“Құқықтану” кафедрасы


Су қорын найдалану мен қорғауды реттейудің экономикалық тетігі



бет13/22
Дата13.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#133729
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

1. Су қорын найдалану мен қорғауды реттейудің экономикалық тетігі.


2. Суды ұтымды пайдалану және қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік – құқықтық механизмі.

3. Трансшакаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.


Лекция № 16


Тақырып: Ормандардың құқықтық режимі.

Жоспар:

1. Ормандардың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы.

2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау.

Лекцияның мақсаты: Орман қорының ағаш өсіруге арналған жері. Орман - ол белгіленген тәртіппен шектелген аймақта өсетін және мемлекет меншігін құрайтын ағаш өсімдіктерінің жиынтығы.

Лекцияның мәтіні:

1. Ормандардың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы.

Қазақстан орманы 26 млн гектар жерді қамтиды. Оның 11 млн. гектары тұтас ормандар. Бұл Англия, Италия, Норвегия, Франция мемлекетінің орманын қосып санағандағы көлемге тең. Қазақстан Республикасы 17 облыс орман, шаруашылық бақармасы, 141 орман шаруашылығы, 467 орманшылық, 20 орман мелиорациялық станциясы және 51 өндірістік бөлімшелер бар.

Қазақстанда Тянь-Шань тауында шыршалы, Алтайда қылқан жапырақты, Көкшетауда, Баянауылда, Қарқаралыда, Аманқарағайда қайың қарағайлы ормандар Батыс Қазақстанда емен, терек, Оңтүстік Қазақстанда жаңғақ, арша, ормандары кездеседі.

Орман жері - орман қорының ағаш өсіруге арналған жері. Орман - ол белгіленген тәртіппен шектелген аймақта өсетін және мемлекет меншігін құрайтын ағаш өсімдіктерінің жиынтығы. Оны анықтау үшін 3 жағдай негіз болады:


  1. Ағаштың орман үшін берілген жер аумағында табиғи өсіп тұруы;

  2. орман болып жетілмеген бірақ орман үшін берілген жердегі көшеттер немесе табиғи өсіп келе жатқан ағаш өскендерінің болуы;

  3. аталған орман мен өскіндердің тек қана мемлекет меншігінде болуы.

Орман ресурстары - орман сүректік және сүректік емес, өнімдегі қорының сондай-ақ оның табиғи пайдалы қасиетінің жиынтығы.

Орманның құқықтық ережелері – оның меншік иесінің ормандарды қорғау, сақтау, пайдалану және көлемін арттыру мақсатында, оның табиғи ортаға, мемлекетке, қоғамға, адамның денсаулығы мен өміріне атқаратын қызметін ескере отырып, іске асыратын шаралардың жиынтығы.



Орман – мемлекет меншіші, сондықтан орман учаскелері тұрақты иелік етуге мемлекеттік орман шаруашылықтарына, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарға, сондай-ақ құқықтар мен ұлттық парктерге орман шаруашылығын жүргізу үшін бері леді.

Орман пайдалану құқығы – орманды пайдалануды реттеуге бағытталған заңдық ережелердің жиынтығы. Орман ағаштарын және өнімдерін пайдалану құқық алған уақыттан бастап орман пайдаланушылар орман пайдалану құқығының субъектісі бола алады.

Орман қорының учаскелері арнайы рұқсат құжаттарының: лицензияның, ағаш кесу билетінің, ордердің, орман билетінің, ордердің, орман билетінің негізінде пайдалануға беріледі.

Орманның жай-күйіне, ұлғайтіп өсірілуіне, сақталуына, қорғалуына және пайдалануына, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Үкіметі белгілейді.

Сүрекдің – екпе ағаштардың негізгі құрамы болатын ағаштардың жиынтығы.

Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне жер учаскелері орман қорының жері деп танылады.

Орман қорының жері мемлекеттік және жекеше орман қоры жерінен тұрады. Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген ормансыз жер мемлекеттік орман қорының жеріне жатады.

Жекеше орман қоры жеріне жеке және заңды мемлекеттік емес тұлғалар қаражаты есебінен отырғызылған және олардың жеке меншігіне берілген жасанды орманы бар жер жатады.

Орман қоры жеріндегі орман шаруашылығының қажеттеріне пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары Қазақстан Республикасы орман заңдарына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін жеке және заңды тұлғаларға берілуі мүмкін.

2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау.

Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылау барлық жеке және заңды тұлғалардың орман қорын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн, орман шаруашылығын жүргiзу, оның iшiнде ормандарды күзету, қорғау мен молықтыру, олардың есебiн жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында көзделген өзге де ережелер мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады.

Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары, өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

Орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары:

1) орман қорын күзету, қорғау, оларды пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы келеңсiз салдарды растайтын мемлекеттiк орман қорын ғылыми зерттеулер мен мониторинг нәтижелерi бойынша;
2) уәкiлеттi және аумақтық органдардың жұмыс жоспарына сәйкес жылына бiр реттен аспайтындай етiп;

3) мемлекеттiк орман қорындағы орман өрттерi фактiлерi бойынша;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша;

5) жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын нұсқамаларда көрсетiлген мерзiмде бақылау мақсатында жүзеге асырады.



Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдары.

Уәкiлеттi органның басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас орман инспекторы болып табылады.


Уәкiлеттi орган басшысының ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас орман инспекторының орынбасарлары болып табылады.

Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады.

Уәкiлеттi органның ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады.

Аумақтық органдардың басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк бас орман инспекторлары болып табылады.

Аумақтық органдар басшыларының ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк бас орман инспекторларының орынбасарлары болып табылады.

Аумақтық органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады.

Аумақтық органдардың ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

1. Орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және орман мониторингі.

2. Орман қорын қорғау мен пайдаланудың экономикалық тетігі.

3. Ормандардың құқықтық режимі түсінігі.




Лекция № 17

Тақырып: Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі.

Жоспар:

1. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы.

2. Жануарлар дүниесін ұиымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететің мемлекеттік-құқықтық механизмі.

Лекцияның мақсаты: Жануарлар әлемі қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде қоршаған ортаның басқа бөліктерімен тұрақты экологиялық байланыстағы және табиғи бостандықтағы жер бетіндегі және судағы жануарларды қамтиды.

Лекцияның мәтіні:

1. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы.

Құқықтық қорғау – бұл жануарлар әлемін қорғаудағы міндеттемелерді орындаудың бір әдісі, құқықтық нормаларды қолдану мен шығарудың еркін білдіру, тұтастығын сақтауға бағытталады, жануарлар қауымының табиғи көптүрлілігі, оларды тиімді пайдалану мен ұдайы өндіру болып табылады.

Жануарлар әлемі қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде қоршаған ортаның басқа бөліктерімен тұрақты экологиялық байланыстағы және табиғи бостандықтағы жер бетіндегі және судағы жануарларды қамтиды. Жануарлар дүниесі ұғымы дегеніміз жер қыртысында табиғи еркін жағдайда тұрақты немесе уақытша мекендейтін барлық жабайы жануарлар (сүт қоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, ұлутектілер (молюскалар), насекомдар) жатады.

Жануарлар дүниесі құқықтық қорғау, өсімін молайту және пайдалану құқықтық ережелері – жануарлар тобын қорғау және пайдалану деген сөз. Осы саладағы барлық қатынастардың реттелуі мемлекеттік шаралар құқықтық сипатқа ие.

Жануарлар дүниесін қорғау мен олардың өсімін молайту, пайдалану ережелері, жануарлар дүниесінің өсіп-өну үрдісін өсімін қорғау, табиғи жағдай жасау, олардың табиғи ортасына қол сұқпау саласындағы қатынастары Қазақстан Республикасының тиісті заңдарымен реттеледі.

Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын ұтымды пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпымемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.

Экологиялық құқық – бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылыады. «Экология» - бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз – «жер» туралы ғылым.

Экожүйенің маңызды қасиеттер:



  1. Тұйықтығы, экологиялық жүйенің өз алдына қызмет етуі. Экологиялық жүйенің тұйықтығы барлық азаматтар мен ұйымдардың әрекеттерін табиғатпен байланыссыз болса да, экологиялық нәтижелерін ескеруді міндеттейді;

  2. Табиғи компрненттерді құруға әкелетін экологиялық жүйедегі өзара байланыс. Ол жер, су, орман және өзге де табиғи объектілерді атмосфералық ауамен байланыстырады. Ол табиғи объектілер қызметін жүзеге асыруға көмектеседі және мұндай қызмет процесінде өзі де өзгереді.

  3. Биоөнімділік. Экожүйесінің өз өндірісінде жердің әртүрлі құқықтық статусын анықтайтын қызметтерді орындауға көмектеседі. Құнарлылығы жоғары жерлер біріншіден, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарына беріледі ,ал өз өнімді жерлер басқа мақсатқа беріледі.

Экожүиесінің өзінің ұдайы өндірісі – ол өзінің реттеу қабілеттілігі. Берілген белгілер экожүйе түсінігін анықтауға мүмкіндік береді.

Экологиялық жүйе – құрамдас компаненттерінің өзара байланысының жабық жүйесі бар, оған тұрақтылық, белгілі биожүйелермен өзара байланысқан қоршаған ортаның табиғи саласы. Қоршаған ортаны пайдалану және қорғау аясындағы заң шығарушылықтың негізгі міндеттерінің біріне адамның денсаулығын қорғау, оның өмір сүруін, жұмыс істеуін, толық демалуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру. Осы мақсаттарда қаладағы және басқа елді мекенде, демалыс орындарында, емдеу орындарында қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асырады.



2. Жануарлар дүниесін ұиымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететің мемлекеттік-құқықтық механизмі.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттiк басқарудың негiзгi принциптерi:

      1) жануарлар дүниесiнiң қорғалуын, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      2) жануарлар дүниесiн iзгiлiк принциптерiне сәйкес жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалану;

      3) жануарлар дүниесiнiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметтiң жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану жөнiндегi қызметпен қоса атқарылуына жол бермеу;

     4) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын жердi, суларды, өсiмдiк дүниесiн және басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан бөлу;

  5) жануарлар дүниесiн арнайы пайдаланудың ақылы болуы;

  6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен бұлтартпау;

      7) азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы болып табылады.

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi.

      Балық ресурстарының және басқа су жануарларының пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алу, кадастры, мониторингi және бақылау, сондай-ақ олардың зерттелуi, қорғалуы мен өсiмiн молайту мемлекеттiк басқарудың бiртұтас жүйесiн құрайды және балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) бассейндiк принцип бойынша жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құзыретi.



Қазақстан Республикасының Үкiметi:

  1. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асырылуын қамтамасыз етедi;

  2. жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;

  3. уәкiлеттi органның және жергiлiктi атқарушы органдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады;

  4. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;

  5. уәкiлеттi органды белгiлейдi;

  6. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша мiндеттемелердiң орындалуын ұйымдастыру үшiн әкiмшiлiк органды (бұдан әрi - әкiмшiлiк орган) белгiлейдi;

  7. жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюға арналған лимиттердi бекiтедi;

  8. халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) тiзбесiн бекiтедi;

  9. аң аулау, балық аулау ережелерiн бекiтедi;

  10. аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн және балық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн бекiтедi;

  11. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн бекiтедi;

  12. Қазақстан Республикасының әызыл кiтабы туралы ереженi бекiтедi;

  13. сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;

  14. сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн ғылыми-зерттеу және өзге де мақсаттарда алып қою үшiн төлемақы белгiлейдi;

  15. жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережелерiн бекiтедi;

  16. жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгiлеу ережелерiн бекiтедi;

  17. жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң санаттарын белгiлейдi және оларды басқа санаттарға ауыстырады;

  18. жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;

  19. зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу ережелерiн бекiтедi;

  20. аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурс өткiзу ережелерiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;

  21. аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың құнды түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;

  22. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi бекiтедi;

  23. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың нысанды киiм (погонсыз) киюге құқығы бар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;

  24. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.


Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдарының құзыретi.

Уәкiлеттi орган:



  1. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

  2. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлейдi;

  3. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

  4. бекiтiлген лимиттер негізiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюға арналған квоталарды бөледi;

  5. аңшы куәлiгiн берудiң тәртiбiн белгiлейдi;

  6. аңшылық шаруашылықтарының санаттарын белгiлейдi;

  7. жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар бередi;

  8. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлейдi;

  9. жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзедi;

  10. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-iздену жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастырады;

  11. Қазақстан Республикасының әызыл кiтабын жүргiзедi және басып шығаруды қамтамасыз етедi;

  12. сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, жануарлар түрлерiнiң санаттарын белгiлейдi және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;

  13. жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен туынды түрлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен рұқсаттар бередi;

  14. жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн белгiлейдi;

  15. жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн белгiлеудiң әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;

  16. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;

  17. жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар енгiзедi;

  18. сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн жасанды түрде өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;

  19. аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

  20. жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды толтыру мен берудiң тәртiбiн бекiтедi;

  21. аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызмет туралы Үлгi ережесiн бекiтедi;

  22. жолдаманың Үлгi нысанын бекiтедi;

  23. жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың арнайы құралдарды қолдану ережелерiн бекiтедi;

  24. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң нысанды киiмiнiң (погонсыз) Үлгiлерiн, кию тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекiтедi;

  25. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Аумақтық органдар өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.



Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретi.

      Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары:



  1. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi;

  2. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарайды.

Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:

  1. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;

  2. жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;

  3. жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тiзбесiн бекiтедi;

  4. жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiнде шешiмдер қабылдайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Жануарлар дүниесіне меншік құқығы және оны жузеге асыру нысандары.

2. Балық аулау мен балық шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізуді құқықтық реттеу.

3. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау, кадастр және мемлекеттік есебі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет