Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет24/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

Кәсіпкерлік - табысты алу мақсатымен өндірстің барлық факторларын қозғалысқа келтірілген және толық экономикалық жауапкершілкке негізделген, кауіптің және белгіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізүші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процесі. Ал кәсіпкер-бұл табысты алу мақсатымен кауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс icтeйтін, ендірістік-шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне иеадам. Өз көзегінде кәсіпкерлік табыс-бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табысы) және үстеме пайдасы».

Ресейде, Қазақстанда кәсәпкерлік ерте заманнан келеді Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр 1 патшалық, ету көзінде кәсіпкерлік ерте дамыды, бipaқ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлікте дамыды. 1861 жылпы революциядан кейін Қазакастанда темір жол құрылысы, ауыр енеркәсіп салалары орын алды. Кәсіпкерліктің субъектісі бөлып -жеке адамдар сонымен бipгe заңды тулғалар, бірқкен серіктестер, арендалық ұжым, ашылық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялар, әр түрлі бірлестіктер және қорпорациялар бөлады.

2. Нарықтық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік іскерлік түрткі ретінде экономиканың динамикалық дамуында импульс береді. Кәсіпкер – жаңартушы, оның бастамашылығы жаңа технологияларды игеруге, жаңа тауарлар нарығын енгізуге және кеңейтуге мүмкіндік береді. Оның бастамасы тізбектік реакция бойынша барлық кәсіпкерлік ортаға жеткізіп, жаңа сатыға жылжыта отырып экономиканы жаңартады. Кәсіпкер бір жағынан тәуекелге бел буады, екінші жағынан капитал үшін жауапкершілік артады. Сол себепті, ол іс-әрекетін бастай отырып, орнын білуі керек: тауармен қызметке деген нарықтың (ішкі және сыртқы) қажеттілігін анықтап, өз ресурстарын, оны алу көздерін, бәсекелестер позициясын есептеп, сондай-ақ ресурстарды қолдану тиімділігін нақты есептей білуі керек. Кәсіпкерлікке салынған үлкен потенциал оны материалдық, қаржылық және адам ресурстарымен қатар өндіріс факторы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда қызмет көрсету сферасындағы кәсіпкерлік неғұрлым динамикалық дамуда. Теориялық және құқықтық білім деңгейінің жетіспеушілігінен отандық шаруашылық іс-әрекет субъектілерінің іскерлік белсенділігінің төмендігінен, нақты сектор біршама инерттік сақтап тұр. Кәсіпкерлік жетістігінің бастапқы факторы кәсіпкердің нарықтағы тәртібінің дұрыстығы болып табылады, ол үшін оған компанияның өндірістік және экономикалық іс-әрекетінің стратегиясы мен тактикасын жасауға мүмкіндік беретін экономикалық және құқықтық білім кешені қажет.

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің бағдарламасында кәсіпкерлік іс-әрекеттің теориялық аспектілері, ұйымдық формалары, қаржылық қамтамасыз ету көздері, бизнес-жоспарлау ережелері мен қағидалары, компания бизнес- жоспарын жасау әдістері қарастырылған.



Курстың мақсаты – кәсіпкерлікті ұйымдастыру саласында студенттерді теориялық және тәжірибелік біліммен қамтамасыз ету, студентте Қазақстандағы кәсіпкерлік іс-әрекеттің басым бағыттары бойынша білім кешенін қалыптастыру және бизнес-жоспар жасауда кәсіпкерлік іс-әрекетті дұрыс жүргізуде тәжірибе жинақтауға көмектесу.

Курстың міндеттері – кәсіпкерліктің институционалдық және заңдық

базасының теориялық және тәжірибелік негізінің білімін беру және кәсіпкерлік іс-әрекет тәжірибесін жинақтау:

- кәсіпкерлік теориясының түрлі бағыттары туралы білім беру;

- ҚР кәсіпкерлік іс-әрекет жағдайы және болашағы туралы білім;

- жоспарлау және кәсіпкерлік қызметтерді диагностиалау маркетингілік қызметті қабылдау және негізгі әдістердін практикалық сабақтарында жұмыс

жасау және оқып білу;

- студенттерді өз бизнес-жоспарларын құруға үйрету;

- тауар, нарық, бәсекелес туралы ақпарат жинау, ойлаған іс-жетістігіне әсер

ететін факторларды анықтау тәжірибесін жинақтау;

- компания пайдалылығын есептеуге және жобаны жүзеге асырудағы қиындықтар мен кедергілерді алдын-ала анықтауға үйрету.



3.Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық экономикалық даму стратегиясын қалыптастыру, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі бойынша ТМД елдерінің ішінде жетекші орындардың бірін иеленеді. Бірақ, еліміз алдағы 10 жылдың ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Мұндай міндеттің оң шешімін табуына еліміздің ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан ең алдымен кәсіпкерлік қызметті қолдау мен дамытуға, отандық кәсіпорындардың жоғары сапалы өнімдер өндіруіне және бәсеке қабілеттілігі мен қызмет тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару қажет.

        Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деп аталатын дәстүрлі жолдауында да бұл мәселеге арнайы тоқталып, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттілігі айтылған. Әрине, бұл жағдай қазіргі кезге дейін де назардан тыс қалған емес және бүгінгі таңдағы өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, экономикамызды диверсификациялау және шикізаттық бағыттан шыға отырып, өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыруға, жоғары қосылған құнды дайын өнімдер өндіруге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізінде отандық кәсіпорындардың, әсіресе, шағын және орта кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру мен тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі.

Кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономиканың әртараптандырылуын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап көрсетілген. Осы міндетті шешуге шағын және орта бизнестің белсенді қатысуы айтарлықтай септігін тигізетіндігі айтылған. Сондықтан еліміздегі шағын кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру, олардың қалыптасуы мен дамуын талдау және тиімділігін арттыру бойынша кеңінен  зерттеулер жүргізуді қажет етеді. Қазіргі біздің экономикалық даму стратегиямыз өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, экономика салаларын диверсификациялау болғандықтан экономиканы дамытудың қозғаушы күштерінің бірі ретінде шағын кәсіпорындардың өндіріс сферасындағы қызмет тиімділігін арттыруға және дамытуға ерекше мән берілу керек.  Міне, сол себепті шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі жөнінде зерттеулер жүргізу тақырыптың өзектілігін нақтылай түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет