Жеке үй тапсырмасы


Болжамы – шүбәлі, ауыр өткен жағдайда жақсы нәтиже бермейді. Емі



бет7/10
Дата28.03.2023
өлшемі54.01 Kb.
#471280
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жүрек қан тамырлар аурулары

Болжамы – шүбәлі, ауыр өткен жағдайда жақсы нәтиже бермейді.
Емі. Алдымен көңіл басты ауруға бөлінеді. Малға белгілі мерзімде берілетін азық құрамындағы тұз бен судың мөлшерін азайтады. Жүрек қабының қуысындағы жиналған сарысудың көлемін азайту үшін және ары қарай жиналуына жол бермеу мақсатымен ауруға жүректің жұмысын жақсартатын, несеп шығаруды үдететін, терлететін дәрілерді қолданады. Қанға кальций хлориді мен гдюкозаны енгізуге болады. Несепті шығаратын дәрі ретінде аузы арқылы күніне 2-3 рет теобромин немесе темисал береді, мөлшері: ірі қаралар мен жылқыларға 5-10 г., ұсақ мал мен шошқаларға 0,5-2 г., иттерге 0,1-0,2 г. Тері астына ірі қаралар мен жылқыларға 0,5-2 г., ұсақ мал мен шошқаларға 0,2-0,3 г., иттерге 0,5-0,1 г. ауфиллин ерітіндісін енгізеді.
Қанға жаймен 10% кальций хлоридтің ерітіндісін мынадай мөлшерде құяды: ірі қараларға 15-40 г., жылқыларға 10-30 г., ұсақ малға 1-3 г., иттерге 0,5-2 г. Кальций хлоридті аузы арқылы да беруге болады, ірі малға 20-60 г., ұсақ малға 1-6 г., кальций хлоридтің орнына аузы арқылы не қанға кальций глюконатын да, сол мөлшерде, сондай ерітіндісін қолдануға болады.


8

Глюкозаны перикардитте қалай қолданса, бұл ауруда да сол мөлшерде және сондай жолдармен қолданады.


Сақтандыру шараларының мақсаты – жүрек пен қан тамыры ауруларын дер кезінде анықтап, емдік көмек көрсетіп тұру.


Жүрек етінің қабыну аурулары

Миокардит (Myocarditis). Миокардит жүрек бұлшық етінің қабынуы. Миокардиттің мынадай клиникалық түрлерін айырады: барысы бойынша – жіті және созылмалы; аурудың таралуы бойынша – шектелінген және жайылған; пайда болу себептеріне байланысты – босалқы және қосалқы түрлерін.


Себептері. Жүрек етінің қабынуы – көбінесе басқа індетті паразиттік және жұқпайтын ішкі аурулардың асқыну салдарынан пайда болатын қосалқы дерт. Миокардит саңырауқұлақ микробтары тудыратын аурулардың организмді уландыруынан пайда болуы мүмкін (микоз, микотоксимоз). Жұқпайтын аурулардың ішінен тікелей миокардитті асқындыратын аурулар мыналар: жүрек қабының қабынуы, жүректің ішкі қабының қабынуы, плевраның қабынуы, өкпенің қабынуы, азықтармен уланулар.
Дамуы. Жүрек етінің қабыну процесі организмде орын алған негізгі аурулардың қоздырушы микробтары мен вирустарының шығарған уыттарының жүрек етіне әсер етуі зардабынан пайда болады. Аурудың алғашқы кезінде жалқықтану процесі басым болып, жүрек етінің орталықтары домбығады, сонан соң оларда өзгеріс-ұлғаю (альтерация-пролиферация) процестері басталады.
Г.В.Домрачевтің мәліметі бойынша жіті миокардит екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңінде жүрек еттерінде әлі айтарлықтай өзгерістер байқалынбайды, тек қабынудан пайда болған жат және басқа да түрлі уытты заттар миокард рецепторларын (сезімтал нервтерін) қоздырып, жүрек қызметін күшейтіп, жеделдетеді. Жүрек қызметінің тездетілуі артериядағы қысымды күшейтіп, қан айналысын жеделдетеді. Аурудың екінші кезеңінде, жүрек етінің қажуына байланысты миокардтың қоректенуі жеткіліксізденіп – азғындау (дистрофия-дегенерация) басталады да, оның жиырылу қабілеті әлсірейді, артерияда қысым азайып, қан айналысы баяулайды. Осы кезеңде ентігу, көгеру, ісінулер пайда болып, бірінші кезеңдегі аурудың барысы мен салыстырғанда жүрек жұмысының ырғақтығының бұзылғандығы айқынырақ білінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет