Орындаған: Өтебаева Салтанат Мектепке дейінгі ата аналармен жұмыс істеудің заманауи формалары



бет1/5
Дата10.11.2023
өлшемі20.77 Kb.
#482951
  1   2   3   4   5
26Өтебаева С дене шынықтыру


Орындаған: Өтебаева Салтанат
Мектепке дейінгі ата аналармен жұмыс істеудің заманауи формалары 
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.
Отбасы – балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Отбасы жүйесіндегі ғалымдар мен мамандар арасында (Т.А.Маркова, О.Л.Зверева, Е.П.Арнаутова, В.П.Дуброва, И.В.Лапицкая және т.б.) отбасылық институт - эмоционалдық қатынастар институты деп бекер саналмаған. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.
Жанұя... Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам – шешуіміз қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу.
«Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыстың формалары мен заманауи моделдері» атты әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі білім жүйесіндегі танымал моделдер ұсынылады және мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыстың заманауи әдістері ашылады.
Білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында білім беру жүйесінде басымдықтарды анықтады және біздер - педагогтар алдына күрделі мақсат - әлемдік деңгейдегі білім орталығы болуды қойды.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.
Отбасы – балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.
Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам болып шешуіміз қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл:
- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту;
- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу;
- отбасындағы әртүрлі ұрпақ арасындағы қарым-қатынастың ашықтығына қолдау көрсету;
- отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау;
- баланың жекелігін қабылдау және түсіну, балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде сену және сыйлау.
Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет:
· біріншіден, баланы және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу;
· екіншіден, ата-аналармен олардың отбасылық шағын ортасын зерттеу үшін біріге әрекет жасау.
Одан кейін отбасының ортақ мәдениетін көтеруге және ата-аналардың психологиялық – педагогикалық құзырлығына ықпал ету, оларға балалармен жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету, отбасына жеке-дифференциалды тәсіл нәтижесінде ата-аналармен жұмыста әріптестіктің әртүрлі формалары мен біріккен шығармашылығын қолдану.
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру үшін педагогтың бала отбасына үнемі зерттеу жүргізгені жөн. Бұл үшін ата-аналар жасындағы айырмашылықты, олардың білімін, ортақ мәдени деңгейлерін, сондай-ақ, ата-аналардың жеке ерекшеліктерін, олардың тәрбиеге көзқарастарын, отбасылық қатынастардың мінездемесін, т.б. білу қажет.
Сонымен бірге, балабақшаның отбасына үнемі ашық, яғни олар қалаған кезінде өздерінің мәселелерін талқылауға, консультация мен көмек алатындай болғаны жөн.
Педагогтың жұмысы ата-анамен және балалармен жұмысқа үйлестірілген болуы міндетті.
Мектепке дейінгі ұйым педагогы ата-аналармен сенімді шағын орта құру үшін олармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыруы міндетті. Мысалы, олардың қажеттілігі зерттеу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу.
Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнағаны жөн. Педагог ата-аналармен жұмыста олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізуі қажет.
Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлайды. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.
Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру өте маңызды. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.
Ата-аналармен біріккен зерттеулерде қызметтің нақты түрлері жоспарланады және әріптестік формалары таңдалады.
Республикамызда ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың төмендегі түрлері енгізіледі:
· нұсқаулық-педагогикалық (лекциялар, семинарлар);
· ұйымдастырушылық-әдістемелік (ойындық және имитациялық ойындар, сабақтар);
· психологиялық – медициналық (лекциялар, семинарлар, тренингтер);
· практикалық дағдыларды жетілдіру (практикалық сабақтар, тәжірибе алмасу, үйірмелер, клубтар).
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін жоспарлауға ата-аналарды қосуды келесі бағыттармен жүзеге асыруға болады:
· білім беру жағдайларына ата-аналардың қажеттілігін, қызығушылығын зерттеу;
· әлеуметтік тапсырысты әзірлеуге ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйым миссиясын анықтау, білім беру мазмұнын таңдау (білім беру бағдарламалары, технология, балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістемесі); түлек моделін құру;
· жоспарды әзірлеудің барлық деңгейіне ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйымның даму бағдарламасы, жылдық және оқу жоспарлары, баланың жеке даму картасы, тәрбиешілермен біріккен жоспарлар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет