Инструктивно-методическое письмо по организации воспитательно-образовательного процесса в дошкольных организациях и предшкольных классах



Pdf көрінісі
бет8/42
Дата31.01.2024
өлшемі1.78 Mb.
#490322
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
imp kz 1509

 
 


12 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫ БАСҚАРУ 
Басқарудың негізгі қағидалары 
1.Мектепке дейінгі ұйымның ішкі және сыртқы ортасын стратегиялық 
талдау. 
2.Кадр саясаты тұжырымдамасын әзірлеу. 
3.Кадрлық менеджменттің негізгі қағидаларын айқындау. 
4.Педагогтермен, қызметкерлермен мақсатты жұмыс стратегиясын 
қалыптастыру. 
5.Ұйымдастыру жұмысының тиімді тетігін қалыптастыру. 
6.Кадрлармен жұмыс істеудің инновациялық нысандары мен әдістерін 
әзірлеу. 
7.Ұзақ мерзімді перспективада кадрлық қамтамасыз ету стратегиясын 
құру. 
8.Ынтымақтастық үшін отбасымен өзара әрекет жасаудың ықпалды 
тәжірибесін енгізу. 
Мектепке дейінгі ұйым менеджментінің негізі осы
процесті басқару 
болып табылады.
Білім беру процесін ұйымдастыру, жылдық жоспарды әзірлеу білім беру 
бағдарламасының тұжырымдамасына негізделеді; екінші жағынан, білім беру 
бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымның миссиясын, тұжырымдамасын және 
даму бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемелік құжаты болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымның қызметін жоспарлаудың алдында тәрбиелеу-
білім беру жұмысының жайын жан-жақты және терең талдау, әлсіз және күшті 
жақтарын айқындау, алдағы кезеңге арналған өзекті міндеттерді анықтау қажет. 
Жұмысты басшымен нақты жоспарлау, ұжымға негізгі міндеттерді үнемі 
назарда ұстауға мүмкіндік береді. 
Жоспар негізгі құжат болып табылады, оның негізінде мектепке дейінгі 
ұйымның барлық қызметі ұйымдастырылады.
Жоспарлауға жүйелі көзқарас 
мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне жауапты 
барлық тұлғалардың жоспарларының нақты ойластырылған құрылымы мен 
мазмұнымен қамтамасыз етіледі. 
Мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне 
жауапты барлық тұлғалардың жоспарларының нақты ойластырылған құрылымы 
мен мазмұны жоспарлауға жүйелі тәсілді қамтамасыз етіледі. Іске асыру 
барысында жоспарлар объективті жағдайларға байланысты нақтылануы және 
түзетілуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет