Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін нарық. Оған біртекті немесе әртүрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы нарықтағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді.
Таза монополия нарықта ешқандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек көлем қабілеттік сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда нарықта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады.
Монополияның рөлі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополиялық компаниялардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді, ал ірі масштабты өндіріс шығындарды азайту мен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жаман жағы монополия нарықта үстемдік етеді және монопольды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар, бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.
Осыны ескере келе, мемлекет бәсекені қолдай отырып, монополизмге қарсы тұруға ұмтылады. Бұл үшін маңызды құрал болып антимонополиялық заңдар қолданады, яғни бәсеке мен монополияның арасындағы тепе-теңдікті мемлекеттік қолдау құралы болып табылатын заңдар пакеті қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |