Желтоқсан



бет21/22
Дата24.08.2022
өлшемі442 Kb.
#460029
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
серуен қыс - копия

Зерттеу жұмысы
Ыдыстарға қар толтырып, біреуін көлеңкеге, біреуін күннің астына қою. Серуен аяғында қай ыдыстағы қар төмен түскенін салыстыру
Еңбек
Кіші балалар тобының алаңын қардан тазалауға көмектесу
Мақсаты: достық қарым-қатынаста еңбек етуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Төбешіктен-төбешікке».
Мақсаты: ұзындыққа секіру дағдыларын қалыптастыру
Жаттығу ойындары «Кім жылдам».
Мақсаты:- Жылдам жүкіруге жаттықтыру;

  • Орнында тұрып ұзындыққа секіру техникасын меңгерту.

Халық болжамы: Мұзсүңгі ұзын және жиі болса, көктем ұзақ, ас мол болады.




Ақпан
Серуен №7
Терек ағашын бақылау
Мақсаты:

  • Балалардың ағаштар туралы білімдерін молайту;

  • Ағаштарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Бақылау барысы
Тәрбиеші әңгімелейді:
Адам таза ауамен тыныс алады. Адам демінен шыққан ауа-қайта жұтуға жарамсыз. Біз үнемі таза ауа жұтып жарамсыз етіп отырғандықтан, таза ауа бір жақтан келіп тұрмаса, жер бетінде ауа қалмас еді.
Ал, таза ауа қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Таза ауа ешқайдан келмейді. Айналамыздағы ағаштар біздің демімізден шыққан ауаны жұтып, өзі үшін қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартады. Үйлердің айналасында, көшеде, аулада өсіп, жапырақ жайып тұрған ағаш неғұрлым көп болса, ауа да соғұрлым таза болады.
Таза ауамен тыныс алған адамның дені сау, өмірі ұзақ болады.сол себептен бабаларымыз «Өмір жасыңды ұзартқың келсе ағаш ек» деген.
Ауыл маңы терек,
Терек егу керек.
Әсем биік теректер,
Балаларды өбектер.



  • Теректер қайда көбірек өседі? (қалада.)

  • Қалада тағы басқа қандай ағаштар өседі

  • Ағаштар қалада не үшін керек? (ағаш жапырақтары көмір қышқыл газын өз бойына сіңіріп, таза ауа өңдеп шығарады)

  • Теректің соңғы жапырақтары қашан ұшып түседі? (күз соңында.)

  • Неге ағаш жапырақтары күзде түседі?(себебі қыста ағаштар ылғалды көп жоғалтпас үшін)

Зерттеу жұмысы
Ауладағы ағаштарды қарау. Қай ағаш қалай тұр. (кейбір ағаштар бұтағы сирек, тікесінен сыйдиып тұр. Кей ағаштар бұтақтары қармен төмен иіліп тұр т.б.)
Еңбек
Кіші топ балаларына қар жинауға көмектесу.
Мақсаты: кішкентайларға көмек көрсетуге деген ынталарын арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет