жетелеуші адамгершілік-эстетикалық қатынас эмоцияалды-сезімді уайымдау болып табылады. Эмоцияональдықұнды, терең адамгершілік қатынас алдымен табиғатқа, қоғамға, адамдарға тән. Баланың барлық адамгершілік бағыттары өзіне барлық мынадай сезімдерді дамыту мақсатында (сүйіспеншілік, ар-ождан, борыш, жауапкершілік, табиғаттағы болымсыз жағдайдарға адамның уайымдауы) адамзаттың ең үлкен бақыты ретінде әсер тигізуі керек. Табиғаттың маңызды тәрбиелеуші күші бар. Балада табиғаттың әсемдік табиғи сезімін, табиғатқа деген ғажайып көзқарасын, үндестік, таңдану, сезімдерін міндетті түрде дамыту керек.
Іс-әрекеттік-практикалық қатынас ақиқатқа жетуі ол – тұлғаның экологиялық тәрбиесіз қалыптаспайды.
Қарсы тұрудың бір жолы – дін.
Алла тағала денедегі топырақтан ақылды, судан көңілді, оттан нәпсіні, ауадан жанды жаратады. Ал нұрдан иман пайда болады. Ақыл, көңіл, нәпсі, жан иман қосындысы сана деп аталады.
Біздің халқымыз экологиялық және экономикалық тәрбиенің мақсатты бағытталған жүйесі мен экологиялық және экономикалық тәрбиенің құрылымын жасады, ал біз қазір оны қайтадан жаңартуға тырысудамыз. Бұл жүйедегі ерекше орын жас ұрпақтың табиғатқа деген ұқыпты қатынасын құруға бөлінген.
Біздің халқымыздың исламға дейінгі кезеңі оның табиғат объектілерін дәріптеумен сипатталады. Әрбір ағаштың, жылғаның, өзеннің, төбенің, көлдің, тастың және т.б. жаны болған. Ағашты кеспестен, өзенді бөгеместен, төбені тегістеуден бұрын халық осы табиғи объектінің «иесін» өзіне қаратуға тиіс болды. Егер де адамдар осы иелерге көңіл аудармаса, олардың қайырым-дылығынан айырылып қалатын болды.
Қазақ халқы өздерінің түпкілікті өмір сүретін жерлеріне, әсіресе қасиетті бұлақтарына, ерекше құрметпен қарайды. Қазіргі замандағы қазақтар жадында олар қасиеттілердің жаңалықтарымен қаныққан және де әр түрлі материалдық емес күштердің болғаны туралы түпкілікті түсінік бар.
Адамдардың осы материалды емес күштерге қатынасы жандарды құр-меттеу, әрекеттегі байқаушылық, қоршаған ортаға құрмет негізінде жатқан табиғаттағы негізгі тәртіп ережелерін қояды. Өмірдің осындай тәртібі өмірдің алғашқы қалпын сақтауда ерекше мағынаға ие болды, себебі ол көбею кезінде фауна мекендеушілерінің арасында тыныштық сақтап, табиғи экожүйенің тұрақты дамуына жағдай жасайды. Ежелгі қазақтардың, дүниетанымы олардың қоғамдық тәрбиесіне із қалдырып, аумақтық табиғатты қолдануын қарастырды. Мұнда табиғат ресурстарын пайдалану қажеттілігіне шектеушілік қойды, яғни өмір сүруге ғана қажетті шаманы табу, пайдаланғанның орнын қайта толтыру керек болды.
Осыдан келе ежелгі қазақтардың дінге сенушілігінде адамзат пен көптеген қазақ ұрпақтарынан табиғат үстемділігі басым орынды алды, ол мекен ететін аймақтардың халқының тығыз орналасқанына қарамастан, табиғаттың алғашқы қалпы мен өнімділігінің биік деңгейін сақтап қала алды.
Осылайша, біздің бабаларымыз туған табиғатын құдайдай сыйлап, табиғат объектілеріне ұқыпты қарап, оны тірі ағза ретінде қарап, онымен қатынасын жақсартты. Ол ең алғашқы қоршаған ортаны қорғаудың жазылмаған заңдары, бастапқы экологиялық тәрбие болды.
Тәрбиедегі табиғатқа сәйкестік идеяларында жаңа сападағы өрлеу қоғам-ның, мектептің, педагогиканың алдына қойылатын негізгі міндет – оқушылар-дың экологиялық тәрбие берудің. Қазіргі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың түп тамыры адам баласының табиғатын қарапайым даму, зат және энергия алмасу заңдарын, оның теориялық негіздерін білмеуі, яғни экология ғылымының негіздерін оқып-үйренбеуі болса керек.
Кейінгі кезде дүниежүзілік мағынадағы мәселелерге көп көңіл бөлініп отыр6 ол–ғаламдық дағдарыс болып саналатын қоршаған ортаның жағдайының күрт төмендеуі. Мұндай жағдай қазіргі заманғы қоғамды өзіне төніп келе жатқан қауіптің алдын алуға тиімді жолдар мен құралдар іздеуге итермелейді.
Осындай ғаламдық экологиялық дағдарысты зерттеуге бағытталған көптеген зерттеулерге сүйене отырып мыналарды айтуға болады: біріншіден, ғаламдық экологиялық дағдарыс көрінуі жағынан қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігінің бұзылуы болып табылады, ол- техногендік сипатта табиғатқа интенсивтік түрде әсер етудің әсері; ёекіншіден, мағынасы жағынан ғаламдық экологиялық дағдарыс- адамның экологиялық тәрбиеің, үйлесімдік сезімін жоғалту, қоршаған ортаға деген өз жауапкершілігін жоғалту экологиясы ретінде көрінеді.
Осыдан келіп теріс жағдайды кординалды түрде өзгертуге мүмкіндігі бар шешімнің негізінде экологиялық тәрбиені берудің: “табиғат-қоғам-адам” жүйесіне үйлесімді тәрбиені берудің жатыр. Экологиялық және экономикалық тәрбиені беруге экологиялық және экономикалық білім беру жауапты, тәжірибе көрсеткендей, ол алдына қойылған міндетті жоғары деңгейде шешпейді. Оның негізгі себептерінің бірі – менталитет, салт-дәстүр, этникалық табиғатты қорғау әдеттерінде көрінетін және тағы басқа да толып жатқан этникалық түрдегі этникалық ортаны елемеу немесе педагогтердің оған дұрыс деңгейде көңіл бөлмеуі. Осы доминатты экологиялық бағыттар негізінде әр халықта қоғамдық-тарихи даму барысында өзіндік экологиялық білім беру жүйесі қалыптасады, ол–қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық тепе-теңдікті ұстап тұруға бағытталған. Осындай жүйе қазақ халқында бар, ол ғасырлар бойы қазақ халқының экологиялық және экономикалық тәрбие беруге әсер етіп, экологиялық тепе-теңдікті ұстап тұруға жағдай туғызып отыр. Сонымен, дұрыс экологиялық және экономикалық білім беруде, ең бастысы, жеке тұлғаның экологиялық және экономикалық жоғарғы тәрбие беруде басты мақсатқа қол жеткізу үшін қазақ халқының халықтық педагогикасында терең орын алған, оның бай потенциалын зерттеуге деген қажеттілік туындайды. Осылай ойлайтын адамға табиғат байлығын сақтап қалуға оны дамытуға деген үлкен жауапкершілікті сезіну тән, табиғатты қорғай отырып пайдалану табиғатқа деген жауапкершілік көзқарас пен экологиялық жауапкершілік тән. “Экологиялық және экономикалық жауапкершілік” түсінігінің мағынасын аша отырып, ең бірінші, оның “интерактивті – адамгершілікті - экологиялық және экономикалық қасиет екенін көрсету керек, ол ең бірінші, жеке тұлғаның табиғатқа деген жауапкершлікті көзқарасы кезінде, ұқыптылығы мен үнемшілдігі арқылы көрінеді және кейбір құқықтық аспектілерді сақтауы арқылы көрінеді”. «Экологиялық және экономикалық жауапкершіліктің гносеологиялық негізі экологиялық және экономикалық білімдер кешені болып табылады, ол нақты ғылыми, және гуманитарлық түрде болады». Кең көлемді әлеуметтік мағынада қарағанда, экологиялық және экономикалық жауапкершілік қоршаған ортаға, өзінің жеке және кәсіби әрекеттеріндегі нормаларының талаптарын, принциптерін көрсетеді. Экологиялық және экономикалық жауапкершілік – күрделі психикалық құбылыс. Ол – адамның өзін-өзі дұрыс ұстаудың қандай маңызды екенін түсінуі кезінде, қоршаған ортаға қоғамдық құндылық ретінде қарауға үйренген кезінде, адамзаттың өзін-өзі дұрыс ұстамаудан туындаған әр түрлі зардаптарын көре білген кезінде туындайды”. Экологиялық және экономикалық жауапкершілік – қандай да болмасын адамға деген қандай да бір заңдық санкциялар қолдану емес. Ол, ең бірінші, әрбір жеке тұлғаның әрекетін көрсететін, қоршаған ортаға деген қандайда бір зиян келтіруден және адам денсаулығына зиян келтірудің алдын алатын моральдық-психикалық нормативтік принциптердің және талаптар жүйесі болып табылады. Сонымен, біз басқа бір экологиялық және экономикалық тәрбие болып табылатын неғұрлым маңызды экологиялық және экономикалық тәрбиені жеке тұлға қасиетімен – экологиялық және экономикалық сеніммен, бетпе – бет келеміз. Экологиялық және экономикалық сенім – “неғұрлым ақпараттанғандық бірлігі, ол – табиғатты қорғау міндеттерінің маңыздылығын түсіну және осы салада жаңа білім алуға деген талпыныс”. Сонымен, экологиялық және экономикалық білім беру табиғи ортаға деген жергілікті жердің жеке әлеуметтік-тарихи тәрбие меңгеруге әсер етуі керек. Философиялық, педагогикалық, психологиялық нақты пәндер әдебиетін сараптау жер бетіндегі тіршілік иесінің табиғи ортада өмір сүруінің теріс әсер ету жақтары адамның табиғатқа деген тұтынушылық қарым-қатынысының өсуімен көрінуде. Осындай қарым-қатынастардың тамыры “адам – қоғам - табиғат” жүйесінде жеке тұлғаның тәрбиеің көрінісі іспеттес оның ой қорытуы, дүниетануы, жауапкершілігі, сенімі және аталған мәселелердегі – өзара қатынастық экологиялық және экономикалық ойлау мен экологиялық және экономикалық сана, экологиялық және экономикалық жауапкершілік, экологиялық және экономикалық сенім қазіргі заманғы адамның экологиялық және экономикалық тәрбиесін құрайды. Демек, аталған мәселені шешудегі алғышарты білім берудің нақты құзырында, атап айтқанда, экологиялық және экономикалық білім беруде жатыр. Динамикалық түрде дамып келе жатқан қазіргі заманғы білім берудегі экологиялық және экономикалық білім беру, тәжірибе көрсеткендей, қоғамның алдына қойылған міндеттерді толығымен шешпейді. Оның негізгі себептерінің бірі нақты географиялық теорияны оқумен қатар білім алатын этникалық ортаны оқу менталитеттің өзіндік ерекшелігі, нақты этникалық ортада билік құратын ұлттық тәрбие мен білім берудің этномәдени ерекшеліктері, экологиялық және экономикалық білім берудің тәжірибелік бағытын арттыруға бейім, оны тереңірек түсінуге, осыған сәйкес қандай да болсын аумақтың экологиялық және экономикалық проблемасын шешуге тиімді түрде әсер етуге бағытталған

1.2 Мектептің өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық – экономикалық тәрбие берудің моделі


Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің процесін мүмкіндігінше толық қарастыру үшін ғылыми зерттеу әдістердің бірі – моделдеу әдісін таңдап алдық.


Үлгі – түпнұсқаны зерттеу барысында оны алмастыра алатын және оны зерттеу үшін маңызды жақтарын сақтайтын материалды немесе ойша елестетуге болатын объект. Үлгіні құру үрдісі үлгілеу деп аталады, басқаша айтсақ, үлгілеу – түпнұсқаның құрылымы мен қасиеттерін үлгі арқылы зерттеу үдерісі. Үлгілеу – ғылыми зерттеулерде ең көп таралған әдістердің бірі. Ол материалдық және идеалдық болып бөлінеді. Материалдық үлгілеу физикалық (заттық, түпнұсқаның үлкейтілген немесе кішірейтілген көшірмесі, мысалы, макеттер) және аналогтік (табиғаты әртүрлі ұқсас құбылыстар мен үрдістерді формальді түрде бірдей сипаттау, мысалы, математикалық теңдеу) болып бөлінеді. Идеалдық үлгілеу объект пен үлгінің бейзаттық, идеалды, ойша түріндегі ұқсастығына негізделеді. Идеалдық үлгілеудің негізгі типі – сұлба, график сызба, формула, символдар жиынтығын қолданатын таңбалық үлгілеу. Үлгілеу үрдісінің сұлбасы. «Объект – Үлгі – Үлгіні зерттеу – Объект туралы білім» бойынша жүреді. Үлгіні құру екі түрде дедуктивті (жалпыдан жекеге қарай) және индуктивті (жекеден жалпыға қарай) қағидаға негізделеді.
Дәстүрлі үлгілеу түпнұсқаның (оригинал, прототип) қасиеттерін бейнелейтін заттық немесе белгілік үлгілерді, яғни ерекше объектілер мен жүйелерді құру және зерттеу әдісі ретінде қарастырылады. Үлгілеуді көрсетілген еңбекте «қандай да бір құбылысты, үдерісті немесе объектілер жүйесін, оның үлгісін құру және меңгеру арқылы зерттеу; қайтадан құрылатын объектілерді жасаудың тәсілдерін анықтау немесе нақтылау мен ұтқырлау үшін үлгілерді қолдану» деп те анықтайды. Мектептің өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің моделін құрастыру үшін жүйе құратын компоненттерді қарастырдық. Оның ішінді ең маңыздысы мақсат компоненті болып табылады. Көптеген ғалымдар айтуы бойынша, «мақсат» ұғымы болжамдаған немесе күтілетін нәтижені білдіреді. Сондықтан өлкетану жұмыстарыныда оқушыларға қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы экологиялық тәрбие берудің моделін жасамастан бұрын оның нәтижесі болып табылатын экологиялық тәрбиеі қалыптасқан тұлғаның бейнесін болжамдадық (сурет 1).
Диссертацияның 1.1 тарауында біз қарастырған тәрбие және тұлға туралы ілімдердің негізгі қағидалары экологиялық тәрбиеі қалыптасқан тұлғаның компоненттерін анықтауға жол ашты, осыған сәйкес біз экологиялық тәрбие кіріктірілген тұлғалық білім ретінде мынадай міндетті компоненттерді қамтиды деген тұжырымға келдік: танымдық компоненті, эмоционалды компоненті, мінезқұлықтық. Себебі тұлға бойында белгілі бір тәрбиені игеруі оның нәтижесі ретінде қарастырылатын мәдени сәйкестілігін қалыптасқаның білдіреді. Олай болса, кез келген сәйкестілік (мәдени, әлеуметтік, гендерлік, кәсіби, этностық, этностық-мәдени т.б.) өз құрамында аталған үш компонентті енгізеді. Тұлғаның танымдық компоненті белгілі бір білімдер жиынтығынан құрылады. Экологиялық және экономикалық тәрбиелі тұлғаның бойында міндетті түрде жаратылыстану, өлкетану бойынша білімдер жүйесін қамту керек болды. Сонымен қатар бұндай тұлғаның халықтың рациональды және иррационалды білімдері туралы түсініктері болу керек, өйткені өлкетану жаратылыстануға қарағанда тек ғылыми тұрғыда дәлелденген білімдермен қатар наным-сенімдерді қамтиды. Наным-сенімдердің ғылыми қағидаларға негізделуі қиынға соғады. Бірақ олар әрбір халықтың мыңдаған жылдар бойы байқалып өз мекендеген өлкесінің жинақталған географиялық ерекшеліктеріне байланысты пайда болған.
Танымдық компоненті

Эмоционалды компоненті


Мінез-құлықтық компоненті


Өлкетану және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарындағы


белсенділік, үнемшілдік

Жаратылыс пәндері, өлкетану бойынша білімдер,


халықтың рациональды және ирроциональды білімдері бойынша түсініктер
Экологиялық және экономикалық білімдерге қызығушылық, оның маңыздылығын сезіну
Туған жерінің табиғатына қатынасы

Сурет 1- Экологиялық және экономикалық жағынан тәрбиелі тұлға моделі

Бізге бұл білімдерді экологиялық және экономикалық білімдер деп атауға толығымен мүмкіндік бар.
Осы білімдер, түсініктер жиынтығы тұлғаның экологиялық және экономикалық сана-сезімінің қалыптасуына объективті түрде ықпал етеді, өйткені алынған экологиялық және экономикалық білімдер арқылы оқушыларда сол білімдерге қызығушылық, олардың маңыздылығын сезінуі, сонымен қатар туған жерінің табиғатына деген жағымды көзқарастары мен қатынастары пайда болады.
Экологиялық және экономикалық білімдер мен экологиялық және экономикалық сана-сезім тұлғаның мінез-құлқынан, яғни өлкетану және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарындағы белсенділігінен байқалады.
Сөйтіп, тұлғаның тәрбиелі сәйкестілігі өзара байланысты, бірі-біріне тәуелді интериоризация және экстериоризация процестерінің барысында қалыптасады.
Біз қарастырып отырған тұлға экологиялық және экономикалық тәрбиелі сәйкестілігінің белгілі бір деңгейде қалыптасқанын білдіреді. Бұл сәйкестілік компоненттерінің мазмұны төмендегідей болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет