Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2015 мазмұНЫ



бет8/20
Дата25.02.2016
өлшемі2.2 Mb.
#22215
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Мәдениет

Соңғы жылдары аймақтың мәдениет саласының қызметі бірқалыпты дамуда. 2012-2014 жылдары мәдениет саласына бөлінген қаржы көлемі 11,4 млрд. теңгені құрады. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 14,2% өскені байқалады.

2014 жылдың 1 қаңтарына облыста 765 мемлекеттік мәдениет мекемелері қызмет етуде: 2 облыстық драма театры, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, облыстық камералық оркестр, 403 көпшілік кітапхана, 277 клуб мекемелері, 5 автоклуб, 5 кинотеатр, 46 киноқондырғы, 16 музей, 4 мәдениет және демалыс саябағы, көрме залы, облыстық тарих және археология орталығы, тарихи-мәдени мұраны сақтау мемлекеттік инспекциясы, облыстық халық шығармашылығы орталығы мен жастар шығармашылығы орталығы.

2014 жылы театрлар 455 спектакль қойды, соның ішінде мемлекеттік тілде - 193 (42%). Театр өнеріндегі жаңа қойылымдардың үлесі 3,0% құрады. Есепті мерзімде қазақ драма театры мен А.Островский атындағы драма театр 15 жаңа қойылым қойды.

2012 жылмен салыстырғанда театрларға келушілер саны 4,7 мың көрерменге немесе 6,1% өскен.

Клуб мекемелері 2014 жылы 37278 мәдени-көпшілік шара (фестивальдар, байқаулар, форумдар, акциялар, айтыс, концерт, шығармашылық есеп және т.б) өткізіп, 1612,2 мың адам қамтылды.

2013 жылмен салыстырғанда (36790 мәдени-көпшілік шара, 1572,0 мың адам қамтылған) өткізілген мәдени-көпшілік шаралардың – 488-ге (1%-ға), келушілердің 40,2 мың адамға (2%-ға) өскені байқалады.

2014 жылы кәсіби ұжымдар 195 концерт қойып, 58,9 мың адамды қамтыды. 2012 жылмен салыстырғанда (181 концерт, 58,1 мың көрермен) өткізілген концерт саны - 7,7%-ға, көрермен – 1,5%-ға көбейді.

Облыстағы музейлер 2014 жылы 250 көрме ұйымдастырса, 178 дәріс оқылып, 5563 экскурсия өткізілді. Музейлерге келушілер саны 86 мың адам, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 14,7% артық. Мұражай қорының жаңа жәдігерлермен жаңару үлесі 5,2% құрайды (8,9 мың жәдігер).

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалдары – С.Ғұмаров музейі мен Табиғат және экология музейлерінің экспозициясы 6,2 млн. теңгеге қайта жаңартылып, жалпы сомасы 6,3 млн. теңге құрайтын 302 жәдігер сатып алынды.

Облыс кітапханаларының кітап қоры 5359,7 мың дананы (2012 ж. – 5399,9 мың дана) құраса, соның ішінде қазақ тілінде - 2080,5 мың дана. Кітап қорының жаңару үлесі 2,1% құрайды.

Кітапхананың жалпы оқырмандар саны 307,7 мың, бұл 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,2 мың оқырманға көбейген, келушілер саны – 2721,1 мың оқырман (22,1 мың адамға өскен).

Облыс кітапханаларында 31,2 мың мәдени көпшілік шаралар (семинар, конференция, кәсіби байқаулар, дәріс, дөңгелек үстелдер және т.б.) өткізілген, 2012 жылмен салыстырғанда деңгейі 1,9 есеге көп.

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сирек кездесетін кітап қорынан 372 кітап сандық форматқа аударылды. 2012-2014 жылдарда барлығы 1138 дана кітап сандық форматқа аударылған.

Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2013 жылы мәдениет саласының 7 объектісіне 414,5 млн.теңгеге, оның ішінде облыстың 6 аудандық мәдениет үйі және М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасына күрделі жөндеу жүргізілді.

Теректі ауданының Аңқаты ауылдық мәдениет үйіне жергілікті бюджет есебінен 48,4 млн.теңгеге кешенді күрделі жөндеу жүргізілді.

2013 жылы жергілікті бюджет есебінен Казталов ауданы Жаңажол ауылында ішінде кітапханасы бар Мәдениет үйі салынып пайдалануға берілді.

2014 жылы республикалық бюджеттің трансферттері есебінен «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» шеңберінде 106,1 млн.теңгеге 2 мәдениет нысаны күрделі жөндеуден өткізілді, жергілікті бюджет есебінен 157,9 млн. теңгеге 5 мәдениет нысаны күрделі жөндеуден өткізіліп, Казталов ауданы Бостандық ауылында кітапханасы бар 200 орындық Мәдениет үйі салынып пайдалануға берілді.

2014 жылы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» б.в. компаниясының облыстың әлеуметтік саласының дамуына бөлінетін қаражат көлемінен Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылында кітапханасы бар 200 орындық Мәдениет үйі салынып пайдалануға берілді.

Облыс аумағында 6 мың мәдени және археологиялық ескерткіш тіркелсе, оның ішінде 187-сі монументалды өнер, архитектуралық ескерткіштер болып табылады, олардың 14 республикалық және 173 жергілікті маңызға жатады.



Мәдениет саласы бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары




  • мәдениет мекемелері жүйесі дамуындағы диспропорцияларға байланысты, тұрғындардың мәдениет мекемелерінің қызметіне әркелкі қолжетімділігі;

  • ауылдық мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының төмен деңгейі, ауылдық жерлерде мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі;

  • ауылдық жерлерде типтік Мәдениет үйлерінің салынуының қажеттілігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • ұсынылатын мәдени қызметтің өсуі мен дамуы;

  • кітапхана процестерін автоматтандыру мен ақпараттандыру.




  • мәдениет саласы қызметкерлері жалақысының төмен болуына байланысты, еңбек нарығында мамандандырылған кадрлардың айтарлықтай болмауы;

  • тұрғындардың мәдениет мекемелерінің қызметіне әркелкі қолжетімділігінің артуы.

Облыстағы мәдениет саласындағы негізгі көрсеткіштер өскенімен, тұрғындардың мәдениет мекемелерінің қызметіне әркелкі қолжетімділігі, мәдениет нысандарының салынуы, сонымен қатар өскелең ұрпаққа тарихи-мәдени мұраның тиісті деңгейде насихатталмауы мәселелері шешілмей тұр. Мысалы, 300 тұрғыны бар 56 елді мекенде клуб, 12 елді мекенде кітапханалар жоқ. Жылжымалы мәдениет мекемелерінің және бейнемобилдің (барлығы 5 автоклуб) тапшылығына байланысты шалғайдағы аймақтарды мәдениет қызметімен қамту қиын болып отыр. Облыс тұрғындарына заман талабына сай сапалы мәдени қызмет көрсету үшін мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайының төмендігі (музыкалық аспаптардың, заманауи жабдықтар мен сахналық киімдердің жоқтығы) кері әсер беріп отыр. Облыстық орталық мұражайдың сандық форматқа айналдыратын материалдық жабдықтарының жоқтығына байланысты мұражай қорымен толық танысуға аймақ тұрғындары қол жеткізе алмай отыр.

Облыс кітапханаларының кітап қоры облыстың 1000 тұрғынына шаққанда 194 жаңа кітаптан келеді. Компьютердің тапшы болуы, кітапханалардың интернет желісіне қосылмағандығы ауылдық кітапханаларға (12 аудандық орталықтандырылған және 11 ауылдық кітапханалардан басқа) облыстық және ұлттық кітапханалардың ресурстық желісіне кіруіне шектеу болып отыр. Мәдениет саласының мекемелерінде реставратор, бутафор, бағдарламашылар, шығармашылық көшбасшылар мен жаңа типтегі басқарушы кадрлар мамандары тапшы.

Мәдениет саласының дамуына алдағы уақытта қарастырылатын басты бағыттар:

еңбекке ынтасын, кәсіби табыстарға жетуін қалыптастыратын әлеуметтік бағыттағы ұлттық мәдениет өнімдерінің үлесін көбейту (кино, кітаптар, театралдық қойылымдар, телебағдарламалар);

мәдениет мекемелеріне келушілердің санын арттыру;

аймақтағы тұрғындарды қоғамның дамуына үлес қосуына, әлеуеметтік белсенділік танытуға мәдени-көпшілік шаралар өткізу арқылы тарту.
Дене шынықтыру және спорт

Облыста 61 спорт түрі дамытылады, оның ішінде: 28 олимпиадалық, 16 олимпиадалық емес, 6 ұлттық, 5 техникалық, 4 мүгедектер және 2 басқа спорт түрлері.

Облыс бойынша спорттық ғимараттардың саны 1535 бірлікті құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 21 бірлікке көбейді (2013 ж. – 1524 бірлік, 2012 г. – 1514 бірлік).

Облыста 24 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат, Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі, Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, 3 кәсіби клуб (волейбол, футбол, спорттық ойындар) және аудандарда 7 спорт клубы жұмыс істейді.

2014 жылы спортпен тұрақты шұғылданушылардың жалпы саны 150287 адамды немесе облыс халқы санынан 23,9% құрады. Спортпен шұғылданушылардың саны 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 13,9% өсті (2013 ж. – 138200 адам, 2012 ж. – 132000 адам).

Балалар спорт ұйымдарында спортпен шұғылданушылардың саны 2012 жылдан бері 63 адамға өсіп, 11184 адамды құрады.

2014 жылы 123,1 мың адамның қатысуымен 1555 спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды.

2014 жылы республикалық және халықаралық деңгейдегі 306 жарысқа облыс құрама командаларының 2 698 мүшесі, 139 оқу-жаттығу жиынына 449 спортшы қатысты.

Батысқазақстандық спортшылардың 2014 жылғы жетістіктері:

еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионатында (Астана) және грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында (Тайланд) - 2 «қола» медаль; XXII қысқы Олимпиада ойындарында (Сочи қаласы) ҚР шорт-трек құрама командасында - 5 орын, байдарка мен каноэ есуде - 2 алтын медаль, жазғы Азия ойындарында (Оңтүстік корея, Инчхон қаласында) дзюдодан -1 күміс және 1 қола медаль.

2014 жылы дене шынықтыру және спорт саласына 3,7 млрд. теңге бағытталды немесе 2012 жылдың деңгейінен 19,4%-ға көп.

2014 жылы Орал қаласында Теннис кешені және Деркөл кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа тапсырылды. Сырым ауданының Қосарал ауылында, Казталов ауданының Жалпақтал ауылында демеушілердің есебінен спорт алаңдары салынды. «Ат спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК күрделі жөндеуден өтті.



Спортты дамытудағы SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • облыстың қолайлы географиялық жағдайы;

  • спорттың бұқаралық сипат алуы, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың спортпен қамтылуы;

  • спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары санының тұрақты өсуі;

  • ұлттық спорт түрлерінің серпінді дамуы;

  • спортшылар мен бапкерлерді халықаралық спорттық аренадағы жоғары жетістіктері үшін материалдық ынталандыру шаралары.

  • жаттықтырушылық жұмыстың төмен жалақысына байланысты, жоғары білікті мамандардың басқа салаларға кетуі;

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жабдықталған арнайы спорт ғимараттарының жоқтығы;

  • мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктері қалыптастырылмаған;

  • мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру мекемелерінің спорттық материалдық-техникалық базаларының осалдығы;

  • нормативтік-құқықтық базаның нашар қамтамасыз етілуі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • дене шынықтыру мен спорт саласында мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту;

  • материалдық-техникалық базаны нығайту;

  • дене шынықтыру және спортпен белсенді шұғылданатын адамдардың үлесін арттыру;

  • Ресей Федерациясының көршілес облыстарының спортшыларымен жолдастық кездесулер, біріншіліктер өткізу.

  • компьютерлік ойындар сынды ойын-сауық түрлерімен салыстырғанда дене шынықтыру мен спорттың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі;

  • перспективаның болмауына байланысты, спорттық резерв пен жоғары білікті мамандардың кетуі.

Спорттың бұқаралық сипатын арттыру, дене шынықтыру мен спорттың аясын кеңейту мақсатында алынған шараларға қарамастан, ауылдық жерлердегі спорт ұйымдарының желісін дамыту, спорт ұйымдарын (мектептер, клубтар) материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың спортпен шұғылдануы үшін қолайлы жағдай жасау және мүгедек-спортшылар үшін арнайы клуб ашу проблемалық мәселелер болып отыр.

Кәсіби кадрлардың тапшылығы, спорт кешендерінің жетіспеушілігі, дене шынықтыру мен спорт саласының жеткіліксіз қаржыландырылуы бұқаралық спортты дамытуда үлкен қиындықтар туғызып отыр.

Бар факторлық жағдайларды бағалау мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру, оқу орындарындағы оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесі, тұрғындар арасындағы дене шынықтыру-бұқаралық қозғалысы, мүгедектердің дене дайындығы мен спорты, спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау, дене шынықтыру мен спортты насихаттау бойынша шаралар алынғанын көрсетіп отыр.

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бірқатар ішкі факторлар, негізінен әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді. Спорттық ғимараттардың тапшылығы мен жеткіліксіз қаржыландыруы спорттың дамуына ықпал ететін ішкі фактор болып табылады.
Туризм

Облыс экономикасы дамуының перспективалық бағыттарының бірі, бірегей географиялық орналасуы, жайлы табиғи-климаттық жағдайлары, қызмет көрсету мен демалу саласының базалық инфрақұрылымы, мол тарихи-мәдени мұрасы бар жоғары әлеуетті туристік сала болып табылады.

27-кесте

Туризмнің даму көрсеткіштерінің динамикасы


Көрсеткіштердің атауы

2012 ж.


2013 ж.


2014 ж.


Нысандар саны (бірлік)

51

43

48

Қызмет көрсетілген келушілер саны, (мың адам)

49656

71032

72 930

Оның ішінде










резиденттер (ішкі)

41 958

57 791

61 117

резидент еместер (сырттан келушілер)

7 698

13 241

11 813

Бөлмелер саны

1 292

1 447

1 490

Бір жолғы сыйымдылық

2 303

2 632

2 738

Төсек-тәулік беру (мың. теңге)

151 543

223 994

318 123

Толтырылу коэффиценті ( %)

18,0

23,3

34,9

Орналастыру нысандарымен жалпы көрсетілген қызмет көлемі, млн. теңге

1287,0

1317,9

1465,8

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі мен ішкі туризмнің келушілер саны 1,5 есе артты.

2014 жылы келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны 48 бірлікті құрады, онда бір жолғы сыйымдылығы 2738 төсек-тәулік құрайтын 1490 бөлме бар. Олар 72930 адамға қызмет көрсетті және көрсетілген қызметтер сомасы 1465,8 млн. теңгені құрады. Орналастыру орындары қызметтерінің көлемі (мейрамхана қызметін қоспағанда) 2012 жылмен салыстырғанда 13,9% көбейді.

Ішкі туризм мен сырттан келу туризмінің артуы 2013 жылға келеді (2012 жылмен салыстырғанда 37,7% және 5,6% артық), бұл 2013 жылы облыста Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерімен, жақын және алыс шет елдерінің қатысуымен өткізілген халықаралық іс-шаралар санының көптігіне байланысты.

2013 жылы орналастыру орындарымен қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлердің қызметтерін тоқтатуға байланысты орналастыру нысандары 8 бірлікке азайды.

Жұмыс істеп тұрған қонақ үйлердің бөлмелерін қайта жаңарту және жаңадан пайдалануға беру есебінен бөлмелер саны 155 бірлікке көбейді.

2014 жылы қызмет көрсетілген келушілердің үлес салмағы ҚР бойынша жалпы қызмет көрсетілген келушілердің санынан ішкі туризм бойынша (резиденттер) 2% құрады, сырттан келу туризмі бойынша (резидент емес) 1,7 % құрады.
28- кесте

Ішкі және сырттан келу туризм

адам



 

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

ҚР

БҚО

ҚР

БҚО

ҚР

БҚО

Ішкі туризм (резиденттер)*

2507005

41958

2721710

57791

3129876

61117

Сырттан келу туризм (резиденттер емес)*

519 222

7 698

586 038

13 241

679 018

11 813

* келушілерді орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді қосқанда
Ішкі туризмнің дамуы қолда бар туристік әлеует туралы жарнамалық-ақпараттық өнімді дайындау арқылы іске асырылады.

2014 жылы келесі іс-шаралар өткізілді: Дүниежүзілік туризм күніне орайластырылған білім саласы қызметкерлерінің туристік слеті, «Қазақстан мен Ресей халықтарының ынтымақтастығы мен көршілігінің тарихи аспектілері» атты Ресей-Қазақстандық тарихи-мәдени Форумы және Жайық өзені бойымен XVIII тарихи-мәдени, экологиялық және спорттық экспедициясы; «Экология арқылы туризмді дамыту: дәстүр, қазіргі заман, инновациялар» атты қолөнер шеберлерінің Фестиваль-жәрмеңкесі.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысын түсіндіріп тарату мақсатында қатысқан халықаралық туристік іс-шаралар: Стамбул қаласында «EMITT» Халықаралық туристік көрмесі, Түркия; «Туризм және саяхат» KITF 14-і Қазақстандық Халықаралық көрмесі; «Аstana Leisure 2014» халықаралық туристік көрмесі; World Travel Market 2014 Дүниежүзілік туристік көрмесі, Лондон қаласы; Қазақстандық-Британдық форум, Манчестер қаласы.

Туризм бойынша SWOT- талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • облыстың бірегей табиғи жағдайы және мәдени-тарихи көрікті жерлері;

  • орналастыру орындарының оң динамикалық дамуы;

  • балалар және жасөспірімдер туризмінің дамуы.




  • дестинацияның әлсіз менеджменті;

  • жаңадан іске қосылған, қолданыстағы туристік нысандарға және бағыттарға сыртқы инфраструктураның болмауы;

  • сараланбаған туристік қызметтер;

  • туристік қызметтер сапасының төмендігі;

  • аумақтың туристік әлеуетінің жеткіліксіз жарнамалануы;

  • туризм субъектілерін үйлестірудің әлсіздігі;

  • жоғарғы баға саясаты.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • жаңа жұмыс орындарының ашылуы, соның ішінде ауылдық аймақтарда;

  • экологиялық, мәдени, этнотуризмнің даму мүмкіндіктері;

  • шетел инвесторларын тарту;

  • балалар және жасөспірімдер туризмінің дамуы;

  • ЭКСПО 2017 шараларына қатысу;

  • Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел-Үлкен Жанұя» туристік жобасына қатысу;

  • саладағы аумақтық ынтымақтастықтың дамуы.

  • инвестициялық белсенділіктің төмен деңгейі;

  • өнеркәсіптік қалдықтар себебінен экологиялық жағдайдың нашарлауы;

  • халықаралық макроэкономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты ішкі және сырттан келу туризмі көлемінің қысқаруы.



Саланы дамытудағы проблемалар:

Туристік орналастыру нысандарының бір бөлігінің тозуы;

Туристік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы;

Туристік өнімдерді әртараптандыру бойынша жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларының жеткіліксіздігі;

Саланың кәсіби кадрларын дайындау деңгейінің жеткіліксіздігі;

Туристік қызмет көрсету сапасы деңгейінің төмендігі;

Негізгі туристік нысандарға қол жетімділіктің төменділігі, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін;

Негізгі туристік өнімдері бағасы деңгейінің жоғарылығы.

Бюджеттік шығыстардың шектеулігі.


Үштілділікті дамыту

Облыстағы тіл саясаты Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде тілдік ортаны дамытуға, сонымен қатар аумақтың лингвистикалық капиталын дамытуға бағытталған.

2012-2014 жылдары тілді дамытуға 190 922,0 млн. теңге бөлінді.

Еркін және тегін мемлекеттік тілді үйрену үшін жыл сайын тілді оқыту курстары ұйымдастырылады. Курста 2013 жылы - 855, 2014 жылы 800 адам қамтылды (2012 ж. – 850).

Оқыту процесі мемлекеттік стандарттарға, мемлекеттік тұжырымдама мен келісілген оқу бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырылды, оқу үдерісінде оқытудың жаңа технологиялары мен инновациялық әдістері қолданылды.

Сонымен қатар, облысымызда ресми түрде қазақ тілімен қатар орыс тілі де қолданылады, ағылшын тілін үйренуге барлық жағдайлар жасалған.

Облысымыздағы мемлекеттік органдарға жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша есепті жылы құжатайналымдағы мемлекеттік тілдің үлесі 2012 жылы - 99,4%, 2013 жылы - 99,6%, 2014 жылы 99,7% құрады.

Білім беру саласында мемлекеттік тілдің қолданылуында да оң тенденция байқалады. 2015 жылы 468 мектепке дейінгі ұйымдардың 394 өз жұмысын мемлекеттік тілде жүргізеді (84%), ал 2013 жылы 184-ден – 146 (79,6%).

389 мемлекеттік күндізгі мектептердің 236-нда оқу қазақ тілінде жүргізіледі, бұл көрсеткіш 60,6% құрайды. 94 мектепте қазақ және орыс тілдерінде оқытатын кластар бар.

Облысымызда тұратын өзге ұлыстардың тілдері мен мәдениетін насихаттау мақсатында тілдер фестивалін өткізу дәстүрге айналды.

БАҚ-та мемлекеттік тіл саясатын орыс тілінде насихаттау, тіл саясаты жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру, мемлекеттік тілді дамыту және қолданыс аясын кеңейту мақсатында жергілікті ТДК-42 телеарнасынан «Язык – зеркало нации» айдарымен 50 орыс тіліндегі, «Ана тілі - бала тілі», «Тіл - парасат көрсеткіші» айдарларымен 24 балалар мен жасөспірімдерге арналған танымдық-тағылымдық бағдарламалар жұртшылық назарына ұсынылды.

Облыстық деңгейде мәнерлеп оқу және орыс жастары арасында тіл біліктілігі байқаулары, мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында олимпиадалар, мемлекеттік тілді техника тіліне айналдыру мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі.

БАҚ-та мемлекеттік тіл саясатына қатысты жарияланған мақалалар саны 2011 жылы - 113, 2012 жылы – 97, 2013 жылы – 105-ті, 2014 жылы – 116-ны құрады.

Облыс деңгейіндегі мемлекеттік тілдегі БАҚ-тың саны 2014 жылы 30 немесе барлық БАҚ-тың 43% құрады (2013 ж. – 17,1%), орыс және қазақ тіліндегі БАҚ-тың саны – 23 немесе 34% (2013 ж. – 58,4%), орыс тіліндегісі – 16 немесе 23% (2013 ж. – 13,9%).

Жалпы облыс азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі 70% құрайды (2013ж. – 67%). Облыстың мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындарының үлесі жыл сайын өткізілетін әлеуметтік зерттеулермен анықталады. Облыс тұрғындарына мемлекеттік тілді оқыту жұмыстары 2004 жылдан басталған болатын. Күні бүгінге дейін мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарында 10 848 ҚР азаматы оқытылды.

Облысымызда 2013-2015 жылдары аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізілді. 2013-2014 жылдары 3502 бюджеттік сала қызметкерлері, түрлі компаниялар өкілдері, мемлекеттік қызметшілер тестілеуге қатысты. 2015 жылы тестілеу сынағына қатысқан 895 адамның 313-і тестілеуге сертификаттық тестілеуден өтті. Бұл жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын таба береді.

Ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру және «Тілдердің үштұғырлығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2009 жылдан бері тегін ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылып келеді. Осы күнге дейін 3044 адам оқыды. 2014 жылы 762 тыңдаушы оқытылып, сертификаттарға ие болды. 2015 жылы 660 тыңдаушы қамтылып отыр. Келесі жылдарда ағылшын тілі курсына қамтылатын тыңдаушылар санын арттыру жоспарланып отыр.

«Тілдердің үштұғырлығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын «Тіл шебері», «Тіл - парасат», «Тіл – татулық тірегі», «Тіл – халық жанын танудың кілті» байқаулары өткізіліп келеді. Мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдерінің арасында «Абай оқулары» байқауы жыл сайын өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет