Жылдардағы ашаршылық куәгерлері сөйлейді талдықОРҒАН


Қордың құқықтары мен міндеттері



бет75/76
Дата29.11.2023
өлшемі7.01 Mb.
#484784
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Аштық-Кітап.Нәубет-2. Негізгі (2)

5. Қордың құқықтары мен міндеттері

5.1 Қор өз құқықтары мен міндеттерін басқару органдары арқылы қабылдайды, Қазақстан Республикасының заңдары мен осы жарғыда берілген өкілеттік бойынша құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады.


5.2 Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн Қор төмендегілерді жүзеге асыруға құқылы:
- заңдарда белгiленген тәртiппен банктерде шоттар ашуға;
- мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұйымның толық атауы бар мөрi, мөртабаны және бланкiлерi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген эмблемасы (нышаны) болуына;
- меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оқшауланған мүлкi, сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуға;
- мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иемденiп алуға және жүзеге асыруға;
- егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, басқа заңды тұлғалар құруға;
- филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;
- қауымдастықтар мен одақтарға кiруге, сондай-ақ олардың қызметiне қатысуға;
- жарғыда көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;
- сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
- Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2.Қор:
- Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
- белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге;
- өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап беруге;
- Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болуға
мiндеттi.


6. Қорды басқару құрылымы, тәртібі және құзіреті

6.1 Қорды басқару органдары құрылтай құжаттарына сәйкес мыналар болып табылады:


- жоғары басқару органы қатысушылардың Жалпы жиналысы – Қор қызметiнiң кез келген мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы;
- басқарудың атқарушы органы - Қор директоры - Қордың құрылтай құжаттары мен жоғары басқару органының ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi қоспағанда, Қор қызметiн ағымдағы басқаруды жүзеге асырады, жоғары басқару органына есеп бередi;
- Қордың басқару органы сайлайтын Тексеру комисиясы Қордың қызметіне бақылау жасайды. Қатысушылар Кеңесі Тексеру комиссиясын үш жылға сайлайды.
Комиссия мүшелері төраға мен оның орынбасарын сайлайды. Тексеру комиссиясы қаржы және материалдық қаражаттардың келуіне және жұмсалуына бақылау жасайды. Тексеру комиссиясының отырыстары жылына кем дегенде бір рет өткізіледі. Қордың қызметінің қаржы бөлігіне бақылау жасау Қатысушылар Кеңесінің шешімі бойынша тәуелсіз аудиторлық фирмаға берілуі мүмкін.
Тексеру комиссиясының немесе аудиторлық фирманың жүргізген тексерулерінің нәтижелері Қордың Қатысушылар Кеңесіне бекітуге беріледі.

6.2 Қорды жоғары басқару органының ерекше құзыретiне:


- Қордың құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
- Қорды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және тарату;
- Қордың басқару органдарының құзыретiн, ұйымдық құрылымын, оларды құру және өкiлеттiктерiн тоқтату тәртiбiн айқындау;
- атқарушы органдардың қаржы есептемесiн табыс етуiнiң тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ бақылау органының тексеру жүргiзу тәртiбiн және олардың нәтижелерiн бекiтудi айқындау;
- заң актiлерiнде белгiленген шекте Қордың басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкiлдiктерiн құруы немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау мәселелерi жатады.
Жоғары басқару органының ерекше құзыретiне заң актiлерiне сәйкес Қордың құрылтай құжаттарымен осы Қор қызметiнiң басқа да мәселелерi жатқызылуы мүмкiн.
6.3 Қор өзiнiң жоғары басқару органының мүшелерiне, жоғары басқару органының жұмысына қатысуына тiкелей байланысты шығыстардың өтемiн қоспағанда, өздерiне жүктелген мiндеттердi олардың орындағаны үшiн сыйақы төлеудi жүзеге асыруға құқылы емес.
6.4 Қордың кезекті жалпы жиналысы жылына 1 рет өткізіледі. Қордың кезектен тыс жалпы жиналысы ұйымдастырылуы мүмкін.
6.5 Жалпы жиналыстың өтетіні туралы бірлестіктің қатысушылары жиналыстан үш күннен бұрын хабардар етілуге тиіс.
6.6 Қор қатысушыларының жалпы жиналысы оған Қор қатысушыларының 80 пайызы қатынасқанда құқылы деп саналады. Жиналысқа қатысқан Қор мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берсе, жалпы жиналыстың шешімі қабылданды деп саналады.
6.7 Қордың атқарушы органы - Қор директоры Қордың жоғары басқару органының және тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы басқару органының (Қамқоршылық кеңестiң) шешiмдерi негiзiнде және оларды орындау мақсатында жұмыс iстейдi және соларға есеп бередi. Қор директоры жалпы жиналыстың шешімімен 2 жыл мерзімге сайланады.
6.8 Қор директоры мен мүшелерi Қордың құрылтай құжаттарын, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiн бұза отырып өздерi қабылдаған шешiмдерiнiң салдарынан келтiрiлген шығынның орнын бiрлесе толтыруға мiндеттi. Мұндай шешiм қабылданған кезде қарсы дауыс берген, қалыс қалған немесе отырысқа қатыспаған адамдар шығынның орнын толтыру мiндетiнен босатылады.
6.9 Қордың директоры мен бухгалтерi некеде тұрумен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен байланыспаған бөлек адамдар болуы тиіс. Бiр адамның екi қызметтi қатар iстеуiне болмайды. Директор құрылтай құжаттарының, Қорды басқару органының шешiмдерi негiзiнде Қордың атынан мәмiлелер жасауға құқылы. Қор директорының сотта, мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ ұйымдарда Қордың атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етуге құқығы бар.
6.10 Тексеру комиссиясына есептің туралығы туралы, Қор қызметінің заңға, осы Жарғыға, келісім шарттарға сәйкестігін анықтау функциясы берілген.
6.11 Тексеру комиссиясының құрамына үш мүше кіреді, олар Қор Қатысушыларының жалпы жиналысымен 2 жыл мерзімге сайланады.

7. Қордың мүлкі және қаржысы


7.1 Қорды мүлкі төмендегілерден құралады:


- қатысушылардан түскен түсiмдер;
- ерiктi мүлiктiк жарналар мен қайырмалдықтар;
- заңдарда белгiленген жағдайларда тауарлар сатудан, жұмыстардан, қызмет көрсетуден түскен түсiмдер (кiрiс);
- акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер) бойынша алынған дивидендтер (кiрiстер, сыйақы );
- заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер, заң актілерiне сәйкес, Қордың мүлкін ақшалай және өзге де нысандардағы құрау көздерi болып табылады.
7.2. Қордың мүлкiн, ақшалай нысаннан басқа, заттай және өзге нысандарда құрауға қатысушылардың салымдары барлық қатысушылардың келiсiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiшке тең сомадан асып кетсе, оны бағалауды аудиторлық ұйым растайды.
7.3 Қорға оның қатысушылары берген мүлiк Қордың меншiгi болып табылады.
Қор қатысушыларының Қордың мүлкiне мүлiктiк құқығы жоқ және оларды мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн (3 ай бойы себепсіз жағдаймен мүшелік жарнаны төлемесе, Қорқатысушысы өзінің әрекетімен Қорға немесе оның мүлкіне шығын әкелсе) қатысушылардың жалпы жиналысы Қордан шығаруы мүмкiн.
7.4 Қор екі жылда бір рет мерзiмде қаржы қызметiн тексерудi жүзеге асыруға мiндеттi. Тексерудi тексеру комиссиясы жүзеге асырады.
7.5 Қор жыл сайын ресми басылымдарда өз мүлкiн пайдалану туралы есептi жариялауға мiндеттi.
7.6 Кәсіпкерлік қызметтен түскен пайда қатысушылар арасында бөлінбейді, ол жарғылық мақсатқа жетуге жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет