Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық


Техникалық қызмет көрсету құралдары



бет6/74
Дата02.09.2023
өлшемі2.36 Mb.
#476413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Лаб.жұмыс

Техникалық қызмет көрсету құралдары


Кӛлік техникасының ТҚК (техникалық қызмет кӛрсету) және жӛндеу жұмыстары барысында оның тұрып қалу уақыты мен еңбек сыйымдылығын азайтуға және жұмыс сапасын жақсартуға септігін тигізетін әр түрлі құралдар бар. Бұл құралдардың барлығы (құрылғы, құрал, стендтар, жоғары ӛндіруші құрал-жабдық т.б.), стационарлық және жылжымалы болып бӛлінетін ТҚ құралдарын құрайды.
МТП техникалық пайдалану барысында қолданылатын техникалық қызмет кӛрсетудің құралдарына, стационарлық пункттер мен жылжымалы агрегаттар ТҚ, диагностикалық құрылғылар мен стендтар, жылжымалы жӛндеу шеберханалары, механикаландырылған агрегаттар мен машиналарды құю посттары жатады.
Бұл құралдарды белсенді түрде қолдану, құралды пайдаланудың рационалды және техникалық ережелерін, ол құрылғы туралы білімін, пайдалану мен қызмет кӛрсету ережелерін орындау барысында мүмкін болады. ТҚ құралдармен жабдықтауды тағайындау мен құралдардың
сипаттамасы, олардың пайдаланылуы бойынша басшылық пен зауыттық нұсқауларында, сонымен қатар анықтама мен оқу әдебиеттерінде кӛрсетіледі.

Техникалық қызмет көрсету пункттері


Техникалық қызмет кӛрсету пункттері (ТҚП), күрделі қадағалаушы- диагностикалық және түзетуші операцияларды талап ететін ТҚ-ны жүргізуге арналған. Оның құрамына, жаңа ауыл шаруашылық машиналарын құрастыруды, машина-тракторлы агрегаттарын жинауды, машиналарды реттеуді, жаңа немесе ескірген машиналарды жүргізу барысындағы ТҚ, ЕТО, Периодтық ТҚ, маусымдық ТҚ, сақтауға дайындау бойынша жұмыстар, сақтау орнынан шығару, машиналарды пайдалану процесіндегі бас тартулар мен ақауларды жою, сипатталған техниканы ӛңдеуді, ӛз уақытында және еңбекті қорғау талаптарын сапалы түрде орындауға мүмкіндік беретін құру және орнату жұмыстары, сәйкес құрылғылардың, аспаптардың, құралдардың, техникалық құжаттардың, артық детальдар мен материалдардың барлығы кіреді.
Стационарлы ТҚП-де машиналардың шаңдануы мен ластануына, машина элементтерінің техникалық жағдайы мен олардың механизмдерінің реттелуін тексеруге, жылжымалы түйіндерге май жағу, майда ауыстыру, жӛндеу және т.б. жұмыстарды жүргізуге арналған құрылғыларды орнатады. ТҚП құрылысы, қаланың әр түрлі зоналарына арналған ауыл шаруашылық машиналарының құралдарына сәйкес келетін I0, 20, 30 және 40 тракторларына Гидросельхозпром институтымен жасақталған №8I9-I62 [ I ] типтік жобасымен жүргізіледі. Жобалардың негізгі нұсқаларынан басқа I0 және 20 тракторларына екі жазғы нұсқасы қарастырылған.
80-нен астам тракторлары бар шаруашылықтар үшін, стационарлы диагностикалық КИ-5308А КИ–I39I9 жинақтарымен орталықтандырылған жӛндеу шеберханаларымен жабдықтау ұсынылған. Мұнымен қоса ТО-2 және ТО-3 жүргізуге арналған пост жабдықталады. Құралдардың жинағы, тракторларды, дән жинағыш комбайндар мен күрделі ауыл шаруашылық машиналарын диагностикалауға, энергиямен қаныққан тракторлардың ағымдағы жӛндеу жұмыстары мен оны бағалау сапасының талаптарын анықтауға арналған. Құрылғыны орналастыру үшін, ТҚП құрамында ауданы 50-70 м2 болатындай ғимарат болу керек.
Ірі шаруашылықтарда (100 трактордан кӛп шаруашылықтарда), құю жағдайларында және жеке жӛндеу жұмыстарын жұргізу барысында ақауларды табу, жӛндеу үшін, мақсатқа сай МПР-9924типті жӛндеуші- диагностикалық шеберхана болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет