Желтоқсан



бет19/22
Дата24.08.2022
өлшемі442 Kb.
#460029
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
серуен қыс - копия

Ақпан
Серуен № 4
Бұлттарды бақылау
Мақсаты:

  • Аспан және оның біздің планетамызға әсері жайлы түсініктерін кеңейту;

  • Аспан әлемінің әсемдігін қабылдауларын дамыту

Бақылау барысы
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

  1. Етек жеңі жиналмай,

Дауыл тұрса дым қалмай.
Түйдектеліп көшеді,
Тоз-тоз болып өшеді.

  1. Көшіп жүріп желменен,

Сеуіп шықты тамшысын,
Қыраттарға шөлдеген.
Күн сайын күн өзендер мен көлдерді, теңіздер мен мұхиттарды қыздырады. Судың ұсақ түйіршіктері аспанға көтеріліп бірігеді де, аспанда бұлт пайда болады. Бұлттағы су түйіршіктері ауыр тартқан кезде, олар жерге жаңбыр болып төгіледі. Бұлттар – шарбы бұлттар және түйдек бұлттар деп аталады. Шарбы бұлттар ашық күндері пайда болады, ал, түйдек бұлттар жауын немесе қар жауарда пайда болады.
Балаларға сұрақтар.

  • Бұлттар қандай болады?

  • Олар қайдан пайда болады?

  • Бұлттар нелерге ұқсайды?

Зерттеу жұмысы Апспаннан атқа немесе түеге ұқсас бұлтты табу. Шарбы бұлттар мен түйдек бұлттарды салыстыру.
Еңбек
Жолдар мен сырғанақтарды қардан тазалау..
Мақсаты: бірлесе жұмыс істеуге үйрету, жұмыс нәтижесіне қуана білу.
Қимылды ойын: «Қар үстіндегі хоккей».
Мақсаты: шайбаны қақпаға домалатуға үйрету.
Жаттығу ойындары Қимылдарын дамыту.
Мақсаты:

  • Сырғанауға үйрету;

  • Сырғанау кезінде отыруға үйрету.



Мақал-мәтел: Мезгіл жетсе мұз ерір.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет