Ќўжаттыѕ аты


-МОДУЛЬ. Сөзжасамдық тәсілдер - 7 сағат



бет9/33
Дата28.09.2022
өлшемі0.55 Mb.
#461549
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
umkd sozzhasam

2-МОДУЛЬ. Сөзжасамдық тәсілдер - 7 сағат



  1. Сөзжасам тәсілдері, олардың түрі, ерекшеліктері. Фонетикалық сөзжасам. Оның негізгі сөзжасамдық қалыптары………………..1 сағат.

Тіл-тілдегі сөздердің жасалу жолы ұқсас. Мұның өзі, ең алдымен, тілдің ішкі табиғатымен байланысты. Тіл адамзат баласының ортақ мұрасы деп тануымыздың өзі олардың ортақ заңдылықтарын айқындаудан шығады. Тілдер арасындағы ортақ заңдылықтардың көрінісі сөзжасам жүйесінен, оның жасалу тәсілдерінен де айқын байқалады. Кез келген тілдік жүйенің жаңа сөз жасау үрдісі, дәстүрі ортақ заңдылықтың бар екенін көрсетеді. Олардың негізгі ерекшелігі мен айырмашылығы тек қай сөзжасамдық тәсілдің белсенді жұмсалуымен ғана анықталады. Айталық, қазіргі үндіеуропа тілдерінде сөзжасамдық жүйенің флексиялық тәсілі ерекше орын алса, буындардың аналитикалық жолмен бірігуі арқылы жаңа сөз жасау тәсілі полисинтетикалық тілдердің негізгі сипатты белгілерін танытады. Түркі тілдерінің жалғамалы тіл деп танылуы олардың синтетикалық сөзжасам жүйесі арқылы сөз жасау қабілетінің белсенділігін көрсетеді. Бірақ бұл тілдерде өзге сөзжасамдық тәсілдер болмайды деген сөз емес. Кез келген тілдік жүйеде сөз жасау тәсілдерінің қай-қайсысы болса да кездеседі, тек олардың сөз жасау белсенділігі әртүрлі болады. Мұның өзі тіл-тілдегі әмбебаптық қасиетті танытса керек.
Қазақ тіліндегі туынды сөздер семантикалық, синтетикалық немесе морфологиялық, аналитикалық, кейде фонетикалық сөзжасам тәсілдері арқылы жасалады.
Семантика- фонетикалық сөзжасам тәсілі – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі.
Семантикалық сөзжасам тәсілі сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөз жасауы.
Семантика-синтетикалық тәсіл – сөзжасамдық негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағына туғызуы.
Семантика-аналитикалық тәсіл – негіздердің бірігуі немесе тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.
Сонымен, сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Оның өзіндік зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, ерекшелігі, ұғымдары бар. Сөзжасам – атау жасау процесі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет