Жылы салынған бекініс. Семей (Семипалатинск)



бет2/3
Дата24.02.2016
өлшемі375.49 Kb.
#16256
1   2   3

216. Кенесарыны және оның Қоқан бектеріне қарсы күресін барынша қолдаған батырлар. Тайшыбек, Саурық, Сұраншы.

217. Қырғыз манаптары Кенесарының Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі ұсынысын: Жауапсыз қалдырды.

218. Кенесары қаза тапты: 1847 жылы.

219. Кенесарының қолы қырғыздардан жеңілген жер. 1847 жылы.Майтөбе.

220. Бөкей Ордасы құрылған жыл. 1801 жыл.

221. Бөкей Ордасының территориясы. Еділ мен Жайық аралығы.

222. ХІХ ғасырдағы Кіші жүздің алып жатқан территориясы. 850000 мың шақырым.

223. 1801 жылы 11 наурызда Жайық пен Еділ өзенінің төменгі ағысында Кіші жүз қазақтарының көшіп-қонуына рұқсат берген император. І Павел.

224. Патша үкіметінің Кіші жүз руларыныдағы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдеткен шешімі. Жайық пен Еділ арасында қайта қоныстануға рұқсат беруі.

225. Бөкей Ордасының патша үкіметінің қаржысына хан сарайын салған жер. Жасқұс.

226. Бөкей ордасында «Хандық кеңес» ұйымдастырылды: 1827 жылы.

227. Бөкей Ордасында 1827 жылы ұйымдастырылған «Хандық кеңестің» құрамына кірген билер саны. 12 би.

228. Бөкей Ордасында 1827 жылы ұйымдастырылды: «Хандық кеңес».

229. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісіне түрткі болған жағдай. 1833 жылы Жәңгір хан қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий өңіріне билеуші етіп тағайындауы.

230. 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы көтеріліс: Үш кезеңге бөлінді.

231. 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші. Қазақ шаруалары.

232. Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша Исатайдың жала жабылып сотқа тартылған жылдары: 1817-1823 жылдар.

233. 1837 жылғы қазан айының 15-інде Исатай мен Махамбеттің қолы Теректіқұм деген жерде ауылын ойрандаған Жәңгірдің сыбайласы. Балқы Құдайбергенұлы.

234. 1837 жылы қазан айының аяғында ханның резиденциясын қоршаған Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер саны. Екі мың.

235. 1837 жылы қазан айының аяғында саны екі мыңға жеткен Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер қоршады: Ханның резиденциясын.

236. 700 казак әскерінен, 400-ден астам хан-сұлтан жасақтарынан құралған жазалаушылар Исатай қолына қарсы тұрды: 1837 жылы қараша айының 9-ы.

237. Патша үкіметінің Исатайды ұстап тірідей әкелген адамға берілетін сыйы. 1000 сом.

238. Патша үкіметінің Исатай көтерілісін басу қажеттігін тездеткен жағдай. Кенесары көтерілісінің Кіші жүз жерін шарпуы.

239. Исатай Тайманұлы қаза тапты: 1838 жылы.

240. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің жеңілген жер. Ақбұлақ.

241. Исатай Тайманұлы қаза тапқан жер. Ақбұлақ.

242. 1838 жылы Ақбұлақ деген жерде шайқаста казактар қылышпен шауып, атып өлтірді: Исатайды.

243. Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі ордадағы шаруалар көтерілісі болды: 1836-1838 жылдары.

244. Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі ордадағы шаруалар көтерілісі болды: ХІХ ғасырдың І жартысында.

245. 1836-1838 жылдардағы Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару тапсырылды: Гекеге.

246. Исатай көтерілісінен кейін Ішкі Ордададағы 1842 жылғы шаруалар көтерілісін басқарды: Аббас Қошайұлы, Лаубай Мантайұлы.

247. Махамбет Өтемісұлы өлтірілді: 1846 жылы.

248. ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы Сыр бойындағы қазақ шаруаларының азаттық күресінің басшысы. Жанқожа Нұрмұхамедұлы.

249. 1843 жылы халықтың қолдауымен Жанқожа батыр құлатқан бекініс. Хиуа бекінісі.

250. Жанқожа батыр бастаған Сыр бойындағы шаруалар көтерілісінің ошағы. Жаңақала.

251. Райым (Қазалы) бекінісі салынды: 1847 жылы.

252. Райым бекінісінің қазіргі атауы. Қазалы.

253. ХІХ ғасырдағы Жанқожа көтерілісі жаншылды: 1860 жылы.

254. ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы Арал бойындағы көтерілістің жетекшісі. Есет Көтібарұлы.

255. Орынбор әкімшілігі Есет Көтібарұлын ұстауды жүктеді: Арыстан Жантөринге.

256. 1855 жылы 8 шілдеде Есет тобы күтпеген жерден шабуыл жасап сұлтанды және сыбайластарын қырып салды: Жантөрин лагеріне.

257. 1858 жылы жазалаушылардың қыспағымен Есет батыр көтерілісті тоқтатып: Орынборға барып патша билігін мойындады.

258. 1858 жылғы Қоқан езгісінде қарсы ең ірі көтеріліс болды: Әулиеата маңында.

259. 1858 жылғы қоқандықтар сәтсіздікке ұшыраған шайқас. Пішпек түбіндегі ұрыс.

260. 1858 жылғы халық қозғалысының тегеуірінен сескенген қазақ феодалдары: Қоқан билеушілерімен ымыраға барды.

261. Қоқан ханы Худияр қазақ федалдарын қабылдап: Ішінара жеңілдіктерге келісім берді.

262. 1858 жылғы қазақ шаруаларының Қоқан езгісіне азаттық күресінің тарихи маңызы. Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруінің алғышарты пісіп-жетілді.

263. 1805-1806 жылдары Ресей үкіметі осы елмен қатынасты ретке келтіруге ұмтылды. Қытаймен.

264. 1805-1806 жылдары Ресей елшісі Ю.А.Головкин елшілігі осы елге жіберілмей жолдан қайтарылды: Қытай.

265. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланысының ірі орталықтары. Семей, Петропавл қалалары.

266. Орта жүздің найман руының сұлтаны Құдайменді Қытаймен сауданы тұрақтандыру үшін және сауда керуендерін аттандырып тұруға рұқсат алу мақсатында өзі ұлы Ғабдолланы Петербургке жіберді. Жәміш бекінісінен Қытайға дейін.

267. ХІХ ғасырдың басында қытай көпестерінің жиі сауда жасайтын орталықтарының бірі. Бұқтырма.

268. ХІХ ғасырдың басынан Петропавл, Семей арқылы Қытайға баратын саудагерлерді қорғау жүктелді: Қарулы казактарға.

269. ХІХ ғасырдың басында Ресей үкіметінің Шыңжаң жәрмеңкелеріне апарып сататын негізгі тауарлары. Өнеркәсіптік дайын бұйымдар.

270. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үкіметінің Тибетпен Қазақстан арқылы байланыс орнату бастамасын іске асыруға тырысқан: Г.И.Глазенап.

271. Ресейлік бұйымдарды сатып «Үлкен Тибетке» алғаш рет жеткен грузин көпесі. Семен Мадатов.

272. Кашмиеде болып, Ресейде кең таралған 250 кашмир шәлісін тұңғыш рет Қазақстанға жеткізген грузин көпесі. Семен Мадатов.

273. Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін Қытай-Ресей сауда керуендеріне баж салығы көбейтілді: ХІХ ғасыдың 30-жылдары.

274. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресей мен Қытайдың арасындағы сауда байланыстарына кедергі болған жағдай. Мемлекетаралық келісімдердің жоқтығы.

275. Хиуа ханы Мұхаммед Рақымның қазақ қоныстарына зардабы жойқын болған, екі мыңға жуық ауылды қаңыратқан шайқас болған жыл. 1820 жыл.

276. 1820 жылы Хиуа ханы Мұхаммед Рақым қазақ қоныстарына шабуыл жасап, қаңыратып кеткен ауыл саны. Екі мыңға жуық.

277. 1821 жылғы Орта Азия хандықтарының озбырлығына қарсы азаттық қозғалыстың басшысы. Тентектөре.

278. 1821 жылғы Тентектөре бастаған қозғалыстың сипаты. Азаттық.

279. 1821 жылғы Тентектөре бастаған қозғалыстағы көтерілісшілер саны. 10 мың.

280. Қазақтар менқырғыздардың ХІХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Түркістан, Шымкен, Сайрам, Әулиеата және Пішпек маңындағы шайқасы бағытталды: Қоқан үстемдігіне қарсы.

281. 1817 жылы Сүйік сұлтан Абылайханұлының мәлімдемесі. Өзі қарамағындағы рулармен Ресей құрамына кіру.

282. 1817 жылы Сүйік Абылайханұлы бастаған 66 мың қазағы бар Ресей құрамына кірген ру. Жалайыр.

283. ХІХ ғасырда Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында салынған Ресей әскери бекіністері. Ақтау, Алатау, Қапал.

284. Патша үкіметі Қазақстанда саяси бағыттағы бірқатар әскери шараларды іске асырды: ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары.

285. Ресейдің сыртқы істер министрлігі жанындағы «Азия комитетінің» құрылған уақыты. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары.

286. 1825 жылы жаңа әкімшілік билікті мойындап, өзі жерлерінен сыртқы окрук ашуға келісім білдірген Жетісудағы 50 мың адамы бар болыс. Үйсін.

287. Қапал бекінісі салынды: 1847 жылы.

288. Ұлы жүзді басқару жөніндегі ресейлік пристав тағайындалған жыл. 1848 жыл.

289. 1848 жылы Ұлы жүзге тағайындалған ресейлік билік. Пристав.

290. Ресейдің экономикалық және саяси мүдделеріне орай алдымен көз тіккен аймақтар. Жетісу және Іле өңірі.

291. Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын біраз уақытқа дейін билігінде ұстады: Қоқан хандығы.

292. Ұлы жүз жеріндегі Қоқан хандығының тірегі болған бекініс. Таушүбек.

293. Ресей үкіметіне Таушүбек бекінісі қантөгіссөз берілді: 1851 жылы 7 шілде.

294. 1853 жылы Ресейдің қоластына қараған бекініс. Ақмешіт.

295. 1853 жылы Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінен Іле бекінісін тұрғызды: М.Д.Перемышельский отряды.

296. Верный бекінісінің негізі қаланды: 1854 жылы.

297. Верный бекінісін тұрғызған отряд. М.Д.Перемышельский отряды.

298. Верный бекінісі салынған жердің ертедегі атауы. Алматы.

299. Ұлы жүз приставы резиденциясының Қапалдан Верныйға көшкен жыл. 1855 жыл.

300. Верныйға қоныстанушылар әсіресе көп болған Ресей губерниясы: Воронеж.

301. Верныйда сыра зауыты іске қосылды: 1858 жылы.

302. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Верныйда тұрған ғалым. Ш.Уәлиханов.

303. 1860 жылы болған Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы. Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті.

304. 1860 жылғы жылғы Ресей әскерімен Қоқан хандығының арасындағы шайқаста: Қазақ феодалдары екіге бөлінді.

305. 1860 жылы Ресей әскеріне қарсы қоқандықтармен бірге шайқасқан: Кенесарының баласы Сыздық сұлтан бастаған топтар.

306. 1860 жылы орыс әскерлері мен Қоқан әскерінің арасында үш күндік шайқас болған жер. Ұзынағаш.

307. Ұзынағаш жеріндегі орыс әскерлерінінің Қоқан әскерін жеңген шайқас болған уақыт. 1860 жылы қазан айының 19-21 күндері.

308. ХІХ ғасырдың 50-жылдарының аяғы, 60-жылдардың басында Орта Азия үшін талас болды: Ресей мен Англия арасында.

309. 1864 жылы Ресей үкіметінің Қоқан хандығына қарсы жіберген әскері басып алған бекініс. Түркістан.

310. 1865 жылы орыс әскерлері басып алған қала. Ташкент.

311. Орыс әскерлері Бұхар хандығының жеріне басып кірді: 1866 жылы.

312. 1866 жылы орыс әскерлерінің басып алуы нәтижесінде Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді: Бұхар хандығы.

313. 1868 жылы келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты бірқатар жер, Қоқанға тәуелді қазақ жерлері бағындырылды: Түркістан генерал-губернаторлығына.

314. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі XVIII ғасырда басталып: Бір жарым ғасырға созылды.

315. ХІХ ғасырдың бас кезінде медреселерде оқытылған тіл. Араб тілі.

316. ХІХ ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын жіберді: Бұхар мен Ташкентке.

317. Қазақ жерінде тілмаштар дайындайтын Азиялық училище ашылды: 1789 жылы.

318. 1813 жылы омбыда, 1825 жылы Орынборда ашылған әскери училищелер негізінен айналысты: Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер даярлаумен.

319. Орынбордағы әскери училище 1844 жылы қайта құрылды: Неплюев кадет корпусы.

320. 1844 жылы Орынборда ашылған оқу орны: Неплюев кадет корпусы.

321. 1831 жылы қыркүйек айының 18-і күні орысша білім беретін училище ашылды: Семей қаласында.

322. Қазақтар үшін интернаты бар Өскемен училищесі ашылды: 1836 жылы.

323. В.И.Дальдың Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын сипаттаған шығармасы. «Бөкей мен Мәулен» повесі.

324. Қазақ жерінде болған А.С.Пушкин шығармашылығына арқау болған көтерліс. 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысы.

325. А.С.Пушкиннің Орынборда (Қазақстанда) болған жыл. 1833 жыл.

326. А.С.Пушкиннің Орынбор жерінде болғанда қазақтардың шаруалар соғысына қатысқаны туралы жазған еңбегі. «Пугачев бүлігінің тарихы».

327. А.С.Пушкиннің Орал жерінде танысқан поэмасы. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».

328. 1848-1849 жылдары Каспий теңізіне жасаған экспедицияны басқарды: Г.С.Карелин.

329. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстан туралы құнды еңбек жазды: А.Левшин.

330. Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары. 1804-1846 жылдар.

331. Махамбетті Жәңгір хан өзі Зұлқарнайынмен қосып оқуға жібереді: Орынборға.

332. Махамбеттің Орынборда тұрған жылдары: 1824-1829 жылдар.

333. Махамбеттің шаруалар толқынына қатысқаны үшін қапаста отыран жыл. 1829 жыл.

334. Халық мүддесіне мейілінше берілген Махамбет өлеңдеріндегі негізгі тақырып. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі.

335. Махамбеттің Бөкей Ордасы билеушілеріне өшпенділігін ашық білдірген өлеңі. Баймағамбет сұлтанға арнаған өлеңі.

336. Шернияз Жарылғасұлының әдебиет саласына қосқан үлкен жаңалығы: Суырыпсалмалық өнерді жетілдірді.

337. Жастайынан екі көзінен айырылған, ХІХ ғасырда өмір сүрген ірі эпик ақын. Шөже Қаржаубайұлы.

338. «Қозы Көрпеш Баян сұлу» ең көркем нұсқасы тараған. Шөженің айтуымен.

339. Шөже Қаржаубайұлының суырыпсалма өнерін жоғары бағалаған: Ш.Уәлиханов.

340. Шөженің айтуымен тараған жыр. «Қозы Көрпеш Баян сұлу».

341. Сүйінбай Аронұлы өмір сүрді: 1822-1895 жылдары.

342. Сүйінбай Аронұлы дүниеге келген жер. Қаракәстек.

343. Қазақтарды басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков бастаған комиссия құрылды: ХІХ ғасырдың 60-жылдары.

344. ХІХ ғасырдың 60-жылдары құрылған И.И.Бутков бастаған комиссия қазақ даласын : Батыс және Шығыс екі облысқа бөлуді ұсынды.

345. 1865 жылы Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау жүктелді: Гирс басқарған «Дала комиссиясына».

346. 1865 жылы 5 маусымда Қазақ өлкесін зерттеп білу мәселелерін дайындауға әмір берді: ІІ Александр патша.

347. Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару неізінде қайта құруды талап еткен ғалым. Ш.Уәлиханов.

348. ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті: 1867 жылы 11 шілде.

349. ІІ Александр патша «Орынбор және Батыс Сібіргенерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті: 1868 жылы 21 қазан.

350. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері әкімшілік жағынан бөлінді: Үш генерал-губернаторлыққа.

352. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері құрамына кірген генерал-губернаторлықтар. Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтар.

354. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Орынбор генерал-губернаторлығына қараған облыстар. Орынбор және Торғай облыстары.

355. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қараған облыстар. Ақмола, Семей облыстары.

356. 1867-1868 жылдардағы реформа негізінде 1872 жылдан Бөкей хандығының жері қарады: Астрахан губерниясына.

357. 1867-1868 жылдардағы реформа негізінде Маңғыстау приставтығы кейіннен бағындырылған облыс. Закаспий облысы.

358. 1867-1868 жылдардағы реформа генерал-губернатордың қолында шоғырланған билік. Әскери және азаматтық билік.

359. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қытай және Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілген генерал-губернаторлық. Түркістан генерал-губернаторлығы.

360. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына дипломатиялық келіссөздер жасауға рұқсат етілген елдер: Қытай, Иран.

361. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша облыс басында тұрды. Әскери губернатор.

362. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әскери губернатор жанындағы облыстық басқармалар үшке бөлінді: Шаруашылық, сот істері және жарлықты жүзеге асыру.

363. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша облыстар бөлінді: Уездерге.

364. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша уезд бастықтарын тағайындап отырды: Генерал-губернаторлар.

365. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша бір ауылдағы шаңырақ саны. 100-200 шаңырақ.

366. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша салықтардан босатылып, өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілді: Шыңғыс тұқымы – сұлтандар.

367. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша елді мекендерді басқару билігі ақсақалдарға берілген облыс. Сырдария.

368. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша сырдария облысында елді мекендерді басқару билігі берілді: Ақсақалдарға.

369. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазылар соты сақталған облыс. Сырдария.

370. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Сырдария облысында сақталған сот. Қазылар сот.

371. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстандағы сот жүйесінің ең төменгі буыны. Билер мен қазылар соты.

372. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны билер мен қазылар сотын бекітті: Әскери губернатор.

373. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы 1868-1869 жылдардағы азаттық күрес өткен облыстар. Орал, Торғай облыстары.

374. 1868-1869 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша енгізілген салық түрі. Шаңырақ салығы.

375. 1868-1869 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша енгізілген шаңырақ салығының көлемі. 1 сомнан 3 сомға дейін.

376. 1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ереженің» көшпенділер үшін ауыртпалығы. Жерді патша үкіметінің меншігі деп жариялауы.

377. 1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы халық қозғалысын басқарғандар. Жеңілдіктерінен айырылған рубасылар.

378. 1869 жылы мамырдың 6-ы күні пон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскеріне 20 мыңға жуық көтерілісшілер шабуыл жасаған жер. Жамансай көлі маңы.

379. 1869 жылдың наурыз, маусым айларында Орал, Торғай облыстарында жалпы саны 3 мың болған көтерілісшілердің феодалдық топтарға қарсы шабуыл жасады: 41 рет.

380. 1869 жылы наурыз, маусым айларында Орал, Торғай облыстарында феодалдық топтарға қарсы шабуылға қатысқан көтерілісшілер саны: 3 мың.

381. 1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша 40 мың шаңырақтан тұратын адай руының екі жыл ішінде төлеуге тиіс салық мөлшері. 160 мың сом.

382. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің басшылары: Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.

383. 1870 жылы Бозащы түбегінде болған жазалаушылар мен көтерілісшілер арасындағы шайқаста: Жазалаушылар талқандалып, Рукин атылып өлді.

384. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін әскери құрама әкелінді: Кавказдан.

385. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілісті басу кезінде көтерілісшілер жайында «бұларды келістіріп жазалау керек» деп нұсқау берген әскери министр. Милютин.

386. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісін басқан кезінде жазалаушылардан ығысып Хиуа хандығына өтіп кеткендер саны. 3000-ға жуық шаңырақ.

387. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің жеңілу себебі. Адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархалдық құбылыстың күшін жоймауы.

388. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің басты ерекшелігі. Көтеріліске қазақ жалдама жұмысшыларының қатысуы.

389. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі басылғаннан кейін соғыс шығыны ретінде адайлықтар өкіметке: 90 мың қой өткізуге міндеттелді.

390. Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту басталған уақыт. ХІХ ғасырдың 60-жылдардың ортасы.

391. Жетісу облысының губернаторы Г.А.Колпаковскийдің ұсынысына сай «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» жаңа Ереже қабылданды: 1868 жылы.

392. 1868 жылы қабылданған «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже бойынша жан басына берілетін жер көлемі. 30 десятина.

393. 1883 жылғы жаңа ереже бойынша қазақ жеріне қоныстанушы орыс шаруалары салық пен міндеткерліктен босатылды: Үш жылға.

394. 1891 жылғы «Ереже» бойынша жан басына берілетін 15 десятина жер берілетін болып шешілді: Бұрын қоныстанған шаруаларға.

395. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылар көп шоғырланған өңір. Жетісу өлкесі.

396. ХІХ ғасырдағы қоныстандыру саясаты қамтыған облыс. Сырдария.

397. Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде 1884-1892 жылдар аралығында орыс, украин шаруалары құрған қоныстар саны. 37.

398. Қазақ жеріне капиталистік қарым-қатынастар тарала бастаған уақыт. ХІХ ғасырдың ортасы.

399. ХІХ ғаысрда қазақтар арасында отырықшылықтың кең таралуына себеп болған жағдай. Орыс, украин шаруаларын көптеп қоныстандыру.

400. ХІХ ғасырда Ресей Мемлекеттік банк бөлімшелері ашылған қалалар. Орал, Петропавл, Семей, Омбы, Верный.

401. 1832 жылы қазақ жерінде тұңғыш жәрмеңке ашылды: Бөкей (Ішкі) ордасында.

402. Бөкей ордасында қазақ жеріндегі тұңғыш жәрмеңке ашылған жыл. 1832 жыл.

403. ХІХ ғасырдағы Қазақстан аудандарындағы жәрмеңкенің басты дамыған өңірі. Ақмола облысы.

404. 1848 жылы Қарқара уезінде ірі жәрмеңке ашылған жер. Талды-Қоянды.

405. ХІХ ғасырдағы Қазақстанның Ресеймен саудасындағы негізгі тауар. Мал.

406. ХІХ ғасырдың соңындағы (1897 жылғы санақ) Қазақстандағы халық көп қоныстанған ірі қалалар. Орал, Верный.

407. 1851 жылға дейін Ресей мен Цин империясы арсындағы сауда-экономикалық байланыс тек төмендегі қала арқылы жүзеге асырылды: Кяхта.

408. Ресей мен Қытай үкіметінің арасында Құлжа келісіміне қол қойылды: 1851 жылы шілде айының 25-і.

409. 1855 жылдан бастап Қазақстан мен Шыңжаң арасындағы байланыстың уақытша тоқтау себебі. Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті тұрғындардың тонауы.

410. қазақстан арқылы дамыған орыс-қытай сауда байланыстарының біршама құлдырап кеткен кез. ХІХ ғасырдың 60-жылдарының екініші жартысы.

411. 1881 жылы ақпан айында Ресей мен Қытай арасында қол қойылған келісім. Петербург шарты.

412. Ресей мен Қытайдың Қазақстан арқылы сауда байланысына кең жол ашқан келісім. Петербург шарты.

413. ХІХ ғасырдағы Іле су жолының соңғы нүктесі. Сүйдін бекінісі.

414. 1882 жылы Англиядан кеме алдырып, Іле су жолымен тұңғыш рет жүрген көпес. Вали Ахун Юлдашев.

415. 1883 жылы мамыр айының 4-інде Вали Ахун Юлдашевтің астық тиеген кемесі жеткен Қытай бекінісі. Сүйдін бекінісі.

416. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс-қытай қарым-қатынасындағы белді оқиға. Іле су жолының ашылуы.

417. ХІХ ғасырда Қытаймен саудада белді орын алған Жетісудағы жәрмеңке. Қарқара.

418. 1890 жылы маусым айында Шыңжаңмен сауданы ұйымдастыру үшін құрылған сауда округі. Семей сауда округі.

419. Сібір темір жолы іске қосылды: 1894 жылы.

420. Қазақстанның Қытаймен саудасын жаңа сатыға көтерген Сібір темір жолы іске қосылды: 1894 жылы.

421. ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қабылданған «Ережелерді» заңдастыру созылды: Жиырма жылдан артық уақытқа.

422. 1886 жылы маусым айының 2-күні бекітілген Ереже. «Түркістан өлкесін басқару және жер-салық өзгерістерін енгізу туралы».

423. 1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесіне кірген облыстар. Сырдария, Ферғана және Самарқан.

424. 1891 жылғы Ереже бойынша Дала генерал-губернаторлығының құрамына кірген облыстар. Ақмола, Семей және Жетісу.

425. 1891 жылғы Ережеге сай Дала генерал-губернаторлығының орталығы. Омбы қаласы.

426. 1886-1891 жылғы «Ережеге» сай мұсылман тұрғындарының ісін жүргізетін ең төменгі сот буыны. «Халық соты».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет