Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Орындаған


Тәрбие сағаттарында мен сабақтан тыс жұмыстар кезеңіндегі жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениетті қалыптастыру



бет7/12
Дата06.04.2024
өлшемі4.62 Mb.
#497841
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Шырақбайқызы Ұ. курстық жұмыс

2.2 Тәрбие сағаттарында мен сабақтан тыс жұмыстар кезеңіндегі жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениетті қалыптастыру.
Тәрбиелеу дегеннің мәнісі не?
«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бой жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – құлықын қалыптастыру құралы. [12]
Тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ.
Олай болса тәрбие процессі деп – қоғамның талап – тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл – ойын, сана сезімін, ерік – жігерін, мінез – құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.
Тәрбие процесі, кез келген әлеуметтік – психологиялық және мәдени құбылыстар ретінде өзінің формасын жасайды.
Тәрбие процесінің формасы – бұл оқушылармен жұмыс жасау әдістері және тәсілдері арқылы анықталған, педагог пен оқушы қарым – қатынасын сырттай қабылдауға мүмкіндік беретін көрініс. Мәселен, шығармашылық кеш өткізуде картиналар, музыка, тыныштық, гүлдер , ойындар – тәрбие формасының бір образын жасаса, оқулық мазмұнының, күнделіктің, күн режимінің, бағаның, сұраудың, бақылаудың, бағалаудың, ескертудің сәйкестігі – екінші формадағы образды жасайды.
Форма категориясы оқушылармен белгілі бір шаралар ұйымдастыру жағдайында да қолданылады. Мәселен, айтады: «педагог ойын формасын қолданады», «педагог тренингтік форманы қолданады », «педагог лекциялық форманы ұсынды»; т.б. Форма мен әдістердің жақын байланысынан «әдістеме» жасалады.
Қызықты формалардың арқасында оқушылар объектімен жұмыс жасаудың немесе оған қатысудан қуаныш алады және ол қуаныш қызығушылық туғызады. Ал қызығушылық жеке адамда объектіні құндылық ретінде қабылдаудың негізін құрайды. [13]
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан – ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт – дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы.
Ұлттық тәрбие (этностық тәрбие) – отбасындағы, рудағы, тайпадағы, тәрбие, дәлірек айтсақ, табиғи мектептен тыс, дәстүрлі, формальды емес халықтық тәрбие. [14]
Менің ойымша, ұлттық болмысты дәріптеу маңызды рөл атқарады. Оқушыларды үлкенді сыйлауға, ана тілін ардақтауға, салт – дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеуміз керек.
Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптасады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады. [15]
Қорыта келе, мұғалім білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды және жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіріп, оны қарым – қатынаста қолдана білуге үйрету қажет. Мұғалім тәрбие сағаттардың тақырыбын, Отбасылық құндылық, Ұлттық салт –дәстүр, Шындық, Қайырымдылық тақырыптарын алып, оны оқушыларға жетік түсіндіруі қажет. Сонымен қатар білім алушылардың сана – сеніміне қарым – қатынас мәдениеті туралы түсінік қалыптастыруы керек. Кемел болашақ жастардың қолында. Жас ұрпақтың бойына тұлға болып қалыптасуы үшін жалпы адамзаттық құндылықтар мен қоса ата – бабамыздан келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды да қалыптастыруымыз қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет