Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет1/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ



 
Бұғыбай Д. Б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ 
 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы
2006 


МАЗМҰНЫ
 
Алғысөз
1-тарау. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсiнiгi жəне оның 
жүйесi мен мiндеттерi 
2-тарау. Қылмыстық заң 
3-тарау. Қылмыс ұғымы 
4-тарау. Қылмыстық жауаптылық жəне оның негiзi 
5-тарау. Қылмыс құрамы
6-тарау. Қылмыс объектiсi
7-тарау. Қылмыстың объективтiк жағы
8-тарау. Қылмыстың субъектiсi
9-тарау. Қылмыстың субъективтiк жағы
10-тарау. Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлар
11-тарау. Қылмыс жасау сатылары
12-тарау. Қылмысқа қатысу
13-тарау. Қылмыстардың көптiгi
14-тарау. Қылмыстық жауаптылықтан босату
15-тарау. Жазаның түсiнiгi жəне оның мақсаттары
16-тарау.Қылмыстық жазаның жүйесi
17-тарау. Қылмыстық жаза тағайындау
18-тарау. Жазадан босату
19-тарау. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
20-тарау. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары


Алғысөз
 
Алғысөз ретiнде қадiрмендi оқушыға айтарым: күллi Еуропа «қожайының саналатын
Францияның өзiнен үш есе артық ұлан-байтақ жердi мекендеген қазақ халқы өз еңсесiн 
өркениеттi мемлекеттер қатарына көтере бастағанына небəрi бiр онжыл дықтай мерзiм 
өтiптi. «Бiлегiмен бiрдi, бiлiмiмен мыңды жығарң дегендей, егемендi ел болғалы жүрiп 
жатқан көптеген түбегейлi төңкерiс пен өзгерiс шаралардың iшiндегi бiр ерекшесi – бiлiм 
саласындағы реформалар, ал оның ең басты да қиын бағыты - қазақ тiлi тағдыры. Өйткенi, 
көп ұлтты атанатын жұртымыздың жартысы қазақ боп саналса да, сол ұлт өз тiлiнде 
ғылым-бiлiмдi ойдағыдай игермеген. Осы бiр əлеуметтiк қасiрет зардабы əсiресе, қазiргi 
жастарға жоғары мектепте бiлiм беруде айдан анық көрiнедi. Жоғары оқу орындарында 
қазақша бiлiм беру мəселесi iс жүзiнде тек соңғы 4-5 жыл шамасында қолға алынғаны 
белгiлi. Жаңалықты айту жеңiл, iске асыру қиын. Жалпы алғанда жаңаша бiлiм беруде ең 
басты құрал – оқулық болса, оған барлық оқушы-ел зəру, себебi қоғам, ондағы қатынас күрт 
өзгерiп отыр. Ал қазақ тiлiндегi оқулық мəселесi тiптi қиын. Менiңше, қазақша оқулық 
жазушы ғалымдар, мамандар қай бiр асып-тасып жетiскендiктен, бiреу тойып секiрсе, 
олар «тоңыпң секiретiн секiлдi - өз балаларына жаны ашығандық нысаны болса керек. 
Сондықтан осы бiр өмiрге ауадай қажет, əрi сонша күрделi мəселенi шешуге бағытталған 
əрбiр қадам, кiшкентай да болса үлес жылы лебiзбен қабылдануы заңды.
 Шынын айтсақ, бiздiң республикамызда құқық саласындағы бiлiм беру жағдайы мəз емес, 
жетiстiктен гөрi кемiстiгi мол. Оның бiр басты себебi - қазақ тiлiнде жазылған оқулық 
тапшылығы, тiптi қайсыбiр арнаулы пəндерден олар жоқ. Мысалы, университеттердегi 
негiзгi пəндердiң бiрi - Қылмыстық құқық саласында бiр бүтiн (профессор Ағыбаев Арықбай 
Нүсiпəлiұлының толық қылмыстық құқықтың Жалпы жəне Ерекше бөлiмдерi) жарық көрген 
оқулығын ғана атауға болады. 
 Студент қауымға ұсынып отырғаным – жаңа Заңға сəйкес дайындалған жəне Қайнар
университетi 
мен 
Қазақ 
гуманитарлық 
заң 
университетiнде 
оқылып 
жүрген
Республикамыздың Қылмыстық құқық Жалпы бөлiмiнiң барлық тақырыптарын қамтитын 
лекциялар курсы. Мен де «тойғандықтанң секiрiп отырғаным жоқ, жұмыс «шарықтау 
шегiне жеткенң деуден де аулақпын. Тек аз да болса бiлiмге құштар қазақ қыздары мен 
ұлдарына бұл еңбек ептеп себепкер болса, менiң мақсатымның орындалғаны. Сондықтан 
объективтi түрде қандай жұмыста да орын алатын кемiстiк-олқылықтар болса, оларды 
оқушылар сынды да шыншыл көңiлiмен қарап, өз пiкiрiн немесе оны əрi қарай жетiлдiру 
мақсатындағы ұсыныстар жiберсе, мен оларды iзгi ықыласпен қабылдауға əзiрмiн.
 
 Автор




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет