Жетписбаев батыр адамович


Қылмыс жасау құралы мен қаруы



Pdf көрінісі
бет41/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Қылмыс жасау құралы мен қаруы маңыздылығы жағынан қылмыстың жасалу тəсiлiнен кейiн екiншi 
тұрады. Олар iс-əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiне елеулi ықпал ететiн қылмыс 
құрамының элементтерi.
Қылмыстың қаруы мен құралы деп жанды жəне жансыз компоненттердi қолданып кiнəлiнiң қылмыстық-
құқықтық қорғау объектiсiне əсер ету əдiстерiн айтамыз.
Қылмыс құралына мысалы, газ, от, жануарлар, жас өспiрiмдер мен есi дұрыс емес тұлғалар, химиялық 
заттар, арнаулы техникалық құралдар жəне т.б. жатады.
Қылмыстың қаруы – бұл материалдық объектiлерге əсер ететiн заттар. Оларға: атыс қаруы, суық қару, 
құрылғылар қару ретiнде пайдаланатын өзге де заттар жатады.
Қылмыс құралы мен қаруы ҚК мына баптарында мiндеттi белгi ретiнде кездеседi: ҚК 125-бабының 2-
бөлiгi 
″г″ тармағы, ҚК 129-бабының 2-бөлiгi, ҚК 143-бабының 2-бөлiгi.
Əдебиеттер: 
Кудрявцев В.Н. Объективная сторона преступления. М., 1960
Михлин Н.И. Способ совершения преступления и уголовная ответственность. Харьков, 1982 
Землюков С.В. Уголовно-правовые проблемы преступного вреда. Новосибирск, 1991
Тер-Акопов А.А. Бездействие как форма преступного поведения. М., 1980 
Тимейко Г.В. Общее учение об объективной стороне преступления. Ростов-на-Дону, 1977
Кузнецова Н. Ф. Проблемы криминологической детерминации. М., 1984
Панов Н. И. Способ совершения преступления и уголовная ответственность. Харьков, 1982
Церетели Т.В. Причинная связь в уголовном праве. М., 1963


8-тарау. Қылмыстың субъектiсi
§1. Қылмыс субъектiсiнiң түсiнiгi
 
Қылмыстың субъектiсi - қылмыс құрамының мiндеттi элементтерiнiң бiрi. Есi дұрыс, қылмыстық заңда 
белгiленген жасқа толған қылмыс жасаған адамдар ғана қылмыс субъектiсi бола алады.
ҚК-ң Жалпы бөлiмiнде қылмыс субъектiсiнiң белгiлерiн анықтайтын бiрнеше нормалар қарастырылған. 
ҚК-ң 14-бабының 1-бөлiгiне сəйкес 
″есi дұрыс, қылмыстық кодексте белгiленген жасқа толған жеке адам 
ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиiс
″.
Заңшығарушы қылмыс субъектiсiнiң белгiлерiн көрсете отырып, қылмыс субъектiсi ретiнде кез келген 
қылмыс жасаған адам емес, тек қылмыстық жауаптылыққа қабiлеттi, белгiлi бiр қасиеттермен нышандарды 
иемденетiн адамды ғана таниды. Сонда субъектiнiң барлық қасиеттерiнiң iшiнде заңшығарушы адамның 
мемлекетпен қылмыстық құқықтық қатынасқа түсуге жəне қылмыстық жауаптылықты өтеуге қабiлеттi 
екендiгiн куəландыратын қасиеттерiн ғана бөлiп көрсетедi. 
ҚК 14-бабы қылмыс субъектiсiн сипаттайтын негiзгi үш бөлiгiн қарастырады:
1)
жеке адам,
2)
есi дұрыстық;
3)
қылмыстық жауаптылық жасына толу.
Осы үш белгiнiң мiндеттi жиынтығы қылмыс субъектiсiн құрайды, олардың кемiнде бiреуi болмаса 
қылмыстың субъектiсi жоқ, тиiсiнше қылмыс құрамы да жоқ деген сөз. 
Қылмыстық заңда 
″жеке адамды″ қылмыс субъектiсiнiң белгiсi ретiнде көрсету заңшығарушының 
қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеке даралау қағидасын ұстанатындығын бiлдiредi. Сондықтан ҚР 
қылмыстық құқығы бойынша қылмыстық жауаптылық əрқашанда қатаң түрде жеке сипатты иемденедi
яғни жауаптылыққа тек қылмыс жасаған немесе қылмыс жасауға қатысқан жеке адам ғана тартылады. 
Жеке адамдар дегенiмiз - ҚР азаматтары, шетел азаматтары жəне азаматтығы жоқ адамдар.
Қылмыс субъектiсi ретiнде тек жеке адамдарды тану – заңды тұлғалар, яғни мекемелер, кəсiпорындар, 
ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер қылмыс субъектiсi бола алмайды деген мағынаны бiлдiредi, яғни 
ұжымдық жауаптылық қағидасы бойынша қылмыстық жауаптылыққа жол берiлмейдi.
Сонымен, қылмыс субъектiсi болып қылмыс жасау кезiнде өз əрекеттерiн ұғына алатын, оған басшылық 
жасауға мүмкiндiгi бар жəне оның зардаптарының мағынасы мен маңызын түсiнуге қабiлеттi жеке адам 
танылады. Сондықтан, адамның өз iс-əрекеттерiне есеп беру жəне оны басқару қабiлеттерiнiң қылмыстық 
құқықтық мағынасы бар. Адамда мұндай қасиеттер дiң болуы оның есiнiң дұрыстығын бiлдiредi.
Есi дұрыстық - қылмыс субъектiсiнiң мiндеттi белгiсi, адамның кiнəсiн анықтайтын заңдық жəне iс 
жүзiндегi алғышарты.
Есi дұрыстықпен қатар адамның жасы да нақты қылмыс үшiн адамды қылмыс субъектiсi деп танудың 
негiзгi, қажеттi белгiсi болып табылады. Қолданыстағы қылмыстық заңға сəйкес жалпы қылмыстық
жауаптылық туындайтын жас – 16 жас, ал ҚК 15- бабының 2-бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстардың 
түпкiлiктi тiзiмi үшiн –14 жас деп белгiленген.
Қылмыс жасаған адамның есiнiң дұрыс болуы жəне қылмыстық заңмен белгiленген жасқа толуы қылмыс 
субъектiсiнiң жалпы заңдық белгiлерi болып табылады жəне олар барлық қылмыс құрамдары үшiн 
мiндеттi.
Қылмыс субъектiсiн сипаттағанда оның жауаптылығын анықтау жəне оған жаза тағайындау үшiн 
қылмыскер жеке басының белгiлерi маңызды роль атқарады. 
″Қылмыс субъектiсi″ жəне ″қылмыскердiң 
жеке басы
″ бiр бiрiне жақын болғанымен бiрдей емес ұғымдар. Негiзiнен ″қылмыскердiң жеке басы″
криминолог-
гия ғылымында зерттелсе, 
″қылмыс субъектiсi″ қылмыстық құқық ғылымында зерттеледi. Қылмыскердiң 
жеке басы қылмыс субъектiсiне қарағанда кең мағына бередi. Қылмыскердiң жеке басы дегенiмiз -
қылмыскердi жалпы адам ретiнде сипаттайтын барлық əлеуметтiк қасиеттердiң, байланыстардың жəне 
қатынастардың жиынтығы. Оған адамның əлеуметтiк байланыстары (саяси, еңбек, тұрмыстық
отбасындағы жəне т.б.); оның өнегелiк-саяси қасиеттерi (дүниетанымы, сенiмi, құштарлығы); оның 
психологиялық қасиеттерi мен ерекшелiктерi (интеллектi, ерiктiк қасиеттерi, сезiмдiк ерекшелiктерi, 
қызбалығы); оның демографиялық жəне жаратылыс ерекшелiктерi (жынысы, жасы, денсаулық жағдайы); 
оның өмiрбаяны, өмiр тəжiрибесi, бiлiмi, қоғам алдында сiңiрген еңбегi жəне т.б. қасиеттерi кiредi.
Ал 
″қылмыс субъектiсi″ ұғымы осы жоғарыдағы қасиеттердiң iшiнде тек бiр бөлiгiн, есi дұрыстық жəне 
қылмыстық жауапқа тартылу жасына толу белгiлерiн ғана қамтиды.
Қылмыскердiң жеке басының ерекшелiктерi жаза тағайын дағанда, оны жеке даралағанда, қылмыстық 
жауаптылық пен жазадан босату жəне т.б. мəселелердi шешу кезiнде ескерiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет