Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет85/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін нарық. Оған біртекті немесе әртүрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы нарықтағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді.

Таза монополия нарықта ешқандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек көлем қабілеттік сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда нарықта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады.

Монополияның рөлі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополиялық компаниялардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді, ал ірі масштабты өндіріс шығындарды азайту мен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жаман жағы монополия нарықта үстемдік етеді және монопольды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар, бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.

Осыны ескере келе, мемлекет бәсекені қолдай отырып, монополизмге қарсы тұруға ұмтылады. Бұл үшін маңызды құрал болып антимонополиялық заңдар қолданады, яғни бәсеке мен монополияның арасындағы тепе-теңдікті мемлекеттік қолдау құралы болып табылатын заңдар пакеті қабылданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет