Жалпы педагогика жəне информатика кафедрасы Физика, математика, информатика, шет тілі: 2шт, тарих



Pdf көрінісі
бет83/99
Дата15.02.2024
өлшемі0.87 Mb.
#491743
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   99
Жалпы психология және тұлғаның дамуы ...

Үлкен шеңбер əдісіЖұмыс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мəселені 
ұсынады. 
Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) əрбір оқушы жеке осы мəселені шешудің 
жолдарын қағаздарына жазады.
Үшінші кезең. Шеңбер бойынша əрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл 
ұсынстарды сынамай тыңдайды, жəне əңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын 
ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады. 
Іскерлік ойындар əдісі - бастапқыда білім саласында емес, басқарудың практикалық 
сферасында пайда болған. Қазіргі таңда түрлі практикалық салада қолданылуда: 
зерттеу жұмыстарында, жобалау жұмыстары барысында, өндірістік жағдайларда
ұжымдық шешім қабылдауда, сондай-ак, əскери істерде қолданылады. Қазіргі іскерлік 
ойындар ерте замандарда əскери ойындар əдісі ретінде соғыс тəсілдерін меңгеру үшін 
қолданылған. Яғни, командирлерді соғыстағы басқару əдістеріне, əскерлерді кескілескен 
майдан даласында өзін қорғауға үйретеді. Жоғарғы оқу орындарында іскерлік ойындар 
басқару əрекеттерін оқытуда қолданылады. Сондықтан да, бұл əдіс «басқарудың іскери 
ойындары» деп те аталады. 
Жалпы алғанда іскерлік ойындардың мəні əр түрлі жағдайларда қатысушылардың өздері 
алдын-ала берілген ережесі бойынша басқару шешімдерін ойын жолымен таңдауға келіп 
саяды,- дейді іскерлік ойын əдісін тəжрибеден өткізіп, насихаттаушы Е.А.Хруцкий.
Іскерлік ойын бұл жағдайда студенттердің өздеріне өзге маман (мұғалім, оқу ісінің 
орынбасары, білім беру департаментінің инспекторы) орнына қойып, соларша ойлап, 
соларша əрекет етіп, солардың атынан талдау жасаумен тиімді. Сондай-ақ, студенттер 
басқа əдістердегідей емес, өздері көзбен көріп, қолмен қойған əрекеттерге талдау жасады. 
Бұл олардың мақсаты ойлау дағдысын, ынтасын, байқау, бақылау қабілеттерін ұштайды. 
Салыстырмалы түрде алғанда ішкі белсенділікті арттыру əдістерінің ішіндегі екінші бір 
жаңа əдіс-тренинг. Бұл əдіс Батыста психокоррекциялык жұмыстарды ұйымдастыруда 
кеңінен танымал. Аталмыш əдіс мазмұны жағынан іскерлік ойындарды еске түсіреді.
теория шығаруға негізделеді.
Тренинг өткізу де оқытушыдан үлкен дайындықты талап етеді: 
1) тренингтің сценарий-жоспарын дайындау. 
2) тренинг өтетін тақырып бойынша студенттердің белсенділігін қамтамасыз ету (алдын 
ала тақырып бойынша мəселелерді ұсыну т.б.) 
3) оқушының өзін-өзі дайындау (мəселені қою, жауаптар мен пікірлерді қабылдау, 
таласты мəселені драмалық тұрғыдан жандандыру, оқушы жауапбының мəнін ашуға 
жетекші сауалдар қою, дұрыс емес жауапты бағалау, тренинг барысындағы студенттердің 
белсенділігін қамтамасыз ету (алдын-ала тақырып бойынша мəселелерді ұсыну т.б.)
4) қатысушылыр арасында рольдердің бөліп беру. Қатысушының бəріне бірдей роль 
ұсыну міндет емес. Үштен бір бөлігі бақылаушы, сыншы сияқты қатысуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет