ЖҰмыс бағдарламасы балалар хирургиясы пән бойынша


«Келісілген» «Бекітілген»



бет10/24
Дата15.06.2016
өлшемі2.7 Mb.
#137676
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24


«Келісілген» «Бекітілген»

ОӘЖ бойынша проректоры Педиатрия және балалар хирургиясы

м.ғ.д. Анартаева М.У. кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д., проф.Қарабеков А.Қ.

___________________ ____________________

«_____» __________2012ж. «_____» ___________2012ж.



Дәрігер-интерн балалар хирургтардың Мемлекеттік қорытынды аттестациясына арналған объективтік құрылымдық клиникалық емтиханын жүргізу

ӘДІСІ
Әдістемелік нұсқау

Шымкент, 2012 ж

Кафедра мәжілісінде қаралған және бекітілген


№___ хаттама «___» ___________ 2012ж.

Кафедра меңгерушісі,м.ғ.д., профессор Карабеков А.К.


Интернатура Кеңесінің мәжілісінде қаралған және бекітілген


№ _____ хаттама «_____»_____________2012ж.

Интернатура кеңесінің төрағасы, доцент Досыбаев Б.Қ.


Орталық әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралған және бекітілген
№ _____ хаттама «_____»_____________2012ж.

ОӘК төрайымы, м.ғ.д. Анартаева М.У.




Кіріспе

Дәрігерлердің компетенттілігі әлемдік деңгейде сенімділік пен қолайлылығы жоғарғы дәрежелі инновациялық әдіс - объективтік құрылымдық клиникалық емтихан тапсырумен бағаланады.

Диплом алған дәрігерлер медициналық жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін он айлық интернатураны өтеді. Оқу соңында жылдық аттестация тапсырады. Аттестация кезінде дәрігер-интерн-педиатрлардың тәжірибелік дағдыларының деңгейін объективтік құрылымдық клиникалық емтиханның нәтижелерінен бағалайды.

Аттестация ОҚКЕ технологиясы бойынша 10 кезең өткізіледі:



1-кезең - Тік ішекті саусақпен тексеру;

2- кезең - Өкпе-жүрек реанимациясы

3- кезең - R-сурет пен компьютерлі томограмманы қорытындылау

4- кезең - Жараның біріншілік хирургиялық өңдеуі

5- кезең - Сифонды клизма

6- кезең - Сыртқы қан кетуді тоқтату

7- кезең - Тізе буының пункциясы

8- кезең - Плевралдық пункция

9- кезең - Дем алу ақауы синдромы бар нәрестеге шұғыл көмек көрсету

10- кезең -Асқазанды жуу.
Дәрігер-интерн-балалар хирургі келесі құралдар мен муляждарда тәжірибелік дағдыларын көрсетуі керек, олар: PEDI BLUE денесінің моделі, зондпен асқазанды жуу, плевра қуысына, тізе буына пункция жасау. Жұмсақ тіндердегі жара моделіне біріншілік хирургиялық өңдеуіді жасау, сифонды клизманы жасау ӨЖЖ арналған құралдар (Эйр жүйесі, оттекті бетперде, коннектор, қатты өткізгіш), сорғыш, асқазан зонды, фонендоскоп, дефибриллятор, ларингоскоп , рентгенологиялық суреттер және т.б.

ОҚКЕ кезінде орындалған қызмет нақты әрқадамдық және кезеңлы болады. Әр кезеңда максималды 10 баллмен бағаланып, 7 минут уақытта жүргізіледі.



Емтихан тапсырушының манипуляцияларды өткізу қабілетіне байланысты 0 ден 4-ке дейінгі баллмен бағаланады.

Мақсаты: ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды бағалау және басқаруды қамтамасыз ету.


Кезеңлар мен дағдылар тізімі



Кезеңлардың атауы

Балл бойынша бағасы (максим)

Минут бойынша уақыт

1.

Тік ішекті саусақпен тексеру

10

7′

2.

Өкпе-жүрек реанимациясы

10

7′

3.

R-сурет пен компьютерлі томограмманы қорытындылау

10

7′

4.

Жараның біріншілік хирургиялық өңдеуі

10

7′

5.

Сифонды клизма

10

7′

6.

Сыртқы қан кетуді тоқтату

10

7′

7.

Тізе буының пункциясы

10

7′

8.

Плевралдық пункция

10

7′

9.

Дем алу ақауы синдромы бар нәрестеге шұғыл көмек көрсету

10

7′

10.

Асқазанды жуу

10

7′




Б а р л ы ғ ы :

100

70′



Дәрігер-интерн-балалар хирургінің білімін балл-рейтинг бойынша бағалау жүйесі

Әріптік жүйесі бойынша баға

Баллдың сандық эквиваленті

Б аллдың %-құрамы

Дәстүрлі жүйесі бойынша баға

А

4,0

57-60

Өте жақсы

А-

3,67

54-56

B+

3,33

51-53

Жақсы

B

3,0

48-50

B-

2,67

45-47

C+

2,33

42-44

Қанағаттанарлық

C

2,0

39-41

C-

1,67

36-38

D+

1,33

33-35

D

1,0

30-32

F

0

0-29

Қанағаттансыз


Қорытынды аттестацияда ДӘРІГЕР-интерн балаЛАР хирургІНің тестілеу мен ОҚКЕ бағаларының шарттары


Баллдар

%

Бағасы

90-100

18-20

Өте жақсы

75-89

16-17,9

Жақсы

50-74

10-15

Қанағаттанарлық

0-49

0-9

Қанағаттанарлықсыз


1 кезең
ТІК ІШЕКТІ САУСАҚПЕН ТЕКСЕРУ

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: интерндерді төмендегі келтірілген, яғни тік ішекті саусақпен тексеру әдісін тәжірибелік дағдыларды бағалау.




Қадамдарды бағалау

критерийлері


Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындалған жоқ

1.

Наукас баланы не ата-анасын тексерумен танысгырып, түсіндіріледі.

1,0

0,5

0

2.

Тексеру жүргізуге кажетгі құрал-жабдықтардың дайындығы тексеріледі.

1,0

0,5

0

3.

Баланы аркасына жатқызып, екі аяғын аздап бугіп ішіне қарай тартадьі да, осылай ұсталынып тұрады.

1,0

0,5

0

4.

Хирург қолына резина қолғап киіледі.

1,0

0,5

0

5.

Сұқ саусақ вазелин майымен майланады.

1,0

0,5

0

6.

Хирург сұқ саусағын баланың анальдық тесігіне ақырындап енгізеді.

1,0

0,5

0

7.

Сұқ саусақ ұшымен тік ішектің алдыңғы қабырғасындағы ауырсыну аныкталады.

1,0

0,5

0

8.

Ақырындап сұқ саусактың соңғы фалангасымен тік ішектің оң жак кабырғасын тексеріп, ауырсынуды анықтау.

1,0

0,5

0

9.

Тік ішектің күмбезін тексеру.

1,0

0,5

0

10.

Сұқ саусақпен тік ішектегі паталогиялық түзілістер бар-жоғын текссру, саусакты тік ішектен шығарып, саусақтағы жабысқан түзілістерді анықтау.

1,0

0,5

0




Максимальді балл


10,0

5,0

0

Кезең бойынша максимальды балл – 10


Тапсырма орындауға берілген уақыт 7 минут


2 кезең
Өкпе-жүрек реанимациясы

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: интерндерді өкпе-жүрек реанимациясын тәжірибе жүзінде көрсетуін бағалау.




Қадамдарды бағалау

критерийлері


Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындалған жоқ

1.

Клиникалық өлімнің диагностикасының әдістері мен белгілерін атап өтті:

  • Қан аймалымының болмауы – ұйқы артериясын пальпацияланған кезде пультің болмауы, жүрек ұшы проекциясы аймағын аускультацияланғанда жүрек тондарының естілмеуі;

  • өздігінен тыныс алудың болмауы - мұрын немесе ауыз аймағына жақындалған жіпше немесе шаштың тербелесінің болмауы;

  • қарашықтарының жарыққа реакциясының болмауы және кеңеюі- қан айналымы тоқталған соң 40-60 минуттан кейін дамитын ми гипоксиясы белгілері

естің болмауы және толық арефлексия

1

0,5

0

2.

Реанимациялық іс-шараның басталған уақытын анықтады және көмек шақырды

1

0,5

0

3.

Мынандай жағдайларда: тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалай қалпына келтіру керектігі жөнінде айтты (саусақпен, катетермен, кез-келген сорғыш құрылғымен тазалау)

  • суға кеткенде (перевернуть пострадавшего),

  • бөгде дененің болуында ( Геймлих әдісі және т.б.),

көмей ісінуінде (коникотомия, трахеостомия)

1

0,5

0

4.

Науқасты қалай дұрыс жатқызу керектігін көрсетті: қатты тегіс беткейге нуқастың аяғын горизонтальды деңгейден 60°, ал басын — 20° жоғары көтеріп (венозды қанның жүрекке қайтуын күшейтеді және көктамырда қанның жинақталуын азайтады), көкірек клеткасын киімдерден босатты.

1

0,5

0

5.

Тілдің артқа кетуінің алдын алу үшін Сафардың үштік әдісін қолданды:

а) науқастың басын шалқайту

б) науқастың аузын ашу

в) төмеңгі жақты жоғары және алға көтеру, төмеңгі күрек тістер үстіндегіден жоғары болуы керек



1

0,5

0

6.

«Ауызбен ауызға», «ауызбен мұрынға», Амбу қапшығы көмегімен өкпені жасанды желдету әдістерін дұрыс жүргізді. Нәрестелерде дем алатын ауа көлемі ауыз қуысы көлеміне сәйкес, үлкен балаларда – жастарына сайкес (5-6 жас – 200 мл, 10 жас – 400 мл).

1

0,5

0

7.

Жүрекке тікелей емес массажды дұрыс жүргізді: бір қолдың екі саусағымен (сұқ саусақ және ортаңғы) немесе екі қолдын баспармақтармен баланың көкірек клеткасын алақанмен ұстап, төсті 2-3 см дейін иіледі. Соққы жеткілікті түрде кенеттен және жеткілікті түрде ұзақ (ұақыттын 60%). Ритмі және жиілігі усталып турады (100-120 рет минутына).

2

1

0

8.

Өкпені жасанды желдету және жүрекке тікелей емес массажды бір уақытта жүргізудің оптималды қарым-қатынасын атап және жариялады, егер құтқарушы екеу болса 1:5, егер құтқарушы біреу болса 2:15 қатынасында болады

1

0,5

0

9.

Өткізілген іс-шаралардың әсерін бағалады:

  • төс компрессиясы кезінде ұйқы артериясында пульс толқынының пайда болуы;

  • көкірек клеткасының экскурсиясының адекваттылығы және тері жабындыларының түсінің жақсаруы;

қарашықтың тарылуы және жарыққа реакциясының пайда болуы

1

0,5

0




Максимальді балл


10,0

5,0

0

Кезең бойынша максимальды балл – 10

Тапсырма орындауға берілген уақыт 7 минут



3 кезең
Рентген, компьютерлік томограмма суреттерін қорытындылау
Емтихан қабылдаушыға мәлімет: интерндерді іс - тәжірибе жүзінде рентген суретерін, КТ интерпретациялауын бағалау.




Қадамдарды бағалау

критерийлері


Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындалған жоқ

1.

Интерн рентеген суретін,КТ көру барсысында, қай мүше екендігін дұрыс анықтады.

3

1,5

0

2.

Рентген, КТ суретіндегі өзгерістерді дұрыс талдай білді.

3

1,5

0

3.

Дұрыс адекватты диагностикалық қорытынды жасады.


4

2,0

0




Максимальді балл


10,0

5,0

0

Кезең бойынша максимальды балл – 10


Тапсырма орындауға берілген уақыт 7 минут.

4 кезең
Алғашқы хирургиялық өндеу

Емтихан қабылдаушыға мәлімет: интерндерді төмендегі келтірілген, яғни жұмсақ тіндердің жарасында алғашқы хирургиялық өңдеуді және терілік тігіс салу мен оны шешудегі тәжірибелік дағдыларды бағалау.




Қадамдарды бағалау

критерийлері


Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындалған жоқ

1.

Жұмсақ тіндердің зақымдалуында дәрігер тактикасы, оның жарақаты мен түрлеріне байланысты дұрыс екенін. Ең алдымен зақымдалудың түріне байланысты ескеруі. Тіндердің зақымдалуында езілген, мыжылған тіндерді алып тастау дұрыс деп есептелінеді.

1

0,5

0

2.

Жарадарды тігу қабылданған ереже бойынша жүргізіледі:

  • Жарақат алғаннан 6 сағатан 12 сағат ралығында тігістің алғашқы тартусынусыз дренажды түтікше қойылады;

  • 12 - 24 сағат аралығында – жара шеттерін кесіп- өңдеу, жараға біріншілік тігіс пен дренажды түтікше қойылады.

  • Жарақат алғаннан 24 сағаттан соң – жараны кесу, емді ашық әдіспен жүргізу жалғасады.

1

0,5


0

3.

Жараға кейінгі қалдырылған немесе екіншілік тігісті таңдауды дұрыс болжау:

  • жараны алғашқы өңдеудің 4-5 күннен соң қабыну белгілері байқалмаса біріншілік тігіс салынады;

  • Қабыну процесін тоқтатқаннан және грануляция пайда болғаннан кейін екіншілік тігіс салынады.

1


0,5


0

4.

Теріні тігу және құрал-саймандарды дұрыс таңдай білу. Ине ұстағышпен инені дұрыс ұстау (кесуші) және оған жіпті ілу.

1

0,5

0

5.

Жара шетіне 0,5 – 1 см қашықтықта және нақты перпендикулярлы бір сызық бойымен инемен жараны тігу. (ұқыпты қарау, жара шеттерін бірдей қабатта орнына келтіру). Тігістің арақашықтығын оптимальді сақтау (1,5 – 2 см). Төменде жатқан тіндерді теріге қарағанда «массивті» түрде инемен тігу.

1


0,5


0




Максимальді балл


10,0

5,0

0


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет