Жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата11.04.2024
өлшемі305.42 Kb.
#498367
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

AKADEMİK BAKIŞ DERGİSİ 
Sayı: 32 
Eylül – Ekim 2012 
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org

дамыған. Оған ХІ ғасыр шығыстағы сауда канализациясының крес жорығының жəне 
соғыс серілерінің пайда болуынан басталуы себеп болған. Орта ғасырлардағы дене 
шынықтыру жаттығуларының негізгі бағыты соғыс серілерін соғысқа дайындау болған. 
Орта ғасыр кезеңінің аяғы феодалдық кешеннің құлдырауына буржуазиялық мəдениеті 
жəне дене шынықтыру пайда болуына əкелген. Буржуазия европа мемлекеттерін өз 
қолдарына батыл алып саяси билікті жаулап алып, капиталистік өнер кəсібін қызу 
дамытып жатқан жерлерде ірі спорттық кешендерді салуға мүмкіндіктер пайда болды.
Европаның əр түрлі елдерінде спорттық кешендерді жаппай сала бастау тек 19-
ғасырдың аяғында басталған. Оған барлық жердегі жаппай спорттық қоғамдардың
клубтардың құрылуы əр түрлі елдердегі спорттық байланыстардың дамуы 
олимпиядалық ойындардың қайтадан өткізіле бастауы себепші болған. Ал 
Қазақстандағы ең алғашқы спорт клубы Семейде пайда болған. 1912 жылы «Нептун» 
спорт клубының құрылуы соның айғағы. Онда гимнастика, жүзу, семсерлесу т.б. 
спорттың түрлері жүргізілген. 
2. ДЕНЕ ТƏРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ 
Дене тəрбиесі адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ықпал ойын 
арттырады. Дене тəрбиесі ертеде Грецияда, Римде едəуір дамығанын атап өттік. Сол 
кезде Францияда Ф.Рабле, М.Монтель дене тəрбиесін ақыл-ой, біліммен бірге қарау 
керек екенін насихаттаған. Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский «Ұлы дидактика», 
«Ана мектебі» деген еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі 
мəселелеріне, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мəн беріп, дене 
тəрбиесі балалардың жас кезінен-ақ басталуы кажет екенін дəлелдеп, оны 
педагогикалық процестің аса маңызды бөлігі деп қараған [1]. Ұлы педагог 
К.Д.Ушинский дене тəрбиесін еңбекпен байланыстыра караған. Ол адамның ақыл-ойы 
мен көзқарасының, күш-жігерінің қалыптасып дамуына еңбектің маңызын атап 
көрсеткен. Гигиеналық жаттығулармен ұдайы шұғылдану, жүгіру, шаңғы тебу, жүзу, 
кайық есу сиякты спорт ойындары мен арнаулы жаттығулар адамның тыныс алу 
процесін күшейтеді, қан айналысын, зат алмасуын жақсартады [2,3]. 
Ендеше олай болса, "Салауатты өмір" салты деп нені айтамыз? Ол үшін 
"салауаттылық" пен "өмір салты" деген ұғымдардың мəнісін анықтап алған жөн. 
"Салауаттылық", яғни "Деннің саулығы" - Бүкіл əлемдік денсаулықты сақтау 
үйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық жəне əлеуметтік 
саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы, "Деннің саулығы" - адамның 
қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің 
қалыпты жағдайы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет