«ждэ кзх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Жарғыға негізделумен әрекет ететін Директоры Раисов Ришат Мырзағазыұлы мырзаның танытуымен, бұдан әрі


Құндылығы жарияланған жолжүгін қабылдау



бет3/4
Дата11.07.2016
өлшемі0.6 Mb.
#190176
1   2   3   4

Құндылығы жарияланған жолжүгін қабылдау.

Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) мүлікті жеткізуге арнап тапсыру жағдайда төмендегідей шарттарды орындап отыруы тиіс:

3.8.1. Егер жолжүгінің құны Жөнелтушінің бағалауы бойынша 1 500 000 теңге және одан артық соманы құрап отырған болса, не жолжүгіндегі мүліктің 1 кг-нің жуықтап алынған бағасы 50 000 теңге одан артық соманы құраса, онда Жөнелтуші міндетті түрде жолжүгінің құндылығын жариялайды.

3.8.2. Жеке (тұрмыстық) қажетсінулерге арналған жөнелтілімді тапсыру жағдайда Жөнелтуші АПП-ның «жүктің атауы» бағанында «жеке заттар» деп көрсетуі тиіс және міндетті түрде барлық мүліктің тізімін ұсынуы тиіс. Тізімді машинкамен басуға, не қолмен толтырып жазуға болады. Тізім Жөнелтуші мен Орындаушы өкілінің қолтаңбасымен куәландырылады. Орындаушы өз бастамасы бойынша жөнелтілімдегі заттарды тізімде көрсетілген заттарға сай болуына қатысты қарап тексеріп шығуға құқылы.

3.8.3. Қалған жағдайларда Жөнелтуші жолжүгінің бағасын жария ету не етпеу шешімін өз бетінше қабылдайды.

3.8.4. Құндылығы бағаланған жолжүгін тапсыру жағдайда Ережелердің 3.8.1., 3.8.2-тт. сәйкес Жарияланған құндылығы үшін төлемақы алынбайды.

3.8.5. Жолжүгіндегі Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) жариялаған мүліктің құндылығы соның шынайы құнынан аспауы тиіс.

3.8.6. Жолжүгіндегі тауардың құны сатушының шотында көрсетілген не келісімшартпен ескерілген бағаға негізделумен белгіленеді.

3.8.7. Құндылығы бағаланған жолжүгін тапсыру жағдайда Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) Орындаушыға құны туралы ақпарат көрсетілген тауар-ілеспе құжаттарын ұсынады.

3.8.8. Құндылығы бағаланған жолжүгін қабылдау жағдайда Орындаушы жолжүгінің құрамындағы ыдыстың ішіндегі заттарды жарияланған құнның жолжүгінің құрамындағы заттарға сай болуына қатысты тексеріп және/не жолжүгінің құрамындағы заттарды ішкі қайта есептеуді жүргізуге құқылы. Ыдыстың ішіндегі затты тексеру мен ішкі қайта есептеу жағдайда Жөнелтушінің болуы міндетті шарт болып табылады.

3.8.9. Орындаушының бастамасы бойынша жүргізілген ыдыстың ішіндегі затты тексеру мен қайта есептеу шараларының ақысын Тапсырыс беруші төлемейді.



3.9. Жолжүгінің келіп жеткені туралы хабарлама берудің тәртібі. Жолжүгін алу үшін құжаттарды ресімдеу. Жолжүгін беру.

3.9.1. Жолжүгінің келіп жеткені туралы Орындаушы Алушыға ол келіп жеткен күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін хабарлауға міндетті. Тапсырыс берушіні (Алушыны) хабардар етудің жеткілікті әдісіне телефон арқылы хабардар ету жатады. Хабарлама беру фактісінің растауына телефонмен сөйлесудің дыбыстық жазбасы және «ТРАНСЖЕЛДОРНЭТ» корпоративтік бағдарламасындағы хабарлама беруші және хабарлама алған тұлғалардың деректері көрсетілген, оқиға жайлы, хабарламаның күні мен уақыты туралы жазба жатады.

Алушыға ТКЖ-да көрсетілген телефондар бойынша хабарласу мүмкін болмаған жағдайда Орындаушы бұл туралы Жөнелтушіге телефон арқылы хабардар етеді, Орындаушы өзінің бұдан арғы уақыттағы әрекеттері туралы нұсқауларды және Орындаушының өзге байланыс телефондарын сұратады.

3.9.2. Жолжүгін алу үшін Алушы Орындаушыға хабарласып ТКЖ-ның нөмірін айтуы тиіс.

3.9.3. Орындаушы жолжүгін Алушының өкіліне оның қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес ресімделген сенімхатты және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуымен береді.

3.9.4. Жолжүгі төмендегідей құжаттарды ұсынған жағдайда беріледі:



  • Алушы – ТКЖ-да көрсетілген жеке тұлға не Жеке кәсіпкер – жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;

  • Алушы – ТКЖ-да көрсетілген жеке тұлға не Жеке кәсіпкердің (мөртаңбасы жоқ) өкілі – өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және нотариалдық сенімхаттың түпнұсқасы;

  • Алушы – ТКЖ-да көрсетілген жеке тұлға не Жеке кәсіпкердің (мөртаңбасы бар) өкілі – өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және нотариалдық сенімхаттың түпнұсқасы.

  • Алушы – заңды тұлғаның бас директоры – жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және лауазымға тағайындалуы туралы шешім (хаттама). Шешім (хаттама) ұйымның мөртаңбасымен куәландырылуы тиіс.

3.9.5. Жеке басын куәландыратын құжаттар деп келесі құжаттар танылады:

  • ҚР азаматының жеке куәлігі;

  • ҚР азаматының төлқұжаты;

  • төлқұжаты жоқ тұлғалар үшін (шақырту бойынша қызметін өтеп жатқан қызметкерлер) әскери билет;

  • ҚР әскери қызметкерінің жеке куәлігі;

  • елшілік төлқұжат не қызметтік шетелдік төлқұжат;

  • теңізшінің төлқұжаты не теңізшінің жеке куәлігі;

  • Әділет министрлігі органдарымен берілген анықтаманың түпнұсқасы (фотосуретпен), онда төлқұжатының оны жоғалтып алу, қайта ресімдеу не өзге себеппен жоқ екендігі туралы мәлімет беріледі.

3.9.6. Алушы сенімхатта заңнамамен белгіленген қажетті деректемелер көрсетілген деген шартпен кез-келген түрде толтырылған сенімхатты қолданып отыра алады.

3.9.7. Нотариалдық емес, кез келген түрде толтырылған сенімхатта (заңды тұлғаның, мөртаңбасымен ЖК-ның) төмендегідей мәліметтер көрсетілуі тиіс:



  • уәкілетті және уәкіл еткен тұлғаның толық атауы;

  • сенімхаттың берілген күні және оның жарамдылық мерзімі;

  • уәкілетті тұлғаның төлқұжаттық деректері туралы ақпарат – міндетті түрде сериясы, нөмірі, кім берген, берілген күні, төлқұжаты бойынша тіркелген мекенжайы не жеке басын куәландыратын өзге құжат бойынша толық деректемелері;

  • жолжүгін алуға құзырлығы;

  • сенімхатты берген тұлғаның толық аты-жөні көрсетілген қолтаңбасы;

  • мөртаңбаның бедері.

Сенімхатты ресімдеу ережелері туралы толығырақ ақпаратты Орындаушының кеңсесіне, www.jde.kz сайтынан, сондай-ақ 8-727-390-69-09, 8-727-380-42-36 анықтама телефондарынан білуге болады.

3.9.8. Жолжүгін біржолғы алу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2007 жылдың 21 маусымындағы №216 бұйрығына арналған №6 қосымшада көрсетілген 3-1 пішіміндегі сенімхаттардың бланкілерін қолдануға болады.

3.9.9. Жеке басын куәландыратын құжаттың болмауы не жолжүгін алу туралы тиісті түрде толтырылмаған сенімхат Орындаушыға жолжүгін ұсынбау құқығын береді. Бұл жағдайда туындайтын зиянды (қоймада қосымша сақтау, автокөлікпен жеткізу жағдайдагі автокөліктің жүрген жолы және т.б.) Тапсырыс берушінің өтеуі тиіс.

3.9.10. Жолжүгін алған кезде Алушы сенімхаттың түпнұсқасын береді және Орындаушы жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін жасайды, ал техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттардағы деректерді Орындаушы қолмен көшіріп алады.

3.9.11. Жөнелтілген жүк егер Тараптар Келісімшартқа арналған Қосымша келісімде өзгеше шартты келіспесе Алушыға ұсынылған қызметтердің төлемақысы келіп түскеннен кейін беріледі.

3.9.12. Алушы ұсынған құжаттар тексерілгеннен кейін Орындаушы ескертулер болмаған жағдайда Алушыға жолжүгін алуға арнап ТКЖ-ны ұсынады.

3.9.13. Алушы ТКЖ-ны Орындаушының қоймасында ұсынады және Орындаушы келіп жеткен жолжүгін береді. Автокөлікпен жеткізу жағдайда Орындаушы сонымен қатар Алушыға ТКЖ мен жолжүгін береді.

3.9.14. Жолжүгін қабылдау жағдайда Алушы Орындаушымен бірге келіп жеткен жолжүгін тексеріп шығуға, және ескертулер болған жағдайда (ыдыстың күйінің, орын санының, көлемінің, салмағының өзгеруі) жолжүгін қабылдап алуға міндетті, ол туралы ТКЖ-да белгі соғылады.

3.9.15. Егер жолжүгін беру кезінде Алушы ыдыстың күйінің, не орын санының өзгеруін анықтайтын болса, ыдыстың ішіндегі заттар тексеріледі.

3.9.16. Тексеру нәтижелері бойынша акт жасалады, онда келесі деректер көрсетіледі:



  • орамасының күйі;

  • құжаттарда көрсетілген және тексеру жағдайда табылмаған тауарлардың тізімі;

  • жолжүгінің бүлінулер тізімі – бүлінулер болған жағдайда.

3.9.17. Актіге жүргізіліп отырған тексеруге қатысып отырған Тараптардың өкілдері қол қояды. Клиент ұсынған құжаттардың куәландырылған көшірмелері Актінің ажырағыссыз бөлігі болып табылады. Актіге қол қоюдан бас тартуға болмайды. Актінің пішімі мен мазмұнына қатысты келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар онда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.

3.9.18. Жолжүгін Алушыға ішіндегі затқа қол жеткізуді жоққа шығаратын қабы бүлінбеген түрінде және нөмірі ТКЖ-да көрсетілген пломбысы сақталған түрінде ұсынған жағдайда Орындаушы жүктің кем шығуы туралы шағымдарды қабылдамайды және Акт жасалмайды.

3.9.19. Жолжүгін Алушының қоймасына автокөлікпен жеткізу жағдайда Орындаушы соны жеткізу мерзімін келіседі және жолжүгін алу туралы дұрыс толтырылған сенімхат ұсынылған жағдайда оны Алушыға береді.

3.9.20. Орындаушының міндеттері жолжүгі жеткізілу бекетінде Тапсырыс берушіге (Алушыға) берілген сәттен бастап орындалған болып саналады. Жолжүгінің берілу фактісі Тапсырыс берушінің (Алушының) және Орындаушының қолтаңбаларымен расталады.

3.9.21. Жолжүгі келесі орындарда беріледі:


  • Орындаушының қоймасында;

  • Алушының қоймасында не Тапсырыс беруші (Алушы) автоэкспедициялауға тапсырыс берген кезде нұсқаған жерде.

3.9.22. Орындаушының қоймасында жолжүгі қойма жұмыс істеп тұрған кезде беріледі. Қойманың мекенжайы мен оның жұмыс уақытын Орындаушы www.jde.kz сайтында, Орындаушының кеңселеріндегі ақпараттық тақшаларында ақпарат берумен, сондай-ақ Тапсырыс берушінің телефондық сұратулары бойынша хабарлайды.

3.9.23. Орындаушының қоймасындағы тиеу-түсіру жұмыстарын Орындаушы жүргізеді және олар осы Келісімшарт бойынша негізгі қызметтердің бағасына кіреді.

3.9.24. Автоэкспедициялау жағдайда Тапсырыс беруші Орындаушыға көліктік құралдардың келу уақыты туралы хабардар етуі, Орындаушының көліктік құралының қойманың аумағына не өзге жүк түсіру жеріне қатынауын қамтамасыз етуі тиіс.

3.9.25. Алушы Орындаушымен бірлескен түрде келіп жеткен жолжүгін қарап шығып және, ескертулер болмаған жағдайда (ыдыстың күйінің, орын санының, көлемінің, салмағының өзгеруі) жолжүгін қабылдап алуы тиіс, ол туралы ТКЖ-да белгі соғылады.

3.9.26. Жолжүгінде келіп жеткен тауарлардың күйін тексеру қажеттігін тудыратын міндеттемелер болмаған жағдайда жолжүгі Алушыға тексерусіз беріледі.

3.9.27. Егер жолжүгін Алушы жөнелтілімді алғаннан кейін Орындашының қатысуынсыз ашып тексерген болса, ейінгісі сол жолжүгінің сақталуы жауапкершілігінен босатылады.

3.9.28. ТКЖ-да көрсетілген жолжүгінің нақты параметрлері (салмағы, көлемі) сәйкес келмеген жағдайда жолжүгі қайта таразыға тартылады/көлемі өлшенеді В және жөнелтілімнің ресімделген және нақты параметрлерінің арасындағы сәйкессіздіктердің анықталғаны туралы акт жасалады.

3.9.29. Егер тасымалдау құжатында көрсетілген және нақты салмағындағы айырма 5%-дан аспаса –мұндай айырма таразының қателігі шегіндегі елеусіз айырма деп танылады.



3.10. Қоймада сақтау. Жолжүгін ұстап қалу, сату және пайдаға жарату.

3.10.1. Орындаушы қоймасындағы жолжүгін тегін сақтау мерзімі жолжүгін алған жерде белгіленеді. Бұл мерзім Алушы жөнелтілімнің келгені туралы хабарлама алғаннан күннен не жөнелтілім келген күннен бастап (ең кеш мерзімі бойынша есептеледі) 2 (екі) жұмыс күнінен аз болмауы тиіс.

3.10.2. Егер жолжүгінің келгені туралы хабарлама берілген күн не жолжүгінің келген күні демалыс және мейрам күндері алдындағы күнге сәйкес келсе, тегін сақтау мерзімі бірінші жұмыс күнінен бастап есептеледі.

3.10.3. Орындаушы қызметтерінің ақысын соңғы тегін қоймалық сақтау күнінде төлеген жағдайда Алушы жолжүгін келесі жұмыс күні қойма қызметтерінің төлемақысын төлеусіз алуға құқылы.

3.10.4. Жолжүгін жеткізу қызметтері үшін төлемін алмаған Орындаушы төлемін алғанша жолжүгін ұстап отыруға құқылы. Сондай-ақ Орындаушы жолжүгін қоймалық сақтау қызметтерінің ақысы толық төленгенше ұстап отырады (№ 1 Прайс-парақтың 2-бөлімінде және № 3 Прайс-парақтың 2-бөлімінде көрсетілген мерзімдерден арсырып сақтау, соның ішінде егер мұндай сақтау жеткізу және сақтау қызметтері үшін уақытында төленбеуіне орай жүргізілген болса).

3.10.5. Орындаушыға автокөлікпен жеткізу қызметтерін көрсету туралы тапсырма келіп түскен кезде Тапсырма келіп түскен сәттен бастап жеткізу бекетінде қоймалық сақтаудың төлемақысы алынбайды (көрсетілген қызметтер бойынша берешек болмаса).

3.10.6. Алушы ақылы қоймалық қызметтер басталған сәттен бастап 10 күн ішінде жолжүгін алмаса, Орындаушы жолжүгінің келгені туралы Жөнелтушіге (Тапсырыс берушіге) және Алушыға жазбаша хабарлама жібереді.

3.10.7. Егер Жөнелтуші мен Алушыдан ешқандай да жазбаша нұсқау келіп түспесе, аталған жолжүгін (органикалық сақтау мерзімі бар заттар мен тез бүлінетін тауарларды санамағанда) Орындаушы хабарлама жіберген сәттен бастап 60 күнтізбелік күн өткеннен кейін, Орындаушы:



  • Жөнелтушіге кейінгісіның есебінен қайтаруға;

  • Орындаушының қоймасына сақтауға қоюға;

  • сатуға құқылы.

3.10.8. Алушы Орындаушыға байланысты болмайтын себептермен жолжүгін қабылдаудан бас тартқан жағдайда кейінгісі жөнелтілімді Жөнелтуші көрсеткен жаңа мекенжайға (жүкті басқа мекенжай бойынша жіберу) жеткізуге құқылы. Жаңа мекенжайы бойынша жеткізу мүмкін болмаған жағдайда Орындаушы Жөнелтушімен келісім бойынша Жөнелтушінің есебінен жөнелтілімді Жөнелтушіге қайтаруға құқылы. Оны қайтару не басқа мекенжай бойынша жіберу кезінде жөнелтілімді жеткізудің шығындары Жөнелтуші есебінен өтеледі.

3.10.9. Орындаушы құжаттармен бекітілген бағасына байланысты не мұндай құжаттар жоқ болған жағдайда, әдетте салыстырмалы жағдайларда осыған ұқсас тауарлар үшін алынатын баға не сараптамалық бағалау негізінде сатып алу-сату шарты бойынша жүкті сатуға құқылы. Сатылған жөнелтілімнен Орындаушыға түскен қаражат Орындаушыға жолжүгін тасымалдағаны үшін тиесілі болатын төлемдерін, сондай-ақ жолжүгін сатумен байланысты шығындарды шегерумен жолжүгінің иесіне аударылады.

3.10.10. Егер Орындаушыға көліктік құжаттармен танысып шығудың нәтижесінде жүктің иесін анықтай алмаса, ал Жөнелтуші, Алушы не Төлеуші жөнелтілім затына қатысты меншік құқығы туралы мәлімдемесе, меншік иесі Орындаушымен анықталмаған деп есептеледі. Бұл жағдайда Орындаушы ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жөнелтілім иесіне төленуі тиіс ақшалай қаражаттарға иелік жүргізеді.

3.10.11. Орындаушы келесі жағдайлар орын алған кезде жолжүгін пайдаға жаратуға құқылы:



  • Алушы мен Жөнелтушіден жолжүгін пайдаға жаратуға жазбаша тапсырма болған жағайда;

  • Жазбаша хабарлама жіберген (поштаға тапсырған) күннен бастап бір жыл бойы (Ереженің 3.10.6-т. қараңыз) Алушыдан не Жөнелтушіден жазбаша тапсырма алмаған жағдайда не мүлікті сату тиімсіз болған жағдайда.

  • Жолжүгінде анықталға сақтау мерзімі шектеулі заттарға қатысты – жазбаша хабарлама (Ереженің 3.10.6-т. қараңыз) жіберген күннен (поштаға тапсырған) бастап 30 (отыз) тәулік бойы Алушыдан не Жөнелтушіден жазбаша тапсырма алмаған жағдайда.

3.10.12. Жоғарыда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін қандай да бір жазбаша нұсқау болмағанда, Тапсырыс беруші пайдаға жарату туралы тапсырманы ұсынды, ал Орындаушы соны қабылдады деп саналады, бұл жағдайда меншік құқығы Орындаушыға өтпейді.
4. Дауларды реттеу. Актілік-шағымталаптық жұмыс

4.1. Клиентпен (Тапсырыс берушімен) жолжүгін жеткізу міндеттемелерін орындауға қатысты дау туындаған жағдайда оны келіссөздер арқылы шешуге арнап барлық қисынды шаралар қабылдау керек.

4.2. Келісімшарт пен осы Ережелерден туындап отырған шағымталаптар ұсынудан бұрын Орындаушыға міндетті түрде наразылық хаты ұсынылуы тиіс.

4.3. Дау келіссөздер арқылы және кінә шағымталаптық тәртіппен реттелмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде соттың қарауына беріледі.

4.4. Жүкті жеткізу қызметтерінің тиісті емес түрде орындалғаны анықталған жағдайда Акт жасау қажет. Жеткізу мерзімі бұзылған жағдайда Акт жасалмайды, ТКЖ-да жүктің берілген күні көрсетіледі.

4.5. Актілер келесі жағдайларда жасалады:



  • жөнелтілімді жеткізуге арнап беру кезінде Жөнелтушінің жазғыруларының туындауы (мысалы, ЖТЖ орындау кезінде жөнелтілімнің бүлінуі);

  • Орындаушының қоймасында жолжүгін беру кезінде, жолжүгінің жоғалуымен, кем шығуымен не зақымдалуымен (бүлінуімен) байланысты;

  • жолжүгінің көліктік құжатта көрсетілген нақты параметрлеріне сәйкес болмау жағдайы анықталған кезде (Қайта өлшеу актісі).

Акт Тараптардың әрқайсысына арнап бір-бірден 2 данада ресімделеді. Қайта өлшеу акті үш данада жасалады (бір данасы Алушыға беріледі, 2 данасы Орындаушыда қалады).

4.6. Акт шимайсыз, өшірусіз және қандайда бір түзетулерсіз толтырылады және оған Тараптардың уәкілетті тұлғаларының қолдары қойылады.

4.7. Қажет болған жағдайда актіні жасауға сарапшы мамандар тартылады. Жолжүгінің бұзылу сипаты мен себептерін анықтау үшін жолжүгі Орындаушының қоймасында қалдырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қоймада сақталғаны үшін төлем алынбайды.

4.8. Акт ақша қаражатын төлеу үшін тәуелсіз негіздеме болып табылмайды.

4.9. Егер жолжүгін алған кезде ТКЖ-да көрсетілген параметрлер мен жолжүгінң нақты параметрлері (салмақ, көлем) арасында айырмашылықтар байқалған болса, онда:


  • ТКЖ-дағы параметрлері асырып көрсетілген жағдайда Тапсырыс беруші ТКЖ-да көрсетілген параметрлерге сәйкес тасымалдау үшін төленген сома мен нақты параметрлер бойынша есептелген сомалардың айырмасына тең соманы алуға құқылы;

  • ТКЖ-дағы параметрлері азайтып көрсетілген жағдайда Тапсырыс беруші Қайта өлшеу актінде көрсетілген параметрлерге сәйкес үстеме төлем жасайды, одан кейін жолжүгі Алушыға беріледі.

4.10. Егер Тапсырыс беруші (Жөнелтуші, Алушы) Орындаушы көрсеткен қызметке қанағаттанбаса, онда ол шағымталап әзірлеп және оны Орындаушының қарауына бере алады.

4.11. Шағымталапта мыналар қамтылуы тиіс:



  • қызметтердің тиісті түрде орыналмау факиісінің қысқаша сипаттамасы;

  • өздерінің сомасына негіздеме жасаумен залалдарды өтеу туралы талабы;

  • ақшалай қаражатын аударуға арналған деректемелер.

4.12. Шағымталапқа төмендегідей құжаттар қоса беріледі:

  • «ЖДЭ КЗХ» ЖШС-ның ТКЖ-сы;

  • «ЖДЭ КЗХ» ЖШС-мен жасалған Келісімшарт;

  • Жеткізу бекетінде Тараптармен жасалған қызметтердің тиісті түрде орыдалмауы туралы акті. Аталмыш Актіге жеткізу бекетінде Алушының өкілі мен Орындаушының өкілі қол қоюы тиіс;

  • Сатушының шоты және соның ақысының төленгені туралы растау құжаты мен Шағымталапты ұсынушының меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;

  • сатушының Шоты болмаған жағдайда өнімнің құны туралы мәліметтер көрсетілген сатушымен жасасқан Келісімшарт және меншік құқығының басқаға өтуі туралы келісім ұсынылуы мүмкін (не тауарлық чек кассалық чекпен және кіріс кассалық ордерімен бірге);

  • тасымалдауға тапсырылған жүктердің тізілімін растайтын құжаттар. Мұндай құжаттарға тарапқа қосалқы қорды босату рұқсат-жүктелімі (Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы №216 бұйрығына 13-қосымша. 3-8 пішім) не буып-түю парақтары жатады.

4.13. Шағымталапқа қосарланған материалдар белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелер түрінде ұсынылуы тиіс.

4.14. Құжаттардың ресімделген жиынтығы Орындаушыға пошта арқылы жолданады не қолдан қолға табысталады.

4.15. Шағымталапты Орындаушы оны алған күннен бастап 30 тәулік ішінде қарап шығуы тиіс. Қарау нәтижелері бойынша Орындаушы соны ұсынушыға шағымталаптың қанағаттандырылғаны не оны қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабарлауы тиіс. Шағымталап ішінара қанағаттандырылған не одан бас тартылған жағдайда онда Орындаушы өтініш берушіге қабылданған шешімнің себептері туралы хабарлауы тиіс. Шағымданушы жолжүгінің меншік иесі болып табылмаған жағдайда және оның меншік иесінің шағымталапты ұсынуға сенімхаты болмаған жағдайда Орындаушы Шағымталапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

4.16. Шағымталапты ұсыну мерзімі – шағымталапты ұсыну құқығы туындаған күннен бастап алты ай. Орындаушы егер мерзімін кешіктіру себебін ол орынды деп таныса, шағымталапты алты ай өткеннен кейін қарауға қабылдауға құқылы, алайда ол бұлай етуге міндетті емес.


5. Қорытынды ережелер

5.1. Жеткізу қызметін көрсету кезінде Тапсырыс беруші мен Орындаушы өзара телефондық, факсимильді және электронды байланыс арқылы өзара ақпаратпен алмасып отыра алады.

5.2. Қосымша қызметтерді Орындаушы негізгі қызметке (жолжүгін жеткізуге) тапсырыс бергенде ғана ұсынады.

5.3. Тапсырыс беруші (Жөнелтуші) негізгі қызметке тапсырыс беруден бас тартқан жағдайда Орындаушыға соның арқалаған шығындары төленеді (ЖТЖ қызметтері, тор құру және т.б.).

5.4. Орындаушыға арналған барлық өтініштер, ұсыныстар мен нұсқаулар нұсқауда көрсетілген барлық деректер анық оқылады деген шартпен жазбаша түрінде (соның ішінде факсимильді және электронды байланыс құралдарын пайдаланумен) ұсынылуы тиіс. Деректерді анық сәйкестендіре алмаған жағдайда Орындаушы нұсқаудың түпнұсқа түрін сұратуға құқылы. Тапсырыс берушінің телефонограмма түрінде берілген өтінішін Орындаушы қарамайды.

5.5. Жолжүгін жеткізу қызметін көрсету шеңберіндегі хаттардың, өтініштердің, қосымша келісімдердің үлгілері www.jde.kz сайтына жайғастырылған




  1. Тараптардың қолдары

ОРЫНДАУШЫ:

«ЖДЭ КЗХ» ЖШС

Р.М.Раисовтың танытуымен
_________________________________

2012 ж. «____»_____________________



ТАПСЫРЫС БЕРУШІ:

_________________________________________

анытуымен ______________________________
________________________________________

2012ж. «_______»_________________________



2012 ж. «______»___________________

№________________________ Жеткізу қызметін көрсету келісімшартының

2 қосымшасы



(2012ж. «25» маусым № 12 бұйрығымен бекітілген)
Тасымалдау ыдыстарына қойылатын үлгілік талаптар


  1. Жалпы ережелер.

Егер ыдыс Орындаушының талаптарына сай болмаса не бүлінсе не ішіндегі затқа қол жеткізу іздері байқалып отырған болса, Орындаушы жөнелтілімді қабылдау мен жеткізуден бас тартуға құқылы.

Орамасы (қаптамасы) – жөнелтілімді бүлінуден және жоғалудан қорғауды қамтамасыз ететін құрал не құралдар кешені.

Ыдыс – жөнелтілімді салуға арналған бұйым болып келетін орамның негізгі элементі.

Ыдыстардың жіктелуі:

Көліктік – жеке көлік бірлігін құрайтын ыдыс. Тасымалдау және сақтау кезінде жөнелтілімдердің сақталуын қамтамасыз етеді.

Тұтынушы ыдысы – тұтынушыларға өнімдермен бірге түсетін және көліктік ыдыстың міндетін атқармайтын ыдыс.

Берік – динамикалық жүктемелердің әсеріне сезімтал емес ыдыс.

Осал – динамикалық жүктемелердің әсеріне сезімтал ыдыс (жұқа қаңылтыр, пластик, шыны).

Қымталған – конструкциясы газ, бу және сұйықтардың өтпеуін қамтамасыз ыдыс.

Қымталмаған – конструкциясы газ, бу және сұйықтардың өтпеуін қамтамасыз етпейтін ыдыс.
Орындаушы пайдаланатын тасымалдау ыдыстары түрлерінің тізбесі:

  1. Гофраланған картоннан жасалған қораптар.

  2. Ішіндегісі қосымша қорғалған қораптар (ішкі қалқалар, амортизациялық төсемдер, қосымша түбі).

  3. Фанерлі және ағаш жәшіктер, торлама.

  4. Фанерлі және ағаш жәшіктер, амортизациялық төсемдері бар торлама.

  5. Қымталған металл бөшкелер мен флягалар.

  6. Полипропиленнен, тоқылған матадан жасалған қаптар.

  7. Полиэтиленнен, көп қабатты қағаздан жасалған қаптар.

  8. Барабандар, шарғылар.

  9. Орындаушының пломбыланған қаптары.


Орындаушы ыдыста көп қабатты жапсырма қағаздың, қайта жапсыру іздерінің болуын, бүлінуін, ішіндегісіне қол жеткізу іздерінің болуын белгілеуге құқылы.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет